Тілдік бірліктер:
Басында:
|
Соңында:
|
Құрметті
Қадірлі
Аса қадірлі
Қымбатты
Сүйікті
|
Шын жүректен
Ізгі тілекпен
Шынайы көңілмен
Ізгі ниетпен
Тілек білдіруші
|
Есте сақтаңыз!
Сізді
|
Тәуелсіздік күнімен Жаңа жыл мерекесімен Республика күнімен
Халықаралық әйелдер күнімен Фирманың құрылғанына 2 жыл толуымен
55 жылдық мерейтойыңызбен
|
құттықтаймын!
|
🗈 1-үлгі. Ресми
Құттықтаухат!
Құрметті Мөлдір Мұхтарқызы!
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі сізді кандидаттық диссертация қорғауыңызбен шын жүректен құттықтайды.
Біз сізді білікті маман, тәжірибелі заңгер ретінде зор құрмет тұтамыз. Ұжымда істеген 15 жыл ішінде сіз заң кеңесшісі қызметінен бөлім бастығы қызметіне дейін көтерілдіңіз, жас мамандарды даярлауға үлес қостыңыз. Қазақстандағы қаржы және экономика мәселелері бойынша байыпты еңбектер жарияладыңыз.
Құрметті Мөлдір Мұхтарқызы, әріптестеріңіз сізді кандидаттық дәрежеге жеткен жетістігіңізбен құттықтайды. Сізге еңбекте табыс, отбасыңыздың амандығын тілейді.
Шынайы ниетпен: әріптестеріңіз.
Алматы қаласы,
11 қараша 2009 жыл
|
🗈 2-үлгі. Ресми
Құттықтаухат!
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор Қалиев Қайрат Қалиұлына
Қадірлі Қайрат Қалиұлы!
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ұжымы атынан сізді 70 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз.
Сіздің қазақ тіл білімінің қалыптасып дамуына қосқан үлесіңіз ерекше. Сізге еңбекте табыс, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілейміз! Ғұмырыңыз ұзақ болсын!
Ізгі ниетпен,
Қазақ филологиясы кафедрасының ұжымы
|
🗈 3-үлгі. Бейресми
Құттықтаухат!
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Далақайнар ауылында тұратын біріміздің асқар таудай ағамыз, енді біріміздің ізетті ініміз, ұлағатты ұстаз, өнегелі отбасы Әбілхан Тоқтыбековты ердің жасы 50-ге келген мерейтойымен ақкөңіл, шын жүректен құттықтаймыз!
Зайыбыңыз Сәуле апай екеуіңіздің отбасыларыңыз әрдайым аман болып, мәпелеп өсіріп отырған ұл-қыздарыңыздың қызығын көріңіздер.
Ағамызға алдағы өмірде мықты денсаулық, қажымас қайрат, мол- мол жақсылықтар мен қуаныштар тілейміз.
Ізгі ниетпен, бауырлары
|
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
🗈 4-үлгі. Ресми
Құттықтаухат!
Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Мұхтар Әлиұлына
Қадірлі Мұхтар Әлиұлы!
Қ.А. Йассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ұжы- мы атынан сізді 70 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттық- таймыз.
Адам жанының арашасы болған сіздің Тәуелсіз Қазақстан мен әлем медицинасына қосқан үлесіңіз ерекше. Сізге еңбекте табыс, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілейміз! Ғұмырыңыз ұзақ болсын!
Ізгі ниетпен,
Қ.А. Йассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университетінің президенті, академик О.Сәбден
|
🗈 5-үлгі. Бейресми
Алтын әжем Алтынай!
Асыл әжем, тілеуімізді тілеген, еркелігімізді көтерген, көрмей қалса сағынған! Көңілі кең, жүрегі мейірімді, кеудесі қазына, сөзі қасиетті ақ әжем! Нұрлы жүзіңе жарасқан ақ жаулығыңнан, немересін барлығынан артық жақсы көрген ыстық ықыласыңызға тәнтіміз. Бар тәттіні аузымызға тосып, қызық ертегісі мен ақыл-өсиетін құлағымызға құюдан жалықпаған біздің дана әжеміз. Сізді бүгінгі 70 жасқа толған мерейтойыңызбен құттықтаймыз!!!
Әжетай! Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ өмір және екі дүниенің бақытын тілеймін. Алла сізге күш-қуат берсін! Жасыңыз ұзақ болсын, ауырмаңыз! Ұл-қыздарыңыз бен немере-шөберелеріңіздің ортасында әрдайым жүзіңізден шуақ шашырап, қызығына тоймай жүре беріңіз!
Ізгі ниетпен немерелеріңіз: Жұлдыз, Жәнібек, Қазыбек, Аяулым, Сағыныш, Дидар, Айбол, Абзал, Ақтілек, Жансая, Ақнұр, Аружан, Балнұр,
Айзере.
| Сұрақтарға жауап беріңіз.
Құттықтаухат қандай жағдайларда жолданады?
Құттықтаухат қандай сөздермен басталады?
Құттықтаухаттың құрылымы қандай?
Құттықтаухат қандай сөздермен аяқталады?
жаттығу. Екі қатарды сәйкестендіріңіз.
Аса
|
□ көңілден
|
Іскер
|
□ жоғары
|
Ізгі
|
□ арасында
|
Шынайы
|
□ ниетпен
|
Беделі
|
□ маман
|
Қызметкерлер
|
□ құрметті
|
жаттығу: Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.
Ресми
ғылым / Әлиұлына / академиясының / Қазақстан / Мұхтар / Ұлттық академигі /
Әлиұлы / Мұхтар! / Қадірлі
Қ.А. Йассауи / Сізді / шын жүректен / 70 жылдық / Халықаралық / атын- дағы / университеті / атынан / мерейтойыңызбен / құттықтаймыз / қазақ- түрік / ұжымы
Сіздің / ерекше / адам / болған / мен / әлем / медицинасына / жанының арашасы / қосқан үлесіңіз / Тәуелсіз Қазақстан
тілейміз! / Сізге / деніңізге / саулық / еңбекте табыс / амандық / отбасыңызға
ұзақ / ғұмырыңыз / болсын!
|
жаттығу: Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.
Бейресми
50-ге / ауылында / шын жүректен / Далақайнар / енді / біріміздің
/ өнегелі / ізетті / ініміз / Әбілхан / Тоқтыбековты /ұлағатты ұстаз / ердің
/ біріміздің / асқар / жасы / келген / мерейтойымен / ақкөңіл / Жамбыл облысы / Шу ауданы / тұратын / таудай ағамыз / отбасы / құттықтаймыз!
Сәуле / өсіріп / отбасыларыңыз / аман / апай / қызығын / зайыбыңыз
/ екеуіңіздің / әрдайым / отырған / мәпелеп / болып / ұл-қыздарыңыздың / көріңіздер.
Ағамызға / қуаныштар / тілейміз / денсаулық / мол-мол / жақсылықтар
/ алдағы / өмірде / мықты / қайрат / мен қажымас.
| Тапсырмалар:
Жазушылар Одағы атынан ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтаңыз.
«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының президентінің атынан Қазақстан-Британ техникалық университетінің ректоры, профессор Е.Қ.Бейсембетовті университеттің құрылғанына 10 жыл толуымен құттықтаңыз.
Досыңызды наурыз мерекесімен құттықтаңыз.
Досыңызды туған күнімен құттықтаңыз.
Сөздік және сөз тіркестері:
құттықтау – поздравлять
жіберу – отправить
құрметті – уважаемый, почетный
шын жүректен – от всего сердца
тілек – пожелание
мерейтой – юбилей
марапаттау – наградить
жетістік – достижение
ұжым – коллектив
іскер – деловой
бедел – авторитет
Анықтамасы:
АЛҒЫСХАТ!
Алғысхат дегеніміз – адамның ізгі ниетін, ықыласын білдіретін және ресми түрде үздік еңбегі үшін айтылатын арнайы құрмет.
🖶 Құрылымы:
Хат атауы
Алғыс білдіру себебі
Құттықтаушының лауазымы, аты-жөні
1-үлгі
Алғысхат!
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде өткізілген
«Тәуелсіздік – ел тілегі» атты кездесу кешіне келіп студенттерге отаншылдық тұрғыдан тәрбиелік кеңес бергені үшін Айзере Ержанқызына алғыс білдіреміз!
Факультет деканы: Ә.Әбдіғазыұлы
|
2-үлгі
Алғысхат!
Құрметті Гүлмира Мұхаметқызы!
Сіздің облыстағы басқару органдары қызметкерлері арасында төл тілімізді жұмыс және ісқағаздарын жүргізу тіліне айналдыруға қосқан қажырлы еңбегіңізді жоғары бағалаймын. Әрі облыс жұртшылығына мемлекеттік тіл саясатын насихаттауда белсенділік танытып жүргеніңізге алғысымды білдіремін.
(лауазымы) (қолы) (аты-жөні)
|
Достарыңызбен бөлісу: |