Бұйрық – басшының мекемені басқарудың барысында, алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті, кадрлық т.б. мәселелерді шешу мақсатында беретін, қарамағындағылар орындауға тиісті ісқағаздарының бір түрі.
Бұл құжаттың жауапкершілігі оған қол қоятын лауазымды адамға жүктеледі. Бұйрық ауызша да, жазбаша да беріледі.
Мазмұны жағынан бұйрықтар 2 топқа бөлінеді:
ші топ. Мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты.
ші топ. Жеке құрамға байланысты.
Кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, жоспар- лау, өнімді өткізу сияқты өндірістік мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар мекеменің негізгі жұмыстарына байланысты бұйрық деп аталады.
Мекеменің негізгі жұмыстарына
байланысты бұйрықтар негізі, әдетте, “... байланысты”, “...жүзеге асыруда”, “... жақсарту мақсатында”, “... орындау мақсатында”, “...жетілдіру мақсатында”, “... үшін”, “...сәйкес” деген сияқты тұжырымдаулармен басталады.
Азаматтарды жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, басқа жұмысқа ауыстыру т.б. сияқты мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар жеке құрам бойынша бұйрық деп аталады.
Жеке құрам бойынша бұйрықтар кадрлар бөлімінде дайындалады.
Жеке құрам бойынша бұйрықтарда оның cебебі көрсетіледі. Мысалы:
Зейнеткерлікке шығуына байланысты
Басқа жұмысқа ауысуына байланысты
Кәсіпорынның жойылуына байланысты
Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты
Өз өтініші бойынша
Бала күтімі үшін демалыс алуына байланысты
Еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігіне байланысты
Ресми сапарға кетуіне байланысты
Себепсіз жұмыстан қалуына байланысты
Айрықша жұмыс жағдайлары үшін.
Барлық бұйрықтарда,
ең алдымен, мекеменің атауы, күні, айы, жылы көрсетілуі тиіс.
Содан кейін «№7 БҰЙРЫҚ» деген сөз және не туралы бұйрық екені жазылады. Мысалы: