О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


Халықаралық Международная



бет89/116
Дата04.01.2024
өлшемі3.81 Mb.
#488491
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   116
is-kagaz Abutalip

Халықаралық Международная
Бизнес Академия
Академиясы Бизнеса


БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ

«10» қаңтар 2010 ж. Алматы қаласы




Ақылы негізде оқитын студентті оқудан шығару туралы
75 БҰЙРЫҚ


Оқу ісі жөніндегі проректор Ж.С. Қапалбеков қол қойған, ҚЭФ деканы А.Ә.Өмірбековтің өтініші негізінде
БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Ақпараттық технологиялар» факультеті «09705114» (бакалавриат) бойынша ақылы негізде оқитын 2 курс студенті Жанболатов Берік сабақ үлгерімінің төмен болуына байланысты 10.01.2010 жылдан бастап университеттен оқудан шығарылсын.

  2. 16.08.2009 жылғы №665 келісімшарт бұзылсын.

  3. Келісімшарттың 3.4-тармағына сәйкес төленген ақшалай қаржы кері қайтарылмайды.

Ректор Т. Балықбаев
(қолы)
Бірінші проректор Ж. Нүсенов
(қолы)
Бас есепші К. Жұмабаева
(қолы)
Заң кеңесшісі А. Досымова
(қолы)
келісілді.




Халықаралық Международная
Бизнес Академия
Академиясы Бизнеса


БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ

«08» қаңтар 2011 ж. Алматы қаласы


Логистика мамандығының 3 курс студенті Е.С. Асқаровты академиялық үзілістен кейін қайта қабылдау туралы
280/с БҰЙРЫҚ


Студенттің өтініші негізінде
БҰЙЫРАМЫН:

  1. Логистика мамандығы бойынша ақылы негізде оқитын Асқаров Елдос Сапарұлы академиялық үзілістен кейін 3 курсқа қабылдансын.

  2. 2010-2011 оқу жылының көктемгі семестрінен (17.01.2011) бастап сабаққа кірісуге рұқсат етілсін.

  3. Аталған бұйрықтың орындалуын қадағалау Оқу ісі жөніндегі проректор А.А. Қарабаеваға жүктелсін.



Ректор Т. Балықбаев

🗈 3-үлгі



Халықаралық Международная
Бизнес Академия
Академиясы Бизнеса


БҰЙРЫҚ ПРИКАЗ

«25» қаңтар 2013 ж. Алматы қаласы




«Аймақтану» мамандығының 2 курс студенті Д.А. Омарованы
«Маркетинг» мамандығына ауыстыру туралы
282/с БҰЙРЫҚ


Студенттің өтініші негізінде
БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Аймақтану» мамандығы бойынша (қазақ бөлімінде) оқитын 2 курс студенті Омарова Дина Алтайқызы «Маркетинг» мамандығына 2012-2013 оқу жылынан бастап ауыстырылсын.

  2. ХБА-мен Д.А. Омарованың арасында білім беру қызметін көрсету бойынша келісімшартқа сәйкес өзгертулер енгізілсін.

  3. Аталған бұйрықтың орындалуын қадағалау Оқу ісі жөніндегі проректор Ж.С. Қапалбековке жүктелсін.

Ректор Т. Балықбаев



🗈 4-үлгі



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

2 сәуір 1999 жыл Астана қаласы




Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының іске асырылуын бақылауды күшейту туралы
115 БҰЙРЫҚ


Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
«Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы» 1998 жылғы 14 тамыздағы №769, «Тілдер туралы Заңды сақтауды бақылау тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» 1999 жылғы 8 қаңтардағы №19 Қаулыларын және Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің 1999 жылғы 24 ақпандағы №01-8/49 нұсқауын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:

  1. Ведомстволық мекемелер басшылары ішкі мүмкіндіктері есебінен Мемлекеттік тілде ісжүргізуші мамандар мен аудармашылар қызметін ескерсін.

  2. Жоғары оқу орындарының ректорлары 1999-2000 оқу жылының оқу бағдарламасына сәйкес «Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу» мамандықтарының арнайы курсын енгізсін.

  3. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптау және ақпараттық инфрақұрылым департаменті Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне Ғылым және жоғары білім министрлігінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жөніндегі ақпарат жиынтығын әр тоқсан сайын ұсынуды қамтамасыз етсін.

  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.



Министр В.Школьник
(қолы)

Ескерту!


Бұйрық журналға тіркеліп, оған нөмір қойылады және кеңседе сақталады.

Сұрақтарға жауап беріңіз.


  1. Бұйрық қандай құжат?

  2. Бұйрыққа кім қол қояды?

  3. Бұйрықтың қандай түрлері бар?

  4. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар қандай мәселелерді шешуге бағытталады?

  5. Жеке құрам бойынша бұйрықтар қандай жағдайларға байланысты шығарылады?

  6. Бұйрықтың екінші бөлігі қалай аталады?

Тілдік бірліктер:





  • Өз өтініші бойынша

  • Басқа жұмысқа ауысуына байланысты

  • Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты

  • Зейнеткерлікке шығуына байланысты

  • Жасалған және еңбек келісімшартына сәйкес

  • 70 жылдық мерейтойына байланысты

  • Отбасы жағдайына байланысты

  • Бала күтіміне байланысты

  • Қабылдансын

  • Жүктелсін

  • Тағайындалсын

  • Дайындасын

  • Рәсімделсін

  • Босатылсын

  • Ұйымдастырылсын

  • Баяндасын

  • Енгізілсін

  • Толықтырылсын

  • Анықталсын

  • Рұқсат етілсін

  • Жүзеге асырылсын

  • Тыйым салынсын

  • Өзгеріс енгізілсін

  • Қамтамасыз етілсін

  • Шешім қабылдансын

  • Іске қосылсын

  • Жарамсыз деп табылсын




  • Шара қолданылсын

  • Бақылауға алынсын

  • Материалдық көмек көрсету туралы

  • Комиссия құру туралы

  • Үстемақы белгілеу туралы

  • Штаттық кестеге өзгерістер енгізу туралы




  1. жаттығу. Екі қатарды сәйкестендіріңіз.

    Жұмысқа Штаттық Орынбаевтың Үстемақы Отбасы
    Еңбек шартының Зейнеткерлікке Апталық Атқаратын Бұйрыққа қол Жұмысқа қабылдау
    Басқа жұмысқа ауысуына Оқудан
    Қызметке
    Материалдық көмек

    • кестеге сәйкес

    • белгілеу

    • жағдайына байланысты

    • шығуына байланысты

    • сынақ мерзімімен

    • қызметінен

    • өтініші

    • қабылдау туралы

    • аяқталуына байланысты

    • көрсетілсін

    • қабылдансын

    • шығарылсын

    • қойылды

    • туралы

    • байланысты

  2. жаттығу. Етістіктерді үлгі бойынша түрлендіріңіз.

Белгілеу – белгіленсін
енгізу – ........................
қысқарту – ........................
жүктеу – ........................
жүргізу – ........................
орындау – ........................
тыйым салу – ........................



  1. жаттығу. Көп нүктенің орнын толтырыңыз.

Қаржы-экономика факультетінің 2 курс студенті пәндер
айырмашылығын тапсыруға жіберілсін. ........... 3 курс студенті Жақыпбекова Сәуле 2009-2010 оқу жылына ақы төлемегендігіне бай- ланысты оқудан шығарылсын. Жанболатов Ербол Қаржы-экономика факультеті күндізгі орыс бөлімінің ақылы негізде қайтадан оқуға
алынсын. Ақылы негізде оқитын күндізгі орыс бөлімінің 5 курс студенті
Маратов Жақып ........ Ақпараттық технологиялар факультетінің 3 курс студенті Еркебұланова Жамал мемлекеттік білім несиесі негізінде оқудан
..... ауыстырылсын.



  1. жаттығу. Үлгі бойынша жұмыстан босату туралы бұйрықтың мәтінін жазыңыз.

Үлгі:

А. Жандосов 2003 жылдың 13 маусымынан бастап отбасы жағ- дайына байланысты инженер қызметінен босатылсын.





Аты-жөні

Күні, айы, жылы

Себебі

Қызметі

Е.Омарова Б.Сағатов
Қ.Боранбаева

21.02.2002 ж.

10.11.1998 ж.


15.01.2004 ж.



кәсіпорынның жабылуы басқа жұмысқа ауысу
себепсіз жұмыстан қалу

хатшы үйлестіруші
есепші

  1. жаттығу. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.

  1. С. Садықоваға / аяқтау үшін / 6 ай / шығармашылық демалыс / док- торлық диссертациясын / көлемінде / берілсін /.

  2. факультетінің / Ақпараттық / 2 курс / технология / студенті / оқуға Б.Әбжаппаров / қайтадан / алынсын.

  3. «Ақпараттық технологиялар» / ақылы негізде оқитын / факультеті

/ «09705114» (бакалавриат) / бойынша / сабақ үлгеріміне / байланысты / шығарылсын / 1-курс студенті / 10.01.2010 жылдан бастап / университет- те / Жанболатов Берік / оқудан.
Керекті тілдік бірліктер:
шетелдік іссапардан қайтып келді деп есептелсін, Әріпбаева Гүлсім, мемлекеттік білім гранты негізіндегі оқуға, Ақпараттық технологиялар факультетінің, 2 курсына.



  1. жаттығу. Сөздерді мағыналарымен жұптастырыңыз.

1. Бұйрық

□ Жыл бойы үздіксіз атқарылатын жұмыстарға байланысты. 2. Күнделікті мәселелерге
байланысты. 3. Төтенше жағдайға байланысты.

2. Бұрыштама

□ Бұйрық беруге негіз болған дерек көрсетілетін, бұйрықтың мақсаты, бұйрықты беруге негіз
болған факті көрсетіледі.




3.Бұйрықтың
түрлері

□ Мекеме басшысына келіп түскеннен кейін
қойылатын қолмен жазылатын сөз.

4. Констатациялық
бөлікте

□ Жауапкершілігі оған қол қоятын лауазымды
адамға жүктелетін өкілетті құжат.

  1. жаттығу. Бұйрық үлгісін қазақ тіліне аударыңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   116




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет