О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



бет23/116
Дата04.01.2024
өлшемі3.81 Mb.
#488491
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   116
is-kagaz Abutalip

Алматы электротехникалық
Қарсы емеспін зауытының директоры
16.07.09 Н.Ә. Әміреевке


Өткізу бөлімінің
технигі Н.Сағындықұлынан


ӨТІНІШ
Қазақ ұлттық техникалық университетін бітіруіме байланысты мені өткізу бөлімінің инженері қызметіне ауыстыруыңызды сұраймын.


15.07.09 (Қолы)

Бұрыштама құжаттың бірінші бетінің жоғарғы жағына, ал брошю- ра түріндегі құжаттардың мұқабасына жазылады. Қаламмен, мүмкін- дігінше анық, үлкендеу етіп, қысқартуларсыз жазу керек. Нұсқауды орындау тапсырылатын адамның аты-жөнінің басқы әріптері, тегі, орын- дау мерзімі анық жазылады, күні, айы екі санмен көрсетіледі. Мысалы,

    1. («3 наурыз» емес), 05.01. («5 қаңтар» емес). Бұрыштама ресми стильде жазылады. Басы артық сөздер қолданылмай, істің негізгі мәні ғана айтылады. Бұрыштамаға күні жазылып, басшының қолы қойылады немесе тегі жазылады.



Тілдік бірліктер:



  • Қарсы емеспін

  • Келісемін

  • Қаралсын

  • Талқылансын

  • Бекітілсін

  • Бекітемін

  • Тапсырылсын

  • Ұсыныстар даярлансын

  • Комиссия құрылсын

  • Баяндалсын

  • Таныстым

  • Растаймын

  • Куәландырамын

  • Шара қолданылсын

  • Тағайындалсын

  • Қызметінен босатылсын

  • Жұмыстан шығарылсын

  • Өтемақы төленсін

  • Мәселе қаралады

  • Қабылданбайды

  • Орындалсын

  • Шешілсін

  • Қаралады

  • Іске қосылсын

  • Жеке еңбек шарты бұзылсын

  • Жарамсыз деп табылсын

  • Жауапты адам тағайындалсын

  • Қосымша мүмкіндіктер қарастырылсын






Сөздік және сөз тіркестері:
қарсы емеспін – не против
келісемін – согласен
қаралсын – рассмотреть
талқылансын – обсудить
бекітілсін – утвердить
бекітемін – утверждаю
тапсырылсын – поручить
ұсыныстар даярлансын – подготовить предложения комиссия құрылсын – создать комиссию
баяндалсын – доложить
нақты ұсыныстар енгізіңіз – внесите конкретные предложения нәтижесін баяндаңыз – доложите результат
тиісті жауап дайындаңыз – подготовьте соответствующий ответ қарастырып, тиісті
жауап беріңіз – рассмотреть и дать соответствующий ответ

Анықтамасы:

ӨТІНІШ

Өтініш дегеніміз – азаматтардың жеке құқықтары мен мүдделерінің жүзеге асырылуы мазмұндалатын, ресми түрде жаз- баша баяндалатын, өтіну, өтініш білдіру, сұрау туралы лауазымды тұлғаға бағытталған ресми құжат.


Өтініш құжат ретінде кеңсе бөлімінің (канцелярия) арнайы журналы- на тіркеліп, нөмірленгеннен кейін ғана ресми құжат болып есептелінеді. Өтінішке мекеме басшысы бұрыштама қойғаннан кейін, сол өтініш негізінде бұйрық шығарылады. Өтініш мекеме басшысына келіп түскеннен кейін, өтінішке лауазымды тұлға «бұрыштама» қояды. Мыса-


лы: «Қарсы емеспін», «Келісемін», «Бекітілсін» т.б.
Демалыс алу туралы өтініште міндетті түрде демалыс түрі (кезекті еңбек демалысы, кезектен тыс демалыс, ақысыз демалыс) мерзімі көрсетілуі тиіс.


Өтініш, негізінен, мынандай жағдайларда жазылады:

  • оқуға түскен кезінде;

  • басқа оқу орнына ауысқанда;

  • бір факультеттен басқа факультетке ауысқанда;

  • жатақханадан орын сұрағанда;

  • жұмысқа қабылдау кезінде;

  • басқа жұмысқа ауысқанда;

  • жұмыстан босату кезінде;

  • кезекті демалыс сұрау кезінде;

  • кезектен тыс демалыс сұрағанда;

  • материалдық көмек сұрағанда;

  • денсаулығына байланысты академиялық демалыс алғанда т.б.



Өтініштің жазылу тәртібі:
Өтініш А-4 қағазының оң жақ шетіне, бір бағанның бойына кімге жазылғаны, одан кейін бір жол тасталып, кімнің жазғаны және қағаздың ортасына қою қара әріптермен құжаттың атауы жазылады. Одан кейін тағы да бір жол тасталып, азат жолдан бас әріппен мәтін басталады.

🖶 Құрылымы:



      1. Кімге жазылғаны (мекеменің толық атауы, лауазымы, аты-жөні,

дәрежесі / атағы).

      1. Кімнің жазғаны: (мекенжайы, қызметі, лауазымы, аты-жөні).

      2. Құжат атауы (өтініш).

      3. Негізгі мәтін.

      4. Жазылған мерзімі.

      5. Өтініш иесінің қолы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   116




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет