О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


 Мекеменің, (ұйымның, кәсіпорынның) атауы



Pdf көрінісі
бет135/159
Дата09.05.2023
өлшемі3 Mb.
#473411
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   159
О.ӘБУТӘЛІП (4)

1. Мекеменің, (ұйымның, кәсіпорынның) атауы. Мекеменің атауы 
және өткізіліп отырған шара түрі ісқағазының ортасына жазылады. Мы-
салы,
Халықаралық Бизнес Академиясы,
Қаржы-экономика факультеті, 
Гуманитарлық пәндер кафедрасы жиналысының
2. Құжат нөмірі мен құжат атауы. Жаңа жолдың ортасына үлкен, 
қоюлатылған әріптермен құжат нөмірі мен атауы жазылады. Мысалы,
№7 ХАТТАМАСЫ
Хаттамалар күнтізбелік жыл бойынша нөмірленіп отырады. Келесі 
жылы қайтадан 1-ден бастап нөмірленеді. Оқу орындарының хаттама-
лары күнтізбелік жылдан бастап емес, әр оқу жылының басынан бастап 
нөмірленеді.
3. Жиналыстың (мәжілістің, отырыстың) өткізілген орны мен 
күні. Жиналыстың өткізілген орнына кәсіпорын я мекеме орналасқан 
елді мекеннің атауы мен жиналыстың өткізілген күні жазылады. Мыса-
лы,
Алматы қаласы 
2011 жыл, 11 қаңтар
Хаттамаға оның жазылған немесе рәсімделген күні, я болмаса төраға 
мен хатшының қол қойған күні емес, міндетті түрде жиналыстың 
өткізілген күні жазылады. Егер жиналыс бірнеше күнге созылатын бол-
са, онда басталған күні мен соңғы күні көрсетіледі. Мысалы,
2011 жыл, 11-14 қаңтар 
4. Жиналыс төрағасы мен хатшы туралы мәлімет. Жиналысқа 
төрағалық етуші лауазымды тұлғаның қызметі, аты-жөні жазылады. 
Келесі жолға хатшы туралы мәлімет жазылады. Мысалы:
ТӨРАҒА: Гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, фи-
лософия ғылымдарының докторы, профессор Г.Ж. Нұрышева.
ХАТШЫ: Гуманитарлық пәндер кафедрасының ассистенті
Ә.С. Қалығұлова.
5. Қатысқандар мен қатыспағандар туралы мәлімет. Жиналысқа 
қатысушылардың аты-жөні, лауазымы жазылады. «ҚАТЫСҚАНДАР:» 


220
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
деген сөз азат жолдан үлкен әріптермен жазылып, қос нүкте қойылады. 
Содан кейін азат жолдан бастап қатысқандардың лауазымы, аты-жөні 
тізбелеп жазылады. Мысалы,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет