Ресми құжатқа тән белгілер: мазмұнының қысқа әрі
тұжырымды баяндалуы; тұжырымдардың дәл, нақты болуы;
сөздер мен терминдердің нақты, тура мағынасында пайдаланы-
луы; терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі; терминнің ең
қолданылу жиілігі; жоғары қалыптасқан мазмұндық-құрылымдық
нормалардың қатаң сақталуы.
Тапсырыс – мекемеаралық қажетті заттарды алуға арнайы бланк
түрінде толтырылатын құжат.
Телефонхат – телефон я радио арқылы жолданатын хабарламалық
сипаттағы құжат.
Түйіндеме (Резюме) – француз тілінен алынған термин. «Айтылған
я жазылған мәселенің қысқаша түйіні» деген мағына береді. Резю-
ме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік
шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін
ісқағазының бір түрі.
Сенімхат – бір адамның не мекеменің атынан екінші бір адамға
тапсырманы орындай алу немесе бір затқа ие болу мүмкіндігінің бар
екендігіне сеніп берілетін ісқағазының түрі.
Cтиль – латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда «жазу мәнері» дегенді
білдіреді.
Стилистика – тілдің қолданылу заңдылықтарын зерттейтін
ғылым, ол тілдік белгілердің дұрыс қолданылу нормасы.
Ұсыныс – белгілі бір мемлекеттік органның, ұйымның, мекеменің
жұмысын жақсартуға, жетілдіруге назар аударатын, осыған байланыс-
ты қойылған міндеттерді шешудің жолдары ұсынылатын хабарлама
түрі.
Хабарландыру – мәжіліс, жиналыстар, мәдени шаралар, тендер-
лер, вакансиялар туралы мәлімдейтін құжат.
Хаттама жиналыстарда, кеңестерде, конференцияларда және
алқалық органдардың мәжілістерінде мәселені талқылау мен шешім
шығарудың барысы туралы мәлімет беретін құжат.
Ісқағаздарының қызметтері – реттеуші, негіздеуші, айғақтаушы,
жүйелеуші, қайнар көзі, көрсеткіші.
239
Орынғазы Әбутәліп
Достарыңызбен бөлісу: |