76
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
дований, выполнение поставленной задачи, среди студентов, с коллегами
по работе, затруднительное положение.
2-жаттығу: Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.
1.Бітірген / мамандығы бойынша / Құрманғазы атындағы Өнер инсти-
тутын / Алтынбеков Серік / 1968 жылы / актер, режиссер.
2. Қызметін атқарған / қазақ радиосында / 1969-2000
жылдар
аралығында / дыбыс режиссері.
3. Телерадио / Бүкілодақтық білім жетілдіру институтын / саласы бо-
йынша / бітірген / Мәскеу қаласындағы / 1972 жылы.
4. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті / жетекші маман
/ теле-радио-фото зертханасында / қызметін атқарады / 2000 жылдан /
журналистика факультетінің.
5. Маманы / және / сөйлеу техникасының / көркем сөз.
6. Орындайды / жұмысты / өзіне тапсырылған / жауапкершілікпен.
7. Арасында / мен / студенттер / беделді / өз әріптестері.
3-жаттығу: Мына сөздерді орыс тіліне аударыңыз.
Тәжірибелі, тәжірибесі мол, ұқыпты, білікті, өзін жағымды жағынан
көрсете білді, әріптестерінің арасында беделді,
өз ісін жетік білетін,
тәжірибелі маман, берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындай-
ды, мінезі ашық, сабырлы, біртоға,
жолдастарына адал, ұйымдастыру-
шылық қабілеті бар, қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай
алады, сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады.
ç
Тапсырмалар:
1. Ұйымдастыру комитетінің талап етуімен конференцияға қатысуы
үшін ХБА, ҚЭФ деканы Үсіпов Сәби
Сейітқазыұлының атынан осы
факультеттің 2008 жылғы түлегі, үздік студент Нүсіпбеков Мақсат
Ахметұлына мінездеме құрастыр.
2. Мекеменің белгілі бір қызметкерін «Іскер адам»
атағына ұсыну
үшін бөлім басшысы атынан мінездеме дайындаңыз.
3. Жұмысшыңыздың «Еңбек келісімін» ұзарту үшін мінездеме беріңіз.
4. Оқушыңызға оқуға түсу үшін мінездеме беріңіз.
5. Беделді компаниядан өндірістік практикадан өту үшін бір студентке
декан атынан мінездеме құрастырыңыз.
6. Жұмысшыңыздың қызметін жоғарылату мақсатында мінездеме
беріңіз.
7. Қызметкеріңіздің кәсіби білімін
көтеру мақсатында мінездеме
беріңіз.
8. Мектепте педагогикалық тәжірибеден өткендігі үшін мінездеме
беріңіз.