ҚОҚаев өміржан шералыұлы «Амангелдігаз» жшс кәсіпорны өндірістік үрдістері шығарылымдарының табиғи ортаға әсерін экологиялық бағалау



Дата16.06.2016
өлшемі280.29 Kb.
#138928
түріАвтореферат


ӘОЖ 577.4: 622.553.951 (574.53) Қолжазба құқығында

Қ 53


ҚОҚАЕВ ӨМІРЖАН ШЕРАЛЫҰЛЫ

«Амангелдігаз» ЖШС кәсіпорны өндірістік үрдістері шығарылымдарының табиғи ортаға әсерін экологиялық бағалау

Мамандығы: 25.00.36 - Геоэкология

Техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның


АВТОРЕФЕРАТЫ


Қазақстан Республикасы

Тараз, 2009

Жұмыс М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде орындалған.

Ғылыми жетекші: техника ғылымдарының докторы

Тілегенов И.С.


Ресми оппоненттер: техника ғылымдарының докторы

Кулманова Н.К.

техника ғылымдарының кандидаты

Сембина Г.К.


Жетекші ұйым: Алматы энергетика және байланыс институты

Диссертацияны қорғау 2009 жылдың «24» сәуір сағат 1400 - де М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жанындағы Д.14.13.02 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 080012, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 60.


Диссертациямен М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2009 жылдың «___»_______________таратылды.


Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы М. Сахы

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. «Амангелді» газ кен орны Жамбыл облысының шөлді, ауа-райының жазы - ыстық, қысы - қара суық, суы тапшы Мойынқұм ауданының құмды аумағында орналасқан. Мойынқұм құмдарына шекаралас Талас және Сарысу аудандары аумағында фосфор кен орындарын игеру, оның шикізаттарын өндіру жұмыстары қоршаған ортаға зиянды әсер етуде, оған қоса «Амангелді» газ кен орындарында бұрғылау, көмірсутегі шикізаттарын өндіру, жинақтау, дайындау, өңдеу және тасымалдаудың техно-логиялық үрдістерінің экологиялық қауіптілігі арта түсуде. «Амангелдігаз» ЖШС кәсіпорны өндірістік үрдістерінің қоршаған ортаны ластануына басқа технологиялық нысандармен салыстырғанда алаулы шырақ қондырғысынан шығарылатын зиянды заттардың әсер етуі өте жоғары деңгейде.

Қазіргі кезеңде өткір мәселелердің бірі, жердің деградацияға ұшырауы немесе қуаң далаға айналуы, табиғат құбылыстары мен адам тіршілігінің бірлескен әсерінен болатын үрдіс.

Диссертациялық жұмыста «Амангелдігаз» ЖШС кәсіпорны өндірістік үрдістері жер аумағындағы техногенді шығарылымдардың қоршаған ортаға, әсіресе алаулы шырақ қондырғысы шығарылым құрамындағы зиянды заттармен ластануын теориялық негіздеумен, тәжірибелік өлшемдермен және есептеулер-мен сан-сапалы талдау жасалынып, экологиялық жақсарту шаралары белгілен-ген.

Жұмыстың өзектілігі. Қазақстанның табиғи ортасындағы жер қойнауынан әртүрлі минералды ресурстарды игеріп іске асыру барысындағы жергілікті аймақтың экологиялық дағдарыстарын болдырмауға, қазіргі кезеңдегі заман талаптарына сай жаңа көзқараспен табиғат қорларын тиімді пайдалану, экологиялық қауіпсіздігін сараптамалап қамтамасыз ету, ең негізгісі әрбір адам баласына экологиялық сананы қалыптастыру.

«Амангелдігаз» ЖШС кәсіпорнында ұңғымаларды бұрғылау мен барлау жұмыстары газ және газ конденсаттары кен орындарын игеру, көмірсутегі шикізаттарын өндіру, өңдеу, тасымалдау және пайдалану жұмыстары барысында жүздеген гектар жер аумағы, ауа кеңістігі, су қорлары технологиялық үрдістердің шығарылымдары құрамындағы қатты, сұйық және газ түріндегі зиянды заттармен ластануы жылдан жылға өсуде.

Газ өндірістерін жедел дамыту мақсатында, 2003 жылдан бастап 17 ұңғыма пайдалануға беріліп газ, газ конденсатын өндіру көлемі жылдан жылға артуымен келешекте Шу-Сарысу ойпаты аумағындағы Айрақты, Анабай, Жарқұм, Кемпіртөбе, Батыс Үшарал және Солтүстік Үшарал газ, газ конденсатты, инертті көмірсутегі кенорындарын игеру жоспарланған.

Көмірсутегі кен орындарын игеру, оның құрамында Жамбыл облысы бойынша «Амангелді» кенорнынан өнім алуды дамыту, сонымен қатар жаңа Айрақты, Анабай, Жарқұм, Үшарал-Кемпіртөбе кенорындарын игеріп табиғи газ, инертті көмірсутегілерін өндіру көзделіп отыр.

«Амангелдігаз» ЖШС кәсіпорны аумағындағы табиғи ортаның экологиялық жағдайын зерттеу осы кезеңге дейін жүргізілмеген. Осыған байланысты көмірсутегі шикізатын өндіру, өңдеу өндірістік үрдістерінің қоршаған ортаға әсерін зерттеу, техникалық-технологиялық шешімдерді ұсыну және оның табиғи жағдайын бір қалыпты сақтау іс-шараларын жасау өзекті мәселе.

Автор, диссертациялық жұмысын орындау барысында «Қазақстан Республикасы өнеркәсіптерінің 2002-2006 жылдар аралығында ғылыми-техникалық дамуын қамтамасыз ету» жоспарына сәйкес қалыптастырылған ғылыми-техникалық жобалардың негізінде, ҚР білім және ғылым министрлігінің конкурсында жеңіп алған «Таукен-байыту өндірістерінің техногендік шығарылымдарын басуға кешенді орталары мен тәсілдерін жасау» тақырыбында орындалған ғылыми-зерттеу жұмысына 2002-2006 ж.ж. тікелей орындаушы ретінде қатысқан (ҚР білім және ғылым министрлігімен 20.07.2002 ж. жасалынған №781 келісім-шарт, тіркелген нөмірі №0207РК00264).

Жұмыстың мақсаты. «Амангелдігаз» ЖШС кәсіпорны өндірістік үрдістері шығарылымдарының табиғи ортаға әсерін экологиялық бағалау.

Осы мақсатқа жету үшін келесі мәселелер қарастырылған:

- «Амангелдігаз» ЖШС кәсіпорнының өндірістік аймағының экологиялық жағдайы және оған әсер ету факторларын зерттеу;

- технологиялық үрдістердің қоршаған ортаға әсерін бағалау;

- өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық шығарылымдарын азайту және оларды іске асыру жолдары;

- зиянды заттарды ауа кеңістігіне шығарылуын болдырмау технологияларына талдау және тиімді нұсқасын таңдап ұсыну.



Жұмыстың негізгі идеясы. Өндірістік үрдістер шығарылымдарының ауа кеңістігіне таралу заңдылықтары негізінде зиянды заттардың табиғи ортаға әсерін бағалау және оларды болдырмау шараларын таңдап ұсыну.

Зерттеу әдістемелігі. «Амангелдігаз» ЖШС кәсіпорны өндірістік үрдістері шығарылымдарының қоршаған ортаға зиянсыздандырумен экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ғылымның, техниканың өнеркәсіп салаларында атқарылып жатқан іс-шараларына, зиянды заттардың сан-сапасына теориялық, зертханалық, тәжірибелі-өнеркәсіптік, салыстырмалы картографиялық жүйелі, компьютерлік графика тәсілдерімен зерттеу нәтижелеріне талдау жасау және оларды тұжырымдау.

Қорғалатын негізгі ғылыми қағидалар:

- техногенді шығарылымдардың ауа кеңістігіне ыдырап таралу сипаты мен табиғи ортаның интегральды көрсеткіштерін теориялық бағалау негіздерінде «Амангелдігаз» ЖШС кәсіпорны аумағының экологиялық жағдайын зерттеу;

- өндірістік үрдістерден шығарылатын зиянды заттардың топырақ бетіне, су қорларына, ауа кеңістігіне әсер ету себептеріне талдау және оларды болдырмау жолдары (шаралары);

- қосалқы газдарды жандырудан шығарылатын ыстық лепті алаулы газ қоспаларының бастапқы концентрациясының азаюының және оның алаулы шырақ қондырғысынан шығарылу биіктігінің желдің негізгі бағытындағы ауа жылдамдығы мен тығыздығына, таралу ара қашықтығы (Ох) мен еніне (Оу), шығарылым газдары температурасы мен тығыздығына байланыстылықтарын анықтауға ұсынылған теңдеулері.



Жұмыстың ғылыми жаңалықтары: Теориялық, тәжірибелік және өндірістік үрдістері шығарылымдарының табиғи ортаға таралу сипаты мен әсер етуін зерттеу негізінде келесі жаңалықтарға қол жеткізілген:

- кәсіпорын аумағындағы табиғи ортаны ластаушы көздері шығарылым-дарының табиғи ортаға әсер ету және ыстық лепті газ қоспаларының ыдырап таралу сипаттамаларының сүлбелері жасалынған;

- ыстық лепті газ қоспаларының шығарылу энергиясы мен негізгі бағыт-ындағы ауа қозғалысының энергия күштерінің әсер етуіне талдау нәтижелерімен газдардың шығарылу биіктігі мен концентрациясының өзгерілу көрсеткіштерін есептеп анықтауға мүмкін болатын теңдеулері ұсынылған;

- сұйық түріндегі қалдықтарды жинақтап, экологиялық зиянсыздандырып, айналымды техникалық сумен қамтамасыз ету үшін геосинтетикалық шұңқырлы қойма құрылымы ұсынылған.



Ғылыми жетістіктердің дәлелділігі мен анықтылығы. Физикалық, химиялық заңдылықтары негізінде шығарылым газдарының ауа кеңістігінде желдің кинетикалық энергиясы мен ыстық лепті газ қоспаларының екпінді шығарылу энергиясының әсерлерімен олардың таралу сипаттамаларын жеке өзінің қатысуымен өндірістік жағдайларында, қазіргі кезеңдегі жетік тәсілдер мен приборларды пайдаланумен зерттеу жүргізілген. Алынған нәтижелер теориялық негіздерге сәйкестілігімен дәлелденеді.

Жұмыстың іс жүзіндегі құндылығы. Техногенді шығарылымдардың табиғи ортаға зиянды әсерлерін жүйелі зерттеу нәтижелері: газ, газ конденсатты кенорындарын игеру, пайдалану кешендерінің табиғи ортаға зиянды әсері дәрежелілігін анықтауға, келешекте Шу-Сарысу ойпатындағы кенорындарын игеру, пайдалануда туындайтын қауіпті антропогенді жағдайларды ескеріп, табиғи орта компоненттерінің ластануы, механикалық бұзылуы, сонымен қатар табиғи ресурстарды пайдаланудың тиімділігін, бұзылған жерлерді қалпына келтіріп іске асыруын негіздеуге, экологиялық қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін құруға үлесін қосуға және шығарылым құрамындағы зиянды заттардың концентрациясын нақтылы бағалауға мүмкін болады.

Шығарылым газдарын жандыру барысындағы зиянды заттардың қоршаған ортаға таралу сипаттамасын анықтау теңдеулерін өнеркәсіптің басқа да салаларында алаулы шырақ қондырғыларының техникалық сипаттамаларын есептеп анықтауға, жылу энергетикалық кешендерінің шығарылымдарының сан-сапалы көрсеткіштерін есептеп, талдауға мүмкін болады.

Мұнай-газ өндіретін кәсіпорындарындағы технологиялық үрдістерінің ШРК, ШРШ жобаларын жасауда пайдалануға мүмкін болады.

Мұнай-газ саласындағы қоршаған ортаны қорғау пәніне негізгі ғылыми жетістіктерін пайдаланумен оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік нұсқауларын жасауға, дәріс материалдары ретінде оқу үрдісінде іске асыруға мүмкін болады.



Жұмыс нәтижелердің іске асырылуы. Ыстық лепті газ қоспаларының шығарылу биіктігі мен шығарылым құрамындағы зиянды газдар концентрация-сының өзгерілуін есептеу теңдеулері мен жұмыстың негізгі нәтижелері оқу үрдістеріне енгізілген, Қ. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің «Экология» ғылыми зерттеу институтында ШРШ, ШРК жоба-ларын жасауда және ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдаланылған, сонымен қатар «Амангелдігаз» ЖШС кәсіпорнының өндірістік шығарылымдарының ШРШ, ШРК жобаларын жасауда пайдалануға қабылданған.

Автордың жеке үлесі:

- жұмыстың өзектілігін, мақсатын, негізгі қағидаларын негіздеп мәселелерді қарастырып, оларды шешу жолдары мен тәсілдерін зерттеп анықтауы;

- теориялық, экспериментальдық зерттеу әдістерін жасауы және нәтижелерін сараптап өңдеуі;

- Шу-Сарысу аймағындағы газ, газ конденсатты кен орындарын игеруді «Амангелдігаз» ЖШС кәсіпорны жағдайында экологиялық тұрғыдан бағалауы;

- шығарылым құрамындағы зиянды заттардың табиғи ортаға таралу механизміне теориялық негізде талдау жасап, олардың тиімді көрсеткіштерін бағалаудың жаңа формуласын негіздеп шығаруы;

- өндірістік, шаруашылық-тұрмыстық шығарылымдарын азайту шаралары мен оларды іске асыру жолдарын анықтауы;

- шығарылым газдарын жандыратын алаулы шырақ қондырғыларының қазіргі жағдайына талдау жасап, экологиялық нәтижелі нұсқасын ұсынуы.

Жұмыстың жариялығы. Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда: «Экологияның өзекті мәселелері» (ТарМУ. – 2007. Тараз қаласы); «Мұнайгаз индустриясының инновациялық даму мәселелері» (КБТУ. – 2008. Алматы қаласы) баяндалған.

Жұмыс нәтижелерінің басылымдарда шығарылуы. Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік нәтижелері 16 әр түрлі басылымдарда жарық көрген. Оның 12 Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ұсынған басылымдарында, 4 халықаралық конференцияларда жарияланған.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдан, аталуы 98 болатын пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 118 бет, оның ішінде 29 сурет, 30 кесте.
Негізгі бөлім
Кіріспеде экологиялық мәселелердің қазіргі кезеңдегі жағдайына бағалау, сонымен қатар тақырыптың өзектілігін негіздеу, жұмыстың мақсаты мен оның шешу жолдары, ғылыми нәтижелері мен олардың құндылығы және қорғалатын негізгі қағидалары келтірілген.

Бірінші бөлімде Шу-Сарысу ойпаты жер қойнауындағы газ, газ конденсатты, инертті газ кенорындарын игеруге мүмкін болатын қорларының, олардың физикалық, химиялық құрам сипаттамасына, жер қойнауында қалыптасу жағдайларына экологиялық тұрғыдан жүйелі талдау жасалынған.

Екінші бөлімде түтіндік бұлттың көтерілуі алуан түрлі әдістермен дәлдіктің әр түрлі дәрежесінде есептелуі мүмкін. Бұл әдістерді Штром мен Самерстермен толық жете сипатталу нәтижесінде түтіндік газдың шығарылу жылдамдығының, желдің жылдамдығына байланыстылығы келесідей анықталды (сурет 1):

- и = 0,5 м/с; - и = 1,0 м/с; - и = 2,0 м/с

Сурет 1 – Түтіндік газдың шығарылу жылдамдығының, желдің жылдамдығына байланыстылығы

Шығарылымның сыртқы әсер ету факторларына және бастапқы концентра-циясына сәйкес шығару көзінен ауа кеңістігіне таралу сүлбесі келесі 2-суретте келтірілген.





С – әрбір ара қашықтықтағы газ концентрациясының мәндері;
φ – ыстық лепті шығарылымының таралу бағытының орта түзуінен алшақтану бұрышы;
НТ – ыстық лепті шығарылым биіктігі, м;
НS – алаулы шырақ қондырғысының биіктігі, м;

Сурет 2- Ыстық лепті газ қоспаларының ауа қозғалысы бағытындағы таралу сүлбесі

Дегенмен, шығарылым газдарының жер беті бағытында таралуы әр түрлі деңгейде болады.

Газдардың концентрациясы газды ауа қоспасының көлденең қиылысының орташенді бағытында болады, ілгері ығыстырылып таралуы, шығарылымның кинетикалық энергиясы мен Ек шығарылым газының жану температурасының әсерінен туындайтын энергиясына байланысты.

Ыстық лепті шығарылым биіктігін келесі теңдеумен анықтаймыз:



, м (1)

Шығарылым газдарының ыдырап таралуы ауа кеңістігінде барлық Ох, Оу, Оz бағыттарында болатындығы белгілі. Соған сәйкес газдың бастапқы концентрациясы белгілі болған жағдайында ауа кеңістігіндегі таралу енінің шегін анықтауға мүмкін болады.

Газ қоспаларының бастапқы концентрациясының шығарылу көзінен бастап ыдырап таралуы әсерінен желдің негізгі бағытының көлденең қиылысының орта аумағында өзгерілуі келесі көрсеткіштерге функциональды тәуелді болады, яғни

(2)

Зерттеу нысанасы ГКДҚ – ның алаулы шырақ шығарылым көзі жер бетінен Нs – биіктікте болғандықтан, турбулентті коэффициент мәні К = 3,0; G - ластаушы заттардың шығарылу қарқындылығы, м3; φ – жел жылдамдығының өлшемсіз көрсеткіші.

Алау шырағы, құбырынан шығарылғаннан кейінгі газ қоспалары ағымының х,y,z–координаттарында белгілі бір қимасындағы газ концентрациясының бастапқы концентрациясына байланыстылығы:



(3)

Шығарылым газдарының тығыздығы мәнін енгізіп келесі теңдеумен оның бастапқы концентрациясының кеңістікте азаюын есептеп анықтаймыз:


(4)
мұндағы, Сф – газдың фоналық концентрациясы, ол өте аз болғандықтан, есептеуде ескерілмейді.

Өндіріс жағдайында өлшенген және есептелген мәндерін пайдаланып, шығар-ылым газдарын алаулы шырақ қондырғысында жандырудан түзілген ыстық лепті газ қоспаларының құрамындағы зиянды заттар концентрацияларының бастапқы концентрациясына байланысты, ауа кеңістігінде ыдырап таралу бағытындағы қимасының белгілі бір ара қашықтығындағы өзгерілуі компьютер-лік бағдарлама негізінде есептеліп анықталды.

3 - суретте шығарылым газдарын алаулы шырақ қондырғысында жандырудан түзілген ыстық лепті зиянды заттар концентрациясының ауа қозғалысының жылдамдығына байланыстылығы сипатталады.



- и = 0,1м/с; - и = 0,2 м/с; - и = 0,5 м/с х- и = 1,0 м/с
Сурет 3 - Ауа қозғалысының әртүрлі жылдамдықтарында газ концентрация-ларының Ох бағытындағы өзгерілуі
Ауалы газ қоспасының ауа кеңістігіндегі ыдырап таралуы бір бағытта емес, Оу, Оz бағыттарында да жайылып, оның концентрациясы азаяды. Төмендегі 4, 5 суретте шығарылым газдарының кеңістікте таралуының сипаттамасы келтірілген.

Сурет 4 - Ауа қозғалысының жылдамдығы 0,5 м/с болғанда газ концентрацияларының Ох, Оу бағытында таралу сипаттамасы



- и = 0,1м/с; - и = 0,2 м/с; - и = 0,5 м/с х- и = 1,0 м/с
Сурет 5 - Шаңды-газ қоспаларының ауа кеңістігінде, х = 500 м болғанда, газ концентрациясының ендігіне байланысты өзгерілуі

Есептеу бойынша зиянды заттардың қауіптілік көрсеткіші ЗЗҚК - 1171,1, яғни алынған қауіптілік белгісі қауіптіліктің үшінші категориясына сай келеді.



Үшінші бөлім. Соңғы 2003-2008 жылдардағы жандырылған қосалқы газдың, ластаушы заттардың және шығарылым құрамындағы әр түрлі зиянды заттардың динамикасы 6-суретте келтірілген.



Сурет 6- Шығарылым құрамындағы әр түрлі зиянды заттардың динамикасы


Әрбір бұрғылау алаңында атмосфераға ластаушы заттарды шығаратын стационарлық шығарылым көздері–13. Олардың 7-і ұйымдастырылған, 6-ы ұйымдастырылмаған көздер. Осыған сәйкес «Амангелдігаз» ЖШС кәсіпорны аумағындағы табиғи ортаны ластаушы көздері мен шығарылымдарының сипатты сүлбесі жүйесі жасалынған.

Бұрғылау жұмыстары шығарылымдарынан табиғи ортаның ластануы тұрақты және уақытша болып жіктеледі. Тұрақты ластануда, шлам қоймаларынан ұсақ бөлшекті заттар химиялық және газ түріндегі заттар су бетінен буланумен шығарылып, ауа кеңістігін ластайды (сурет 7).



Сурет 7 – Ұңғымаларды бұрғылауда табиғат нысаналарының ластану сүлбесі

Қазіргі кезеңдегі сұйық, қойыртпақ түріндегі технологиялық тұрмыстық-шаруашылық қалдықтарын, бұрғылау алаңы аумағындағы шұңқырлау жерді таңдап, соған жинақтайды. Мұндай нұсқада шығарылым құрамындағы зиянды химиялық заттар жер қойнауына сіңіріліп, жер асты суларын, минералдарды ластайды. Осындай кемшіліктерді болдырмау мақсатында арнайы «Карбофол» геосинтетикалық материалын пайдаланумен шұңқырлы қоймаларын жасау ұсынылады (сурет 8).



Сурет 8 - Техногенді сұйық түріндегі шығарылымдарды қоймалау құрылымының ұсынылған нұсқасы
Кәсіпорын аумағында жауын-шашын, қар суы көлеміне сәйкес шұңқырлы қойманы жобалап, ақаба суын бірнеше сатылы тазалаудан өткізіп, екінші қайтара технологиялық үрдістерге пайдалануға мүмкін болатындай етіп іске асыру қажет.

Төртінші бөлім. Бүгінгі таңда «Амангелдігаз» ЖШС кәсіпорны жағдайында ауа кеңістігін ластаушы көздерінің ең негізгісі алаулы шырақ (АШ) құрылымы.

Кәсіпорнының елді мекендерден алыс жерде орналасуына байланысты қосалқы газдардың аз ғана көлемін өз пайдасына пайдаланады да қалғанын шығарылым газдары ретінде алаулы шырақ қондырғысында жандыруға жіберіледі, оның динамикасы 9 - суретте келтірілген.



Сурет 9 - Қосалқы газдарды жандыру динамикасы

«Амангелдігаз» ЖШС кәсіпорнының газдарды кешенді дайындау құрылымының (ГКДҚ) шығарылым газдарын жандыруда қоршаған ортаға шығарылатын ыстық лепті газ қоспаларының құрамындағы зиянды заттар концентрациясы өте жоғары болғандықтан, оның қазіргі жағдайын зерттеп, алаулы шырақ қондырғысының экологиялық тиімді термототықтырғыш нұсқасы ұсынылған (сурет 10).


Сурет 10 – Термототықтырғыш сұлбасы

Техногендік шығарылымдардың қоршаған ортаға әсер ету деңгейін азайтатын ұсыныстар.

Экологиялық мониторингтің негізгі мақсаты адам тіршілігіне байланысты қоршаған табиғи ортада қайтадан орны толмас өзгерістерді болдырмау үшін қоршаған ортаның нысандарының жағдайына бақылау жасап, олардың өзара байланыстылығы мол тәуелділігін және қоршаған ортаға әсерін бақылайтын мониторинг жүйесі келесідей:

- өндірістік нысаналары орналасқан ауданда атмосфераның жағдайына бақылау жүйелері;

- ластайтын заттарды атмосфераға шығару көздерінде ШРШ бекітілген мөлшерлерін сақтауға бақылау жүйесі.

Кен орнын игеру барысында нақтылы шығарылым көздерін, сонымен қатар санитарлы қорғаныс аумағында бақылау орындарын анықтап тексеру өлшемдерін жүргізу қажет.

Су қорының жағдайына мониторингі ішімдік судың сапасына, ағынды судың құрамына және жерасты суларының жағдайына бақылаудан құралады.

Сапа стандарттарына сәйкес суды пайдалану барысында адам денсаулығына зиян келтірмеу үшін санитарлы-гигиеналық және микробиологиялық көрсеткіштері судың сапасына бақылау жасау керек. Сонымен қатар вахталық мекен жайдан сүзгілеу алаңына шығарылатын ақаба суларының сапасына күнделікті жүйелі бақылау жасау керек.

Ішімдік суларды құдықтан алып келіп біраз уақыт аралығында сақтайтын болғандықтан оның жалпы санитарлық және бактериологиялық сипаттамасына ерекше бақылау жүргізу керек. Орталықтандырған және жергілікті сумен қамтамасыз етуде шаруашылық-ішімдік суды залалсыздандыру және су жүргізетін құрылымдарды хлормен дезинфекциялау инструкциясына (08.04.1999ж. №3. 04.031-99) сәйкес ішімдік суды, сонымен қатар инфекциялық ауру шықпас үшін резервуарды күнделікті дезинфекциялау керек.

Бұрғыланған ұңғымаларды пайдалануды бағалау нәтижелерімен және кен қойнауын игеруде кенорнының шекараларында жерасты суларының жағдайын қадағалауға мүмкіндік болатын бақылау ұңғымалар жүйесі болуы қажет. Ұңғымаларды кен орнынан оқшаулау үшін, жерасты суларының ағысының жоталы және төмен жақтарына орналастыру керек. Жерасты суларының мониторингіне негізгі гидрохимиялық көрсеткіштері ену керек, сонымен қатар оның механикалық қоспалар маңыздылығын анықтау үшін мұқият тексеру керек.

Жерасты суларының сынамасынан анықталатындар, фенолдар, көмірсутегі-лер, ауыр металлдар, ұңғымалардан судың сынамасы әрбір тоқсан сайын бір рет алынады, ал апатты жағдайларда нақтылы жағдайлардан жиірек алынуы қажет.

«Амангелды» газконденсатты кенорнының бұрғылау алаңында шлам жинайтын шұңқыр іске асырылғандықтан бірінші су қабатына оның әсерін бағалау керек.

Жер қыртысының мониторингі кенорнын игеру барысында атқарылатын өндірістік процестердің жер қойнауына (литосфера) әсері, топырақ бетінің ластануынан басталады. Тексеру барысында алынған топырақ сынамасы оның ластануын тексеруге негіз болады. Ластану деңгейін бағалауда Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімімен бекітілген (17.09.97ж.) «Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу реті» талаптары ескерілуі және басқа іске асырылған заңды және нормативті талаптарына сай жүргізілуі қажет.


Қорытынды

Диссертациялық жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасында іс жүзінде пайдаланудағы құқықтық нормативті-әдістемелік құжаттар және басқа материалдар негізге алынған. «Амангелді» газ кен орны аумағындағы табиғи ортаның экологиялық жағдайын талдау барысында келесідей негізгі нәтижелер алынған:

1. Шу-Сарысу ойпаты жер қойнауындағы газ, газ конденсатты, инертті газ кенорындарын игеруге мүмкін болатын қорларының, олардың физикалық, химиялық құрам сипаттамасына, олардың жер қойнауында қалыптасу жағдайларына экологиялық тұрғыдан жүйелі талдау жасалынған.

2. Көмірсутегі шикізаттары физикалық, химиялық қасиеттері тұрғысында зиянды, ал оларды игерудің технологиялық үрдістерінде шығарылатын заттардың қоршаған табиғи ортаға, адам денсаулығына, жан-жануарларға зияны өте жоғары екендігі бағаланған.

3. «Амангелді» газ кенорындарында ұңғымаларды бұрғылау, көмірсутегі шикізаттарын өндіру, жинақтау, дайындау, өңдеу үрдістері шығарылым-дарының қоршаған ортаға әсерін бағалау және зерттеу әдістемелерін жетілдіру мақсатында ыстық лепті шығарылым құрамындағы зиянды заттардың табиғи ортаға ыдырап таралуына теориялық негізде талдау жасалынып, газ қоспаларының шығарылу биіктіктері және НТ және шығарылым газдарының таралу бағытындағы бастапқы концентрациясының өзгерілу С0 =ƒ(х, у, z, ρ, G, φ) теңдеуі шығарылған.

4. Өндірістік үрдістердің әсерінен болатын экологиялық өзгерістерді бағалау тәсілдері қарастырылып, оның экологиялық салдары коэффициенттерінің мәндері аналитикалық әдіспен есептеліп анықталған.

5. Шығарылымдардың техногенді әсерлерін бағалау мақсатында ұңғымаларды бұрғылауда табиғат нысаналарының ластануын, кен орнын игеру барысындағы орындалған құрылыс жұмыстарын, өндірілген газдарды кешенді дайындау жұмыстарын жүргізу барысында табиғи қоршаған ортаны ластаушы көздерінің кешенді сүлбелері жасалынған.

6. Сұйық түріндегі (ақаба сулары, бұрғылау ерітінділері) қалдықтарды жинақтап зиянсыздандырудың геосинтетикалық материалдары негізінде жер қойнауының, топырақ бетінің, жер беті суларының ластануын болдырмайтын экологиялық қауіпсіз технологиясы ұсынылған.

7. «Амангелдігаз» ЖШС кәсіпорнының газдарды кешенді дайындау құрылымының (ГКДҚ) шығарылым газдарын жандыруда қоршаған ортаға шығарылатын ыстық лепті газ қоспаларының құрамындағы зиянды заттар концентрациясы өте жоғары болғандықтан, оның қазіргі жағдайын зерттеп, алаулы шырақ қондырғысының экологиялық тиімді нұсқасы ұсынылған.

Қойылған мәселелердің толықтай шешілуін бағалау. Жұмыстың алдына қойылған мақсат пен қарастырылған мәселелер толығымен шешілген. Зерттеу нәтижелері Қ.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің «Экология» ҒЗИ ғылыми-зерттеу жұмыстарына, оқу үрдістеріне және «Амангелдігаз» ЖШС кәсіпорнына қабылданды (өндіріске енгізу актілері).

Диссертация нәтижелерін нақты қолдану бойынша ұсыныстар мен келтірілген мағұлматтар. Зерттеу жұмыс нәтижелерін мұнай-газ өндірістерінің әртүрлі салаларындағы инженерлік-техникалық қызметкерлер, жобалау ұйымдары, ғылыми зерттеу институттары, «Мұнай-газ өндірісі саласында қоршаған ортаны қорғау» пәнінен оқу үрдістерінде пайдалану, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға мамандар дайындауға қатысты оқытушылар, экологтар, биологтар мен тау-кен инженерлері пайдалана алады.

Жұмыстың нәтижелерін өндіріске енгізудің техникалық-экономикалық және экологиялық тиімділігін бағалау. Шығарылым газдарын жандырудан зиянды заттардың шығарылуын азайту шараларын іске асыруда экономикалық тиімділігі 4284448,9 теңге, ал оның нәтижелігі 84,2% құрайды.

Орындалған жұмыстың осы саладағы алдыңғы қатарлы жетістіктермен салыстырғандағы ғылыми деңгейін бағалау. Мұнай-газ кен орындарының жер қойнауындағы көмірсутегі шикізаттары табиғаттың адамзатқа берген дайын сыйы болғанмен оларды игеру, дайындау, жинақтау, өңдеу, тасымалдау үрдістерінде шығарылымдар құрамындағы газ қоспалары экологиялық тұрғыдан өте қауіпті және зиянды болуына байланысты «Амангелдігаз» ЖШС кәсіпорны өндірістік үрдістері шығарылымдарының техногенді әсерлерінің сипаттамалар-ын кешенді бағалау мақсатында кен орындарын игеру барысындағы зиянды заттармен табиғи ортаның ластану жіктемесінің сүлбесі жасалынған және ыстық лепті газ қоспаларының шығарылуы мен таралу көрсеткіштерін есептеп шығару үшін теориялық талдау нәтижесі бойынша теңдеулер шығарылған.

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған жұмыстар тізімі
1. Тілегенов И.С., Дәрібаев Ю., Қоқаев Ө.Ш., Абилова Э. Анализ основных горно-геологических параметров месторождений инертных газов региона Жамбылской области// «Табиғатты пайдалану және антропосфера мәселелері» ТарМУ хабаршысы. Тараз, 2006, №2(22), 17-20 б.

2. Тілегенов И.С., Қамысбаева Р., Қоқаев Ө.Ш. Обоснование эксплутацион-ных параметров месторождения инертных газов в регионе Жамбылской области// «Табиғатты пайдалану және антропосфера мәселелері» ТарМУ хабаршысы. Тараз, 2006, №2(22), 32-38б.

3. Тілегенов И.С., Қоқаев Ө.Ш., Ж.Р.Әліпбаев. Расчет рассеивания выбросов от технологических процессов предприятия ТОО «Амангельдыгаз» в атмосферу// «Табиғатты пайдалану және антропосфера мәселелері» ТарМУ хабаршысы №4(28). «Экологияның өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның еңбектері. Тараз 2007, 30 қараша-1 желтоқсан. 16-20 б.

4. Тілегенов И.С., Қоқаев Ө. Ш. Оценка экологического состояния региона месторождения Амангельды// ТарМУ хабаршысы №4(28). «Экологияның өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның еңбектері. Тараз 2007, 30 қараша-1 желтоқсан. 68-71 б.

5. Тілегенов И.С., Қоқаев Ө.Ш., Э.У.Абилова. Анализ природно-климатического условия и характеристика предприятия как источника загрязнения окружающую среду// «Табиғатты пайдалану және антропосфера мәселелері» ТарМУ хабаршысы. 2007ж. №1(25), 40-45б.

6. Тілегенов И.С., Қоқаев Ө.Ш., Бакиров Р.Б. Количественная и качественная оценка максимального выброса загрязняющих веществ в окружающую природную среду региона Амангельдинского месторождения// «Табиғатты пайдалану және антропосфера мәселелері» ТарМУ хабаршысы. 2007ж. №1(25), 46-56 б.

7. Тілегенов И.С., Қоқаев Ө.Ш., Әбілова Э.Ө., Әліпбаев Ж.Р. «Амангелді газ» кен орнын игеру барысында бөлінген жер аумағындағы өндірістік процестердің әсерінен болатын экологиялық өзгерістерді бағалау// КБТУ, «Мұнайгаз индустриясының инновациялық даму мәселелері.» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция мақалалар жинағы,Алматы, 3-4 сәуір, 2008 ж. №1, 210-214 б.

8. Қоқаев Ө.Ш. Технологиялық процесстерден шығарылатын зиянды заттардың табиғи ортаға ыдырап таралу механизміне теориялық негізде талдау// КБТУ, «Мұнайгаз индустриясының инновациялық даму мәселелері.» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция мақалалар жинағы,Алматы, 3-4 сәуір, 2008 ж. №1, 206-210 б.

9. Тілегенов И.С., Қоқаев Ө.Ш., Исакова Л.Ә., Әбілова Э.Ө. «Амангелдігаз» ЖШС кәсіпорынының өндірістік және тұрмыстық-шаруашылық жұмыстары үрдістері-нің қоршаған орта компоненттеріне зиянды әсерлері және оларды болдырмау жолдары// «Табиғатты пайдалану және антропосфера мәселелері» ТарМУ хабаршысы. 2007ж. №3(27), 81-87б.

10. Тілегенов И.С., Қоқаев Ө.Ш., Исакова, Л.А., Алипбаев Ж.Р., Оценка существующего положения опытно-промышленной эксплуатации в целях экологизации разработки месторождения «Амангельды»// «Табиғатты пайдалану және антропосфера мәселелері» ТарМУ хабаршысы. 2007ж. №3(27), 125-128 б.

11. Тілегенов И.С., Қоқаев Ө.Ш., Исакова Л.А., Алипбаев Ж.Р. Изучение состояния территории месторождения «Амангельды» в целях выяснения реального положения дел с консервированными скважинами//«Табиғатты пайдалану және антропосфера мәселелері» ТарМУ хабаршысы. 2007ж. №3(27), 129-135 б.

12. Тілегенов И.С., Қоқаев Ө.Ш., Исакова Л.Ә., Шығарылым газдарын алаулы шырақ қондырғыларында жандыруда зиянды заттарды болдырмау шараларын жасау// «Табиғатты пайдалану және антропосфера мәселелері» ТарМУ хабаршысы. 2007ж. №3(27), 88-96 б.

13. Тілегенов И.С., Қоқаев Ө.Ш., Әліпбаев Ж.Р. «Амангелді» кен орны аумағында ұңғымаларды бұрғылау жұмыстарының қоршаған ортаға әсерін бағалау// «Табиғатты пайдалану және антропосфера мәселелері» ТарМУ хабаршысы. 2007ж. №3(27), 97-100 б.

14. Тілегенов И.С., Қоқаев Ө.Ш., Әліпбаев Ж.Р. Шығарылым газдарды іске асыруда технологиялық шешімдерді экологизациялау мүмкіндіктері// «Табиғатты пайдалану және антропосфера мәселелері» ТарМУ хабаршысы. 2007ж. №3(27), 112-115 б.

15. Тілегенов И.С., Қоқаев Ө.Ш., Исакова Л.А., Дарибаев Ю.А. Основные направления экологизации эксплуатации месторождения//«Табиғатты пайдалану және антропосфера мәселелері» ТарМУ хабаршысы. 2008ж.№2(30), 9-12 б.

16. Тілегенов И.С., Қоқаев Ө.Ш., Исакова Л.А., Дарибаев Ю.А. Көмірсутекті және инертті кенорындарын игеру көрсеткіштерін экологиялық тұрғыдан салыстырмалы түрде нұсқалы бағалау// «Табиғатты пайдалану және антропосфера мәселелері» ТарМУ хабаршысы. 2008ж. №2(30), 13-23 б.



РЕЗЮМЕ

Кокаев Умиржан Шералиевич

«Экологическая оценка воздействия выбросов производственных процессов предприятий ТОО «Амангельдыгаз» в природную среду.

Диссертация на соискание ученой степени кандидата технических наук по специальности 25.00.36 – Геоэкология.

На основе основных положений, изложенных в Концепции экологической безопасности Республики Казахстан на 2004 – 2015 годы, в стране реализовывается программа «Охрана окружающей среды». В процессе разведки освоения и эксплуатации минеральных ресурсов на территориях промышленных объектов накоплено и выброшено в атмосферу и водные бассейны свыше миллиарда тонн твердых, жидких и газообразных отходов. Одними из техногенных загрязнителей являются объекты нефтегазовой промышленности.

В настоящее время интенсивно ведутся работы по добыче газа на Амангельдинском месторождении и освоению месторождений Айракты, Анабай, Жаркум. В связи с этим необходимо решить задачи по выявлению экологических проблем, возникши в ходе разведки, освоения и эксплуатации минеральных ресурсов региона Шу-Сарысуйской впадины, принять меры по ликвидации их последствии и максимально уменьшить степень техногенного воздействия при освоении новых месторождений.

Объект исследования. Выявление экологических проблем, возникших в ходе эксплуатации Амангельдинского газового и газоконденсатного месторождения и максимально уменьшить загрязнение окружающей природной среды при освоении новых месторождений Шу-Сарысуйской впадины.

Цель работы. Экологическая оценка выбросов в ходе производственных процессов предприятий ТОО «Амангельдыгаз» в природную среду и разработка мероприятий по снижению воздействия при освоении новых месторождений.

Для достижения поставленной цели необходимо решить следующие задачи:

- оценка воздействий выбросов производственных процессов предприятий ТОО «Амангельдыгаз» и исследование основных факторов влияния;

- оценка воздействия технологических процессов на окружающую среду;

- выявление возможностей снижения производственных, коммунально-бытовых выбросов и рекомендуемые меры по утилизации отходов;

- изучение существующих технологий и выбор эффективной технологии по предотвращению выбросов вредных веществ в окружающую природную среду.



Методы исследования. Фундаментальные и теоретические исследования геоэкологических проблем региона Амангельдинского месторождения, оценка характера и механизма распространения загрязняющих веществ в атмосферном воздухе. Для решения поставленных задач использованы комплексные методы исследования, включающие лабораторно-полевые, опытно-промышленные, визуальные - графоаналитические, математической статистики при обработке экспериментальных данных.

Основные результаты работы:

- оценка уровня загрязнения атмосферного воздуха, почвенного покрова и водной среды при освоении и эксплуатации Амангельдинского месторождения газа и газоконденсата;

- исследование теоретических основ распространения вредных веществ, содержащихся в выбросах и обоснование формул оценки высоты выброса в зависимости от скорости движения воздушного потока над факелом высоко-температурной газовой смеси при сжигании сбросных углеводородов на факель-ную установку и изменение начальной концентрации от С0 =ƒ(х, у, z, ρ, G, φ) и определены графические зависимости;

- для снижения выброса вредных веществ в атмосферный воздух при сжигании выбросных газов углеводорода по результатам патентных поисков;

- рекомендован эффективный вариант факельного устройства;

- разработана модель распространения высокотемпературного выброса при сжигании выбросных газов углеводорода в направлении движения атмосферно-го воздуха;

- разработаны модели загрязнения природных объектов отходами при бурении скважин;

- для сбора и хранения жидких отходов рекомендовано экологически безопасное амбарное устройство на основе геосинтетических материалов.



Практическая ценность работы и реализация результатов работы. По результатам исследования экологического состояния природной среды региона при освоении Амангельдинского месторождения, в процессе добычи, сбора, подготовки и транспортировки углеводородного сырья имеются возможности определить степень воздействия комплекса производственных процессов на компоненты окружающей среды, определить экологические показатели вредных веществ, содержащихся в техногенных выбросах.

Имеются возможности использования полученной на основе теоретического, аналитического и математического исследования формулы использовать для обоснования и расчета технических показателей факельной установки и расчета количественного и качественного показателей вредных выбросов тепло-энергетических и других промышленных комплексов.

Полученные результаты, возможно, использовать при разработке проектов ПДВ, ПДК, ПДС.

Основные научные результаты необходимо использовать как лекционные материалы, при проведении практических, лабораторных занятий, в составлении учебно-методических пособий, указаний, для выполнения самостоятельных, дипломных работ.



Оценка технико-экономической и экологической эффективности внедрения. Экокномический результат от реализации по снижению выбросов вредных веществ, содержащихся в продуктах горения сбросовых газов состовляет - 4284448,9 тенге, а эффективность – 84%.
SUMMARY

Kokaev Umirzhan Sheralievich

Ecological evaluation of production processes throwing influence of the limited partnership “Amangeldygas” enterprises on the environment”.


Thesis for a candidate of engineering’s degree on specialty 25.00.36 – Geoecology.
On the base of principal points stated in Conception of ecological safety of the Republic of Kazakhstan the elaborated program “Environment protection” is being realized for 2004-2015. More than one milliard tones of solid, liquid and gas waste has been accumulated and thrown into the air and reservoirs in the process of prospecting of development and exploitation of mineral resources on the territory of industrial projects. One of the pollutants caused by technological activities of people is oil and gas industry projects.

Now the works on the extraction of Amangeldy gas deposit and development of Airakty, Anabai, Zharkum deposits are being conducted intensively. In connection with this it is necessary to solve problems on exposing of ecological problems appeared during the prospecting, development and exploitation of mineral resources of Shu-Sarysu cavity region, take measures on their elimination and consequences and maximally reduce the degree of technological influence during the development of new deposits.



The object of investigation. Exposing of ecological problems appeared during the exploitation of Amangeldy gas and gas-condense deposits and maximally reducing of environment pollution during the development of new deposits of Shu-Sarysu cavity.

The aim of the work. Ecological evaluation of production processes throwing of the limited partnership “Amangeldygas” enterprises into the environment and elaboration of activities aiming to reduce the influence during the development of new deposits.

To obtain the established aim it is necessary to study the following objectives:

- evaluation of production processes throwing of the limited partnership “Amangeldygas” enterprises and investigation of main factors of influence;

- evaluation of influence of technological processes on the environment;

- exposing of reduction of production, communal waste opportunities and recommendation measures on waste utilization;

- study of existing technologies and selection of the effective technology on prevention of harmful substances throwing into the environment.



The methods of investigation. Fundamental and theoretical investigations of the geoecological problems of Amangeldy deposit region, evaluation of nature and mechanism of pollutants spreading in the air. Complex methods of investigation including laboratory field, experimental industrial, visual graphoanalitical, math statistics in experimental data processing are used for solving established objectives.

The main achievements of the work:

- evaluation of the pollution level of the atmosphere, soil and water environment during the development and exploitation of Amangeldy gas and gas condense deposit;

- theoretical basics of spreading of pollutants that are contained in the throwing are investigated and the formulas of throw altitude evaluation depending on the speed of air flow movement above the torch of high temperature gas mixture during the burning of throwing hydrocarbons in the torch setting and alteration of initial concentration from С0 =ƒ(х, у, z, ρ, G, φ) are proved and graphical dependences are defined;

- effective variant of torch setting is recommended for reducing of pollutant throwing into the air during the burning of throwing gases of hydrocarbons according to the patent search results;

- the model of high temperature throwing spreading during the burning of throwing gases of hydrocarbon in direction of air movement is worked out;

- the models of natural projects pollution by pollutants during the borehole boring are worked out;

- ecologically safety garner device on the base of geosynthetic materials is recommended for collection and storing up of liquid waste.

Practical application of the work and implementation of the work achievements. According to the results of the ecological situation investigation of the environment of the region during the development of Amangeldy deposit, extraction, collection, preparation and transportation of hydrocarbon raw materials there are the opportunities to define the degree of influence of production processes complex on the environment components, to establish ecological rates of harmful substances that are contained in the technological throwing.

There is the opportunity to use the formula obtained on the base of theoretical, analytical and math investigations for proving and reckoning of technical rates of harmful throwing of thermoenergy and other industry complexes.

It is possible to use the obtained results in the elaboration of the projects of maximum permissible throwing (MPT), maximum permissible concentration (MPC), maximum permissible discharge (MPD).

The basic scientific achievements should be used both as lecture materials and in conducting of practical and laboratory works, compiling of educational methodical manuals, guidelines for writings of course and thesis works.

Evaluation of technical economical and ecological efficiency of penetration. The economical result from the realization of harmful substances throwing reduction, that are containet in the products of burning of discharge gases is 4284448,9 tenge, the efficiency is 84%.

Басуға 15.03.2009 ж. қол қойылды. Пішімі 60х84 1/16.

Офсеттік қағаз. Офсеттік басылым. Баспа табағы 1,5.

Тапсырыс №66. Таралымы 100 дана.


ХҚТУ баспасы, Тараз институты

080000, Тараз қ., Төле би көшесі 69а.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет