16-1-бап.
Заңды 16-1-баппен толықтыру көзделген – ҚР 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
17-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
1. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Бақылау субъектісіне бару арқылы тексеруді және профилактикалық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалады.
Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
18-бап. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау
1. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу, оларға жол бермеу және уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды бақылау субъектісінің өзі дербес жою құқығын беру болып табылады.
Әкімші бақылау субъектісі болып табылады.
2. Уәкілетті орган алған деректер мен ақпаратты өзара салыстыру бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәсілі болып табылады, осы деректер мен ақпаратқа мыналар жатады:
1) оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы және сұрау салынатын ақпарат.
Мұндай ақпаратты берудің нысанын, тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді;
2) уәкілетті мемлекеттік органдардан, сондай-ақ әкімші мен борышкердің қызметі бойынша өзге де көздерден алынған мәліметтер.
Атына уәкілетті органның сұрау салуы келіп түскен мемлекеттік орган, жеке және заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда және тәртіппен кез келген құпия ақпаратты (банктік, салықтық, коммерциялық құпия) ашуға және борышкерге және әкімші жүзеге асыратын оңалту рәсіміне немесе банкроттық рәсіміне қатысты құпия ақпаратты қамтитын кез келген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға міндетті.
Уәкілетті органның сұрау салуын орындау мерзімі, орындаудың неғұрлым ұзақ мерзімі сұрау салудың өзінде көрсетілген жағдайларды қоспағанда, сұрау салу келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.
3. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған кезде, бұзушылық анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша хабарлама жіберіледі.
Хабарлама бақылау субъектісіне қолын қойдыра отырып жеке өзіне немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген хабарлама мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол – хабарламада алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) пошта арқылы – тапсырысты хатпен пошта жөнелтілімі алынғаны туралы хабардар етілген күннен бастап;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) электрондық тәсілмен – қызметінің басталғаны немесе уәкілетті органда деректердің өзгергені туралы хабарламада көрсетілген әкімшінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілген болып есептеледі.
4. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Бақылау субъектісі хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген кезде хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарламаны жіберген уәкілетті органға қарсылық жіберуге құқылы.
Хабарлама орындалмаған деп танылған жағдайда, уәкілетті орган жазбаша шешім шығарады және оны осы баптың 3-тармағында көзделген тәсілдердің бірімен бақылау субъектісіне жібереді.
6. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
7. Уәкілетті орган жойылуы мүмкін емес бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, әкімшіге бұзушылық анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша хабарлама жіберіледі.
8. Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау тоқсан сайын жүзеге асырылады.
Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
19-бап. Сұрау салуларды жіберу және рәсімдердің жүргізілу барысы туралы ақпаратты қабылдау
Ескерту. 19-бап алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
20-бап. Хабарламалар
Ескерту. 20-бап алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
21-бап. Әкімшілердің ағымдағы және сұратылатын ақпаратты ұсыну және қабылдау тәртібі
Ескерту. 21-бап алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Достарыңызбен бөлісу: |