Объединение юридических лиц в форме ассоциации «общенациональное движение «бобек»



Pdf көрінісі
бет21/95
Дата20.10.2022
өлшемі1.76 Mb.
#463038
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   95
7 1 ЭКОНОМИЧЕСКИЕ НАУКИ

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL 
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2022: CENTRAL ASIA» 
ASTANA, KAZAKHSTAN, SEPTEMBER 2022 
24 
ӘОҚ 336.7 
БАНК КЛИЕНТІНІҢ НЕСИЕЛІК ҚАБІЛЕТТІЛІГІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ 
КРИТЕРИЙЛЕРІ, ОНЫ БАҒАЛАУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ 
 
Блеутаева Кульжамал Бегимбаевна,
Экономика ғылымдарының докторы, профессор 
«Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы 
Султанов Алтай Айдарович 
Экономика ғылымдарының магистрі
«Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы 
«Zhansugurov College»
Талдықорған, Қазақстан 
 
Аннотация: Банк клиентінің несиелік қабілеттілігін бағалау және оның 
критерийлері, оны бағалаудың шетелдік тәжірибесі қарастырылады 
Түйінді сөздер: Несиелік қабілеттілік,қарыздың мөлшері , банк клиенті, 
бәсекелестік орта, ұйым қызметі, несиелік қатынастар 
 
Ұйым қызметінің негізгі бағыты, жабдықтау және өткізу шарттары мен әдістері, 
өндірістің сипаты, нарықтың белгісіздік деңгейі және фирманың экономика үшін маңызы - 
банктер үшін оның даму болашағын бағалауға мүмкіндік беретін маңызды жағдайлар 
болып табылады. 
Несиелік қатынастарды бағалауды банктерден басқа, банктер үшін қарыз алушының 
қаржылық жағдайы туралы экономикалық ақпараттарды жинап, өңдейтін және оны 
банктерге сататын арнайы құрылған фирмалар және рейтингтік бюролар жүзеге асырады. 
Экономикасы дамыған елдерде мұндай рейтингтік агенттіктер кең қолданыс тапқан 
және олардың мәліметтері коммерциялық банктер тарапынан үлкен сұранысқа ие.
Шетел банктерінде қажетті ақпарат көздерін алудың ең танымал әдістерінің бірі - 
белгілі бір клиентпен іскерлік қатынаста болған басқа банктер мен клиенттің іскерлік 
серіктестерінен мәліметтерді сұрастыру болып табылады. 
Банк алған ақпараттарды жарияламау керек. Кері жағдайда, яғни банк құпия 
ақпараттарды белгілі бір себептерге байланысты жарияласа, бұл банкке келесі ретте мұндай 
ақпараттар берілмейді. Осыған байланысты, дамыған мемлекеттерде құпия ақпараттарды 
берудің тәртібі белгіленген. Мысалы, «коммерциялық кәсіпорынның несиелік қабілеті 
туралы, банктердің ақпараттармен айырбасы туралы, Этикалық Кодекс» [1, 269 – 273 бб.]. 
Біздің елімізде, өкінішке орай, мұндай ақпараттық агенттіктер жеткілікті дамымаған. 
Әлеуетті қарыз алушылар туралы ақпаратты іздеу, өңдеу және бағалау бойынша негізгі 
жұмыс банктердің өздеріне жүктелген. Сонымен қатар, коммерциялық құпияға негізделіп, 
қарыз алушылар өте аз ақпараттарды ұсынады. Бұл, өз кезегінде, несиелік қабілетті талдау 
процесін қиындатады. 
Әлеуетті қарыз алушылардың қаржылық есебі несиелік қабілетті бағалау үшін ең 
маңызды ақпарат көздері. Өткен кезең бойынша қаржылық есептер, ақша ағындары туралы 
есептердің негізінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын және пайдалылығын бағалап қана 
қоймай, сонымен бірге оның болашақтағы алатын табысын анықтауға да мүмкіндік береді. 
Банк қызметкерлері қаржылық есеп берулерді қарыз алушының ақшалай құралдардағы 
қажеттілігін, оларды өтеу ықтималдығын, несиелік тәуекелдің пайда болуын бағалау үшін, 
сонымен бірге несиелеудің шарттарын анықтау үшін қолданады. Қаржылық есеп берулер 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет