Дәріс №4 Критериалды бағалау жүйесінің теориялық негіздері. Критериалды бағалау технологиясының негізгі терминдері. Критериалды бағалаудың қағидаттары (принциптері). Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны



бет1/4
Дата19.10.2023
өлшемі261.5 Kb.
#481161
  1   2   3   4
file-10784


Дәріс №4
Критериалды бағалау жүйесінің теориялық негіздері. Критериалды бағалау технологиясының негізгі терминдері. Критериалды бағалаудың қағидаттары (принциптері). Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны. Критериалды бағалаудың құрылымы: қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау.
Орта білім берудің тиімді әрі маңызды көрсеткіштерінің бірі мектептегі білім беру әрекетінің қызметін, дамуын, оқушыларға және олардың нәтижелеріне әсер ететіндігін көрсететін білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесінің сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың әлеуетті деңгейіне тікелей байланысты.
Бағалау жүйесіндегі тиімділігі маңызды көрсеткіштердің бірі орта білім беретін мектептердегі білім беру әрекеттерінің қалай қызмет ететінін, даму жағдайын, білім алушыға, оның нәтижесіне әсер етуін көрсететін білім алушылардың оқу жетістігінің деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін бағалау жүйесінің қаншалықты сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың шама деңгейіне соншалықты байланысты.
Критериалды бағалау –белгіленген критерийлер негізінде білімалушылардың нақты қол жеткізген нәтижелерін оқытудың күтілетін нәтижелерімен сәйкестендіру үдерісі.
Критериалды бағалау жүйесін енгізудің мақсаты әрі қарай оқуүдерісін жетілдіре түсу үшін бағалау критерийлері негізінде білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығына білім алушылардың оқу нәтижесі туралы нақты ақпарат алу болып табылады.
Үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибені кіріктіре отырып құрастырылған критериалды бағалау жүйесі төмендегідей міндеттердіжүзеге асыруға мүмкіндік береді:

  1. Білім беру қызметінің сапасын арттыруға жағдай жасайтын объективті және анық бағалау жүйесін іске асыру;

  2. Халықаралық тәсілдер мен стандарттарға сәйкес сапалы және бірыңғай бағалау механизмін қалыптастыру;

  3. Бағалау әрекетіндегі мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру;

  4. Өз бетінше білім алу дағдыларын дамыту үшін жағдай жасау және білім алушылардың өз оқуына деген жауапкершілігін арттыру;

  5. Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты жетілдіру;

  6. Білім алушылардың күтілетін нәтижелерге, соның ішінде жоғары деңгей дағдыларына (талдау, жинақтау, бағалау) жетуін бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмалар үлгілерінің қорын құру;

  7. Объективті, үздіксіз және нақты:

  • білім алушыларға олардың оқуының сапасы туралы;

  • мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;

  • ата-аналарға оқу нәтижелерінің жетістік деңгейі туралы;

  • басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпаратты беру;

8. Электрондық журналды жинау үдерісін оңтайландыру және ақпараттар ұсыну үшін қолдану;
9. Әр білім алушының, жеке мектептің, барлық аудан, облыс және мемлекет деңгейіндегі мектептердің бөлім және тақырыптар аясында оқу бағдарламасын меңгеру мониторингін қолдану;
10. Стандарттарды, оқу бағдарламаларын жетілдіру үшін талдау жүргізу және басқа да басқарушылық шешімдер қабылдау.
Пәндер мен сыныптарға байланысты бағалаудың ұсыныстары қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағында, жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстарда қосымша берілген.
1 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Аталған құжатта төмендегідей терминдер қолданылады:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет