Объединение юридических лиц в форме ассоциации


INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL



Pdf көрінісі
бет191/199
Дата28.02.2023
өлшемі3.95 Mb.
#470155
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   199
1 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA» 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020 
 
183 
социометриясына тоқталсақ. Ол өзінің алғашқы зерттеулерін Венада жүргізген. Венадағы 
психотерапиялық клиникада зеттеу жүргізу барысында ол бірнеше аспектілерді байқап
қорытындылайды: әр түрлі психикалық жағдайлардың адамдарға әсерінің нәтижесінде 
адамның әлеуметтік ортада ыңғайсыз сезінуін, әлеуметтік адаптациядан өте алмағанын 
байқаған. Осы мәселелердің әсерін төмендету үшін әр адамның өз әлеуметтік 
ортасындағы рөлін, статусын, басқа адамдармен қарым – қатынастарын зерттеу қажет 
екенін дәлелдеді
[4].
ХХ ғасырда Джэкоб Морено психодиагностикалық әдістердің мәселелерін зерттеуге 
бет бұрды. Ол социометрияны ең алғаш өз тәжірибесінде өзінің әріптестерінің арасында 
жүргізген. Ондағы әр адамның көңіл – күйін, өзара қарым – қатынасын зерттеген. 
Сонымен қатар ол өз әрісптестеріне «триадалық» деп аталатын жүйені қолданды. Осы 
әдісті қазіргі таңдағы зерттеулерге жүргізуге болады. Ол әдістеме көмегімен топ 
арасындағы топ мүшесінің орнын, оның достары мен жолдастарының бар екендігін, 
топтың ішкі жағдайы мен құрылымын, топаралық қарым – қатынасты анықтауға болады.
Социометрияның мақсаты – кез келген топ немесе ұжым арасындағы өзара байланысын, 
қарым – қатынасын анықтап, татулығын өлшеу
[5].
Психология ғылымының субъектісі – адам. Қоғамда өмір сүріп жатқаннан соң 
адам арасындағы әр қилы процестер, іс – қимылдар, қарым – қатынастар, эмоциялар 
қалыптастасады. Адамдардың бір – бірімен қарым – қатынасы вербалды немесе вербалды 
емес түрде болуы мүмкін. Вербалды коммуникацияда ең басты құрал – тіл. Тіл арқылы 
адам әр түрлі сипаттағы психикалық жағдайын, эмоциясын жеткізе алады. Вербалды емес 
коммуникация арқылы адамның ішкі толғанысын, психикалық жағдайын әр қилы 
эмоциямен, мимикамен, іс – қимыл, позалармен жеткізуге болады. Социометрия әдісінің 
ерекшелігі – жұлдыздар мен көшбасшыларды анықтауда оларды ұнату, ұнатпаудың 
сандық өлшемінің болуында. Ол жан жақты таралған ұғым, оның бірнеше әдістері бар: 
социометриялық тест, аутосоциометрия, ретроспективті социометрия. Топ арасында 
социометрия жүргізу барысында топтың социограммасы мен социоматрицасын жасауға 
мүмкіндік береді. Социометриядағы зерттелінетін қарым – қатынас тек сандық өлшемде 
және анонимді түрде жүргізіледі. Енді бұл әдісті қалай жүзеге асыруға болады? Зерттеу 
жұмысының қорытындыларын қалай есептеп шығарған дұрыс? Ең алдымен, топ 
мүшелерінің барлығын нөмірлеп немесе кез кезген белгімен ерекшелеп аламыз. Кейін 
оларға сұрақтар таратылады. Мысалы, 1)кіммен дос болғың келеді? 2)кіммен бір партада 
отырғың келеді? 3)туылған күніңе кімді шақырасың? дегендей кез кезген ауқымды, топ 
арасындағы қарым – қатынастың өлшемін анықтайтын кемінде 3 – 4 сұрақтар қойылады. 
Сұрақтар жас ерекшелігіне сай құрылып, бір – біріне қарама – қайшылық туғызуы тиіс. 
Топ мүшелері сұраққа анонимді түрде жауап береді. Кейін «таңдау матрицасы» 
жүргізіледі, яғни топтағы топ мүшелері қай нөмірді немесе белгіні ең көп таңдады және 
олар неше рет таңдалғанын есептеуіміз керек. Талдау матрицасының нәтижесін есептеу 
барысында оның жауабын процентпен шығару дұрыс, себебі топтың шынайы қарым – 
қатынасы, ішкі жағдайының өлшемі анықталады. Таңдау матрицасындағы нәтижелерді 
сұрыптап, есептегеннен соң «социограмма» жасалады. Социограмма 4 шеңберден тұрады: 
1)ең көп таңдалғандар (2 есе көп таңдалғандар), яғни көшбасшылар; 2)орташа 
таңдалғандар; 3)орташадан төмен, яғни елеусіз немесе менсінбейтін балалар; 4)оқшау 
қалған, шеттелген балалар немесе мүлде есімдері жазылмағандар. Кейін нәтижелерін 
социограммаға проценттік өлшемде түсіргеннен кейін олардың социоматрицасы жасалды. 
Ол социограмманың жоғары жағына топтың аты, білім алушылар саны, ұл мен қыздардың 
көлемі, орташа жастары жазылады. Социограммадағы 4 шеңбердегі қорытындылар 
жазбаша түрде социоматрицаға түсіріледі. Нәтижесінде, социограмма нәтижесі бойынша 
үшінші және төртінші шеңберге түсіп қалған балалармен жұмыс жүргізіледі. Оны топпен 
немесе жеке топ жетекшісі жүргізуге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет