Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы


Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу өлшемшарттары 1-тарау. Жалпы ережелер



бет5/5
Дата23.02.2024
өлшемі43.8 Kb.
#492994
1   2   3   4   5
АУЛЫ 234 (1)

Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу өлшемшарттары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы өлшемшарттардың мақсаттары үшін мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттар – белгілі бір жағдайларда және белгілі бір концентрацияда адамның немесе болашақ ұрпақтың денсаулығына зиянды әсер етуі мүмкін, қолданылуы мен пайдаланылуы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілермен және гигиеналық нормативтермен регламенттелетін заттар;
2) есептік алаң – дәліздерді, тамбурларды, өтпелерді, саты өткелдерін, лифт шахталарын, ішкі ашық сатыларды, сондай-ақ инженерлік жабдықтар мен инженерлік желілерді орналастыруға арналған үй-жайларды қоспағанда, онда орналастырылатын барлық үй-жайлар алаңының жиынтығы;
3) бұқаралық ғимараттар – адамдардың болуына және (немесе) олардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған, бұл ретте жеке-дара айқындалмаған тұлғалар тізбесіне еркін кіре алатын ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлары не олардың бөліктері;
4) сауда алаңы – тауарларды қоюға, көрсетуге, сатып алушыларға қызмет көрсетуге және тауарларды сату, сатып алушылардың өтуі кезінде сатып алушылармен ақшалай есеп айырысуға арналған арнайы жабдықтар орналасқан сауда объектісінің алаңы.
2. Террористік тұрғыдан осал аса маңызды мемлекеттік объектілерге мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін объектілер жатады:
1) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының объектілерін қоспағанда, орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының объектілері; шешілетін міндеттердің маңызына қарай өздері бағынысты органның негізделген ұсынысы (өтінімі) бойынша олардың құрылымдық және өңіраралық, облыстық, аудандық маңызы бар, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық бөлімшелерінің объектілері;
2) сот жүйесі органдарының, олардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің объектілері;
3) арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, олардың ведомстволарының, құрылымдық, аумақтық бөлімшелерінің объектілері;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің объектілері;
5) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық тізбесіне сәйкес);
6) облыстың, ауданның, қаланың, облыстық және республикалық маңызы бар қаладағы ауданның, астананың жергілікті өкілдік және атқарушы органдарының объектілері;
7) өзге де мемлекеттік маңызы бар объектілер.
3. Террористік тұрғыдан осал стратегиялық объектілерге, стратегиялық маңызы бар экономика салаларының объектілеріне мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін объектілер жатады:
1) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелері;
2) мемлекеттік материалдық резервтері бар объектілер (медициналық препараттарды, жанар-жағар май материалдарын сақтау қоймалары, азық-түлік және зат қоймалары);
3) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері: жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлық газбен қамтамасыз ететін және осы тармақшаның өлшемшарттарына сай келетін газ бөлу станциялары; электр (50 МВт жоғары) және (немесе) жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар, орталықтандырылған жылумен жабдықтау (100 Гкал жоғары) (ЖЭО, МАЭС, ГЭС, ГТЭС, ЖЭС және қазандықтар) аймақтарында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын қазандықтар, 220 кВт және одан жоғары жүйелік оператордың қосалқы станциялары, ауызсумен жабдықтау объектілері – 5000 (бес мыңнан) астам су тұтынушы адамға ауызсу беруді қамтамасыз ететін су тарту құрылыстары;
4) көлік инфрақұрылымының объектілері ("кластан тыс", "1", "2" және "3" класты теміржол вокзалдары, халықаралық рейстер жасайтын кемелерге қызмет көрсететін теңіз порттары, әуежайлар (әуеайлақтар), аэронавигациялық қызмет көрсетушілердің объектілері);
5) бұзылуы (қызметінің бұзылуы) жаһандық, өңірлік немесе жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларға әкеп соғуы мүмкін су шаруашылығы объектілері (гидротехникалық құрылыстар – су ресурстарын басқару үшін пайдаланылатын гидротораптар, шлюздер, бөгеттер және тағы басқа);
6) мұнайды және (немесе) газды қайта өңдеу, ыдыста мұнайды және (немесе) газды сақтау жүзеге асырылатын, уран өндіру және қайта өңдеу жүзеге асырылатын объектілер; химия өнеркәсібі саласындағы қызметті жүзеге асыратын объектілер;
7) қорғаныс өнеркәсібінің объектілері;
8) байланыс, телекоммуникация, телерадиохабар тарату (техникалық құрылыстар (радиотелевизиялық станциялар) объектілері;
9) жүйе құрушы кәсіпорынға жататын металлургия өнеркәсібі ұйымдары;
10) атом энергиясын пайдалану объектілері.
4. Террористік тұрғыдан осал қауіпті өндірістік объектілерге мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін объектілер жатады:
1) ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық (бактериологиялық, улы) заттарды әзірлеуге, өндіруге, сынауға, зерттеуге және сақтауға қатысатын объектілер;
2) жарылғыш заттарды, уытты және аса уытты заттарды сақтау объектілері.
5. Адамдар көп жиналатын террористік тұрғыдан осал объектілерге мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін объектілер жатады:
1) сауда алаңы 500 (бес жүз) шаршы метр және одан да көп сауда объектілері не қару-жарақ және оқ-дәрілер саудасы жүзеге асырылатын аумақтардағы объектілер;
2) келушілерге қызмет көрсетуге арналған залдардың жиынтық алаңы 500 (бес жүз) шаршы метр және одан көп қоғамдық тамақтандыру объектілері;
3) бір мезгілде 200 (екі жүз) және одан көп адам болуға2 (сыйымдылығы) есептелген мәдениет ұйымдарының объектілері (театрлар; концерт залдары; цирктер; кітапханалар; мәдени-демалыс ұйымдары; кинематографиялық ұйымдар (қызметінің негізгі түрі кинозалда жүзеге асырылатын фильм көрсету болып табылады), музейлер, көркемсурет галереялары (салондар); студиялар; шеберханалар; мәдени-тарихи орталықтар; мәдениет саласындағы зерттеулер орталықтары (зерттеу институттары); мәдениет саласындағы қызметті жүзеге асыратын басқа да мәдениет ұйымдары);
4) 500 (бес жүз) және одан көп адамның бір мезгілде болуына (сыйымдылығына) есептелген дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары;
5) бір мезгілде 200 (екі жүз) және одан көп адамның болуына (сыйымдылығына) есептелген өзге де ойын-сауық құрылыстары;
6) білім алушылар мен персоналдың нақты саны 100 (бір жүз) және одан көп білім беру ұйымдары (мектепке дейінгі ұйымдар; жалпы білім беретін мектептер (гимназиялар, лицейлер); орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары; мамандандырылған білім беру ұйымдары; арнайы білім беру ұйымдары; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары объектілері;
7) бір ауысымда 200 (екі жүз) және одан көп келушілерге есептелген денсаулық сақтау объектілері 200 (екі жүз) төсекке және одан көп төсекке есептелген, стационарлық көмек көрсететін ұйымдар (егер олар өзге өлшемшарттарға сәйкес келмесе, ведомстволық денсаулық сақтау объектілері);
8) бір мезгілде 200 (екі жүз) және одан көп адамның болуына (сыйымдылығына) есептелген туристерді орналастыру орындары (қонақ үйлер, отельдер, мотельдер, туристік базалар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы және оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да ғимараттар мен құрылыстар);
9) бір мезгілде 200 (екі жүз) және одан көп адамның болуына (сыйымдылығына) есептелген өзге де бұқаралық ғимараттар (оның ішінде ғибадат үйлері (ғимараттары), мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары, мемлекеттік қызметтер, пошта желісінің қызметтері және байланыс қызметтерін пайдаланушыларға қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғалардың объектілері, екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелері);
10) бір мезгілде 200 (екі жүз) және одан көп адамның болуына (сыйымдылығына) есептелген көлік инфрақұрылымы объектілері (автовокзалдар, станциялар).
6. Террористік тұрғыдан осал күзетілетін объектілерге Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы бекітетін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күзететін объектілердің тізбесіне сәйкес объектілер жатады.


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет