Суретші немесе ойшыл. Нұсқаулық



Дата19.05.2022
өлшемі21.5 Kb.
#457636
Суретші немесе ойшыл


Суретші немесе ойшыл.


Нұсқаулық. Он бір ұпайлық жүйені пайдалана отырып, төмендегі тұжырымдарға жауап беріңдер. Үзілді-кесілді жоққа шығару – 0 ұпай, сөзсіз келісуге – 10 ұпай сәйкес келеді. Егер, сені бірінші тұжырым тығырыққа тіресе, өзіңді тұнжыранқы тұлғаға жатқызғың келмесе, бірақ та бақытты болашаққа сенгіштердің қатарын толықтыруға да асықпасаң, онда – 1 – 9 дейінгі ұпайларды қоя аласың.



  1. Менің көңіл-күйім жақсы.

  2. Мен бірнеше жыл бұрын үйренгенімді есімде сақтаймын.

  3. Әуенді бір-екі рет тыңдағаннан кейін, оны қайтадан дұрыс қайталай аламын.

  4. Мен әңгімені тыңдап отырғанда, оны бейнелер арқылы елестетемін.

  5. Мен әңгімелесуде эмоциялар тек қана бөгет жасайды деп есептеймін.

  6. Маған алгебра қиын тиеді.

  7. Мен таныс емес жүздерді есіме оңай сақтаймын.

  8. Мен достары мен жолдастарымның арасында әңгімені бірінші бастаймын.

  9. Егер кімде- кімнің идеялары талқыланып жатса, онда мен дәйектерді талап етемін.

  10. Менде нашар көңіл күй басым.



Нәтиже. Тұжырымдар бойынша 1,2,5,8,9 (сол жақ жарты шар «С») сұрақтардың және 3,4,6,7,10 сұрақтардың ұпайларын (оң жақ жарты шар «О») жеке есептеңдер.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет