Объективті құрылымдық клиникалық емтиханға арналған билет
Пәні: «Педиатриядағы мейірбике ісі»
Мамандығы: 030205 4 – "Мейіргер ісі"
Студенттің аты-жөні:___________________________________
Тобы:___________ Курсы:_____ Күні:__________ Билет номері:________
№ 10- шы клиникалық жағдай 12-айдан -2-жасқа дейінгі балаларға БШАЫЕ бағдарламасы негізінде тамақтандыру және күтім жайлы нұсқаулар беріп, қабылдау жүргізу. Тапсырма: 12- айдан 3-жасқа дейінгі балаларға БШАЫЕ бағдарламасы негізінде тамақтандыру және күтім жайлы нұсқаулар беріп, қабылдау жүргізіңіз.
№
|
Бағалау критерийлері
|
1,0
|
0,5
|
0
|
1
|
Баланың анасымен жылышұрай тілдесіп, өзін таныстырады, баланың аты-жөнін, жасын сұрады. Баланың сеніміне кірді. Баланың тәулігіне неше рет тамақтандырылатынын, ана сүтінен өзге тамақтар беретін-бермейтінін сұрап, емшек сүтін беруді жалғастыруға кеңес берді.
|
|
|
|
2
|
Балаға ересек адамдар қабылдайтын тағамдар беруге: оның ішінде ұсақталып туралған немесе тартылған майсыз ет, бауыр, балық, піскен жұмыртқа,бұршақты пайдалануға кеңес берді.
|
|
|
|
3
|
Түрлі жеміс-жидектер, көкөністер, жаңғақтар, сүт және сүт тағамдары/ірімшік, айран, сүзбе, сыр, кефир/ қосымша тамақ ретінде пайдалануға кеңес берді.
|
|
|
|
4
|
Бала қабылдайтын әрбір қосымша тағамның көлемінің 1,5 стакан немесе 300 мл кем болмауын ескертті.
|
|
|
|
5
|
Баланы күніне 5 рет тамақтандыруға: 3 рет ересектердің режимінде 2 рет сәскелік ас / май жағылған нан, етті бәліш, қаймақ қосылған ірімшік түрінде/ кеңес берді
|
|
|
|
6
|
Баланың тамақты тәбеттеніп, көбірек жегенін ынталандырып отыруға кеңес берді
|
|
|
|
7
|
Баланың бойы жететін жерде тұрып, оның өз бетінше ұнатқан ойыншықтарын алып ойнауына, қайта жинай алуына мүмкіндік жасауға кеңес берді.
|
|
|
|
8
|
Балаға сұрақтар қойып, диалогқа шақырып, адамдардың, заттардың аттарын айтып, оның қайталауын талап етуге кеңестер берді
|
|
|
|
9
|
Баламен қарапайым ойындарды бірге ойнап, оның сұрақтарын ынтамен тыңдап, жауап беруге кеңес берді
|
|
|
|
10
|
Бала өскен сайын байи түсетін дағдыларына қуанып, оны мақтап, онымен ұдайы сөйлесіп, өзге балалармен де ойнап, қатынасқа түсуін дағдыландыруға кеңестер берді.
|
|
|
|
Максималды балл: 10; өте жақсы: 10-9; жақсы 8-7 ; қанағаттанарлық 6-5; қанағаттанарлықсыз 5 төмен.
Қорытынды балл:__________________ Қорытынды бағасы: __________________
Емтихан алушының аты – жөні және қолы:_________________________
Достарыңызбен бөлісу: |