Объективті құрылымдық клиникалық емтиханға арналған билет
Пәні: «Педиатриядағы мейірбике ісі»
Мамандығы: 030205 4 – "Мейіргер ісі"
Студенттің аты-жөні:___________________________________
Тобы:___________ Курсы:_____ Күні:__________ Билет номері:________
№ 32- ші клиникалық жағдай
Перзентханада жас аналарға нәрестенің шатаралығы күтімі техникасын меңгерту. Тапсырма: нәрестенің шатаралығы күтімін жүргізу.
№
|
Бағалау критерийлері
|
1,0
|
0,5
|
0
|
1
|
Жас аналармен жылышұрай тілдесіп, өзін таныстырады, балаларының жағдайын сұрады, сенімдеріне кірді.
|
|
|
|
2
|
Жас аналарға алдымен баланың шат аралығы күтімін дұрыс жүргізудің маңыздылығын түсіндірді. Және шатаралығы күтімін жүргізу баланың жынысына қарай ерекшеленетінін айтты.
|
|
|
|
3
|
Баланың шат аралығы күтімі қажеттілігіне қарай күніне бірнеше рет жүргізіліп отырылатынын айтты /үлкен дәрет бөлген сайын/.
|
|
|
|
4
|
Алдымен іс-әрекетті жүргізуге жағдай жасап, қажетті заттарды дайындап алу керек екенін айтты:краннан суды ағызып, температурасын реттеу - + 370 + 380 C, дәке салфеткаларын, жұмсақ жөргек немесе сүлгіні, стерильді өсімдік майын (немесе присыпка), таза киімдерін, памперсті, резеңке қолғап, дез. ертіндіні.
|
|
|
|
5
|
Қолын гигиеналық әдіспен өңдеп, құрғатып, стерильді қолғап киетінін айтты, киді.
|
|
|
|
6
|
Баланың лас памперсін, киімдерін шешіп арнайы ыдысқа салды.
|
|
|
|
7
|
Баланы сол қолының білегіне - басын шынтақ иілісіне сала және жамбасын алақанына сала ұстады.
|
|
|
|
8
|
Дәке салфеткамен ағынды судың астында абайлап баланың жыныс жолдарын жуды. Қыз балаларды – тек алдынан артқа - жоғарыдан төмен бағытта жуу / анустан нәжісті жыныс мүшесіне енгізіп алмау үшін/қажет екенін айтты.
|
|
|
|
9
|
Баланы дезертіндімен өңделген үстелдің үстіндегі жылы жөргекке жатқызып, жыныс мүшелерінің терісін жөргекпен немесе сүлгімен абайлап құрғатып, ауа ваннасын жүргізіп, шат аралығына қайнатылған өсімдік майын жұқалап жағатынын айтты, жақты.
|
|
|
|
10
|
Балаға таза киім кигізіп болып, қолғабын шешіп қорапқа салды , қолын жуып құрғатты.
|
|
|
|
Максималды балл: 10; өте жақсы: 10-9; жақсы 8-7 ; қанағаттанарлық 6-5; қанағаттанарлықсыз 5 төмен.
Қорытынды балл:__________________ Қорытынды бағасы: __________________
Емтихан алушының аты – жөні және қолы:_________________________
Достарыңызбен бөлісу: |