Облыс аумағындағы жекеленген ауылдарды тарату туралы



Дата16.06.2016
өлшемі14.03 Kb.
#138419
Облыс аумағындағы жекеленген ауылдарды тарату туралы

Алматы облысы әкiмдiгiнiң 2008 жылғы 13 маусымдағы N 126 "а" қаулысы және Алматы облыстық мәслихатының 2008 жылғы 13 маусымдағы N 10-65 шешiмi. Алматы облысының әдiлет департаментiнде 2008 жылғы 18 шiлдеде N 2013 тiркелген

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк - аумақтық кұрылысы туралы"  Заңының  11 бабы 3 тармағына сәйкес, Алматы облысының әкiмдiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI  және Алматы облыстық мәслихаты  ШЕШIМ ЕТЕДI :

      1. Жекелеген аудандардың төменде аталған ауылдары таратылып, тұрғындары сол селолық округке ең жуық елдi мекендердi құрамына енгiзiлсiн:


      1) Алакөл ауданы бойынша:
      Қамысқала селолық округiнiң Ұялы ауылы, тұрғындары Қамысқала ауылының құрамына.
      2) Балқаш ауданы бойынша:
      Жиделi селолық округiнiң Айнакөл ауылы, тұрғындары Жиделi ауылының құрамына;
      Миялы селолық округiнiң Құланбасы ауылы, тұрғындары Миялы ауылының құрамына.
      3) Сарқан ауданы бойынша:
      Аманбөктер селолық округiнiң Үштөбе ауылы, тұрғындары Аманбөктер ауылының құрамына.
      4) Талғар ауданы бойынша:
      Бесқайнар селолық округiнiң Алматау ауылы, тұрғындары Бесқайнар ауылының құрамына;
      Бесағаш селолық округiнiң Алмалы ауылы, тұрғындары Бесағаш ауылының құрамына енгiзiлсiн.

      2. Облыстық статистика басқармасы (Б.Төлепбаев) облыстың әкiмшiлiк - аумақтық бiрлiктерiн есепке алу мен тiркеуiне өзгерiстер енгiзсiн.

      3. Шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары А.Г. Баталовқа жүктелсiн.

      4. Осы бiрлескен Алматы облыстық әкiмдiгiнiң қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешiмi алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

        Алматы облысының                     Алматы облыстық мәслихаты
          әкiмi                               сессиясының төрағасы

      __________ С.Үмбетов                    __________ К.Нүсiпов



                            Алматы облыстық
                         мәслихатының хатшысы

                         ____________ А.Сыдық

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет