Облыс әкімі Б. М. Сапарбаевтың Шығыс Қазақстан облысы халқы алдында жергілікті атқарушы билік органдары жұмысының 2011 жылғы



жүктеу 239.51 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі239.51 Kb.


Облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтың

Шығыс Қазақстан облысы халқы

алдында жергілікті атқарушы билік

органдары жұмысының 2011 жылғы

қорытындысы және 2012 жылға

арналған міндеттер жөнінде есеп беру

кездесуіндегі есебінің тезистері

Құрметті шығысқазақстандықтар!
Мемлекет басшысының Жарлығын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айында қала және аудан, ауылдық округ әкімдерінің тұрғындармен есеп беру кездесулері өткізілді.

2011 жылы өңір басшысы облыстың барлық қалалары мен аудандарында 143 рет сапарда болды.

Осы сапарлар барысында 237 елді мекенде болып, халықпен 198 кездесу өткізіліп, оларға 56 мыңнан артық адам қатысты. Барлығы 609 объектіде, осының ішінде, 124 білім беру мекемесі, 34 емдеу ұйымы, 61 мәдениет, 110 өнеркәсіп, шағын және орта бизнес, 111-ден артық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және 169 өзге де объектіде болды.

Бұл сапарлар тек жергілікті жерлердегі нақты жағдаймен танысып, стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысын бақылауға алып қана қоймай, облыс өңірлеріндегі халықтың тұрмысының қандай екендігін, оларды не толғандыратындығын, қандай қиындықтар бар екендігін білуге көмектесті.

Жергілікті атқарушы органдардың барлық жұмысы ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Республикасы Үкіметі қойған міндеттерді орындауға бағытталды.

Облыс экономикасы дамуының жиынтық индикаторы, яғни өңірлік жалпы өнім мөлшері өткен жылы 2010 жылғы деңгейге қарағанда 12,5% өсіммен 1,4 триллион теңгеге жақындады.

Бұл көрсеткішті қалыптастырғанда негізгі салмақ өнеркәсіп өндірісі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік және байланыс, кәсіпкерлік сияқты салаларға аударылды.

Бұл Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту 2020», «Инвестор 2020», «Өнімділік 2020» және «Экспортер 2020» бюджеттік бағдарламалары, салалық бағдарламалар және өңірлер аумақтарын дамыту бағдарламлары шеңберінде атқарылған шаралардың нәтижесі болып табылады.

Осылардың барлығы өнеркәсіп өндірісін 25% өсім және 109,9% нақты көлем индексімен 791 млрд. теңге сомаға қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, осының ішінде, тау-кен өндіру саласында өндіріс көлемі 3,1% өсіммен 117 млрд. теңгеге, өңдеу өнеркәсібінде 32% өсіммен 604 млрд. теңгеге дейін жеткізілді. Тауарлы өнім түсті металлургияда - 40%, машина жасауда 43% өсті.

Сондай-ақ, энергиямен қамту және сумен қамту салаларында да өсім байқалды.

Облыс өнеркәсіп кәсіпорындарында жаңа технологияларды енгізу жөнінде тұрақты жұмыстар жүзеге асырылып, өңдеу өнеркәсібінде жаңа өнім түрлері мен қайта жасау орындары игерілді.

Өткен жылы инновациялық өсімнің негізін 60 белсенді инновация кәсіпорны, осының ішінде, «Қазмырыш» ЖШС, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС, «Казгипроцветмет» ЖШС сияқты ірі өнеркәсіп кәсіпорындары қамтамасыз етті.

Жүйе құраушы кәсіпорындардың тауарларын, жұмыстарын және қызметтерін сатып алу көлемі бойынша облыс Қарағанды облысынан кейін екінші орында тұр.

Жаңа мониторинг әдістемесіне сәйкес өңірдің жүйе құраушы кәсіпорындары бойынша қазақстандық қамту үлесі 18%, осының ішінде, тауарлар бойынша – 7,8%, жұмыстар мен қызметтер бойынша 95,7% деңгейінде қалыптасты.

Ал, қосымша мониторинг жүзеге асырылатын облыс кәсіпорындары бойынша қазақстандық қамту үлесі 82%, осының ішінде, тауарлар бойынша – 78,1%, жұмыстар бойынша – 99,4% және қызметтер бойынша 98,6% құрады.

Облыстың отандық тауар өндірушілеріне көмек көрсету үшін «Самұрық-Қазына» ҚҰБ» АҚ және орталық атқарушы мемлекеттік органдарымен жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі: бірінші басшылардың атына мемлекеттік сатып алу кезінде «Азия-Авто» АҚ, «СемАз» ЖШС, «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС-ларының өнімдерін назарға алу туралы 34 өтініш жолданды.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі жыл қорытындысы бойынша автомобильдерді сатудың 2,4 есе, тракторларды сатудың 2 есе, автобустарды сатудың 2,3 есе өскендігі болды.

«Самұрық-Қазына» ҚҰБ» АҚ ұлттық компаниялары өңір кәсіпорындарымен 34,3 млрд. теңге сомаға тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алуға келісім-шарттар жасады, бұл өткен жылғы деңгейдегіден 1,5 есе артық. Мұндағы қазақстандық қамту 53,1% құрады. Өңір кәсіпорындарының «Самұрық-Қазына» ҚҰБ» АҚ ұлттық компанияларымен жасаған келісім-шарттары саны бойынша облыс республика көлемінде 2-ші орында тұр.

Отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында заңнама, қазақстандық қамту үлесін есептеудің бірыңғай әдістемесі, сертификат алу тәртібі жөнінде түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

«Алтай» технопаркінде жергілікті тауар өндірушілердің 16 көрмесі, қалалар мен аудандардың 12 көрмесі және 218 кәсіпорындарға барып, аралап көру, сондай-ақ, кәсіпорындардың Германия, Израиль, Оңтүстік Корея, Қытай, Турция елдерінің бизнес топтарымен кездесулері ұйымдастырылды.

Белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны 12%-ға артып, 66,6 мың бірлікке жетті, осының ішінде шағын кәсіпорындар саны 1,7% өсіммен 5 мың бірлікке жетті. Бұл субъектілерде жұмыс істейтіндер саны 3,9% өсіммен, 233,6 мың адамға жетті, олар 12,3% өсіммен 381,7 млрд. теңгенің өнімдерін өндіріп, жұмыстарын орындады және қызмет көрсетті.

Салықтық түсімдер көлемі 2010 жылғы деңгейге 31,4% өсіммен 59 млрд. теңгеге жетті.

Бөлшек тауар айналымы көлемі 2011 жылы 23,4% өсіммен 347,8 млрд. теңге құрады.

Қазақстан Республикасында сауданы дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес сауданы дамытудың негізгі басым бағыттары: бүгінгі заманғы сауда форматына көшу, бөлшек тауар айналымындағы ірі сауда жүйелерінің үлесін арттыру, сондай-ақ, сауда базарларының инфрақұрылымына қойылатын талаптарды арттыру болып табылады.

2011 жылдың қорытындысы бойынша тұтыну бағасы индексі Шығыс Қазақстан облысы бойынша 107,1% құрады, бұл орташа республикалық деңгейден 0,3 пайыздық тармаққа және 2010 жылғы осындай көрсеткіштен 1 пайыздық тармаққа төмен. 2011 жылы барлығынан артық өсім (109,5%) азық-түлік тауарлары тобында болды. Азық-түлік емес тауарлар (105,3%) мен халыққа қызмет көрсету қызметі (105,9%) бағалары салыстырмалы алғанда тұрақты түрде қалды.

Бағаны тұрақтандыру және оның өсуіне жол бермеу мақсатында атқарушы органдар 2011 жылы мынадай тиісті шаралар қабылдады:

1) 684 азық-түлік тауарлары жәрмеңкелері өткізіліп, оларда 1,8 млрд. теңгенің өнімі сатылды;

2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру және оның өсуіне жол бермеу мақсатында облыста «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ-ның қарызға алынған қаражаттары есебінен 1,5 млрд. теңге сомада өңірлік азық-түлік тауарлары тұрақтандыру қоры құрылды;

3) азық-түлік тауарлары бағасының өсу фактілері бойынша жедел ден қою және тиісті шаралар қабылдау үшін азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары топтары бағасына күн сайын мониторинг жүргізіледі;

4) 4991 меморандум, осының ішінде 162 ірі өндірушілер және толайым сатушылар, 86 – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер және 4734 – сауда обьектілері, жүйелерімен 10%-дан артпайтын ең аз сауда жүктемелерін қолдану туралы меморандумдар жасалды;

5) тауарлар арзан бағамен сатылатын қосымша әлеуметтік бөлімдер жүйесі ашылды;

6) 2012 жылы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бөлшектеп сату бағасының шекті деңгейін белгілеу жөнінде жұмыстар жүргізілуде.



Сыртқы сауда айналымы көлемі 18% өсіммен 3,5 млрд. АҚШ долларын құрап, сауда теңгерімі оңды қалыптасып, 2,3 млрд. АҚШ долларын құрады.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімі көлемі 206,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылғы дейгейден 35% жоғары.

Астық өндірудің - 15,7%, күнбағыс - 11,3%, көкөніс пен бақша дақылдарын өндірудің - 7,7%, ет өндірудің - 2,6%, сүт өндірудің - 1,8%, жүн өндірудің - 3,1% өсімі қамтамасыз етілді.

«Черемшан құс фабрикасы» АҚ-ның банкротқа ұшырауы және «Семей құс» АҚ құс фабрикасы қайта мамандандырылғандықтан жұмыртқа өндіру 31% азайып, 2010 жылғы деңгейге бар болғаны 69% ғана құрады.

2011 жылы тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің тауарлы өнім көлемі 62 млрд. теңгеден артықты құрады немесе 2010 жылғы деңгеймен салыстырғанда 6,7% өсті.

Өндірілген өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімі көлемі облыс тұрғындарының ұн, картоп пен көкөніс, өсімдік майы, ет пен сүтке болған сұранысын толық қамтамасыз ететін болады.

Облыс ауыл шаруашылығының мамандануы бойынша мал шаруашылығы бағытын ескере отырып, өңірлер бөлінісінде оның басым салалары белгіленді, олардың ең бастысы етті мал шаруашылығы болып табылады. Сондықтан да бірінші кезекті міндет – 2015 жылға өнеркәсіптік негізде ет өндіруді кем дегенде 6 мың тоннаға, осының ішінде экспортқа 4 мың тоннаға арттыру.

Осы міндеттерді шешу үшін 2011 жылы мамандандырылған етті мал тұқымы санын айтарлықтай арттыруға мүмкіндігі, жұмыс тәжірибесі және берік мал азығы базасы бар мал өсіретін шаруашылықтар белгіленді.

Ауыл шаруашылығы құрылымдары тапсырмадағы 950 орнына 1023 бас іріктелінген шетел малын сатып алды. Мал сатып алу жұмыстары негізінен «ҚазАгроқаржы» АҚ арқылы 7 жыл мерзімге дейінгі лизинг негізінде жүргізіледі.

Ұсақ шаруашылықтарды тауарлы саудаға тарту үшін «Сыбаға» бағдарламасы бойынша Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры және Агрокредит корпорациясымен бірлесіп, 2011 жылы 4,9 мың бас жас мал сатып алынды.

Малдың өнімділік сапасын жақсарту үшін меншік қаражаттар немесе лизинг шартымен шаруа қожалықтары үшін 239 бас өндіргіш бұқалар сатып алынды, бұл 2012 жылдың өзінде ғана кем дегенде 7,2 мың бас барынша жоғары өнімділікке ие жас будан мал төлін алуға мүмкіндік береді.

Мұнымен қатар, республиканың жетекші институттарымен бірлесіп, шаруашылықтарда іріктеу-асыл тұқымдандыру жұмыстары жүргізілді, осының нәтижесінде ет бағытындағы мал шаруашылығында бұрыңғы бар 19 асыл тұқымды мал зауыттары мен шаруашылықтарына қосымша 27 асыл тұқымды мал шаруашылықтары құрылды. Осының нәтижесінде ет тұқымды асыл тұқымды мал саны 14,8 мыңнан 20,4 мың басқа дейін көбейді. Асыл тұқымды малдың мал құрамындағы үлес салмағы 5,1-тен 6,9%-ға дейін ұлғайды. Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Етті мал шаруашылығымен қатар ең басты міндеттердің бірі іріктелінген шетел малын сатып алу, қолда бар малды тереңдетілген іріктеу-асыл тұқымдандыру жұмысы және малды өз төлінен өсірудің озық технологияларын қолдану (бір жынысты тұқымды пайдалану, эмбриондарды трансплантациялау) есебінен жаңарту арқылы өңдеу кәсіпорындары үшін сүт өндіруді арттыру болып қалады.

Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары шетелден 368 мүйізді ірі қара жас төлін сатып алды. Бұрын сатып алынған малды есепке алғанда 3 тауарлы сүт фермасы құрылады.

Құс етін тереңдете қайта өңдеу мақсатында «Өскемен құс фабрикасы» АҚ-да шұжық және деликатес тағамдарын өндіру цехын салу жоспарлануда. Мұнан бөлек, кәсіпорында қоспа жем зауытын қайта жаңарту көзделінген, Зайсан ауданында мал азығы дақылдарын өсіру үшін ауыл шаруашылық маңызы бар суармалы жерлерді бөлу туралы мәселе шешілуде.

Өсімдік шаруашылығында индустрияландыруды дамыту үшін машина-трактор паркін жаңартуға ерекше назар аударылуда.

Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары бір жылда 3,3 млрд. теңге сомаға 708 ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды, бұл машина-трактор паркін 8% жаңартуға мүмкіндік берді.

Механикаландырылған 15 дән қырманы жаңартылып, оларға бүгінгі заманғы дән кептіретін агрегаттар мен торкөзсіз тұқым тазалау машиналары орнатылды.

Мал азығын әзірлейтін машиналарды жаңарту басталды – бір жылдың ішінде 50-ден артық техника, осының ішінде, КСК-600 және МакДон мал азығын шабатын 4 комбайн, 25 шөп нығыздағыш-жинағыш, 70 сүйремелі және аспалы дестелегіш сатып алынды.

2011 жылы көктемгі дала және егін орағы жұмыстарын өткізуге республикалық бюджеттен 1,6 млрд. теңге, тұқым шаруашылығын қолдауға 192,6 млн. теңге, минеральдық тыңайтқыштар сатып алуға 191,8 млн. теңге бөлініп, игерілді. 2011 жылдың егіні үшін 6192 тонна минеральдық тыңайтқыштар енгізілді.

Тұқым шаруашылығында да оңды өзгерістер болды. Бүгінгі таңда облыс шаруашылықтарында 34 тұқым шаруашылықтары жұмыс істейді, олардың 3 шаруашылығының бірегей тұқым (оригинатор) өндіргіш, 8 шаруашылықтың элита тұқымын өндіруші (элита тұқымы шаруашылықтары), 23 шаруашылықтың (тұқым шаруашылықтары) 1, 2 және 3 репродукциялы тұқым өніргіш мәртебесі бар.

2011 жылы тұқым шаруашылығын дамытуға облыстық бюджеттен 50,9 млн. теңге субсидия бөлініп, игерілді. Тұқым шаруашылықтары 3409,1 тонна бірінші, екінші және үшінші репродукциялы ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымдарын сатты.

Өсімдік шаруашылығын тиімді жүргізу үшін суармалы жерлердің көлемін кеңейтуге ерекше назар аударылуда.

Жер балансының мәліметтері бойынша 2011 жылы 7 мың гектар өсіммен бүгінгі таңда облыста есепте бар 205,2 мың гектар суармалы жерлердің 75 мың гектары суарылды.

Соңғы жылдары суарудың озық түрлерінің бірі ретінде – тамшылатып суаруды өндіріске енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. 2011 жыл бойы тамшылатып суару көлемі 58 гектарға ұлғайып, 339 гектарды құрады.

Облыста 5,1 мың гектар алқапқа суарудың су үнемдеу технологиясы – жаңбырлатып суару енгізілді. Бүгінгі таңда облыс бойынша 95 жаңбырлатып суару машинасы жұмыс істейді.

Жыл сайын республикалық бюджеттен гидроқұрылғыларды қайта жаңартуға қаражат бөлінеді. Соңғы 4 жылда бұл мақсаттарға Су ресурстары комитеті арқылы 889 млн. теңге, осының ішінде, 2011 жылы Зайсан ауданы Кендірлік өзеніндегі бас каналдың сол тармағын қайта жаңартуға 250 млн. теңге бөлініп, игерілді. Осы қайта жаңалау іске асырылғаннан кейін аудандағы суармалы алқаптар көлемі 1,5 мың гектарға ұлғаяды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 65,6% өсім және 155% нақты көлем индексімен 239,6 млрд. теңге құрады.

Инвестициялардың жалпы көлемінің 30% өңдеу өнеркәсібіне, 15,4% - тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді әзірлеуге, 9,4% - көлік және үйіп, жинауға, 6,2% - жылжымайтын мүлік жасалатын операцияларға, 8,4% - электрмен қамтуға, газ, жылу жеткізуге және ауаны тазалауға бағытталды.

Инвестициялар құрылымында қаржыландыру көздері бойынша кәсіпорындардың меншік қаражаттары - 63,8%, республикалық бюджет қаражаттары – 20,8%, жергілікті бюджет қаражаттары – 6,5%, шетел инвестициялары – 2%, қарызға алынған қаражаттар – 6,9% құрады. Республикалық бюджет қаражаттарының басым бөлігі көлік пен үйіп, жинауға (21%), жергілікті бюджет қаражаттары білім беруге (29%), меншік қаражаттардың 45,5% өңдеу өнеркәсібіне, шетел инвестицияларының 73,3% толайым және бөлшек саудаға, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеуге, қарызға алынған қаражаттардың 62,3% тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді әзірлеуге бағытталды.

Өнеркәсіпте Индустрияландыру картасы шеңберінде 16 млрд. теңгеге жуық сомадағы 9 жоба іске асырылды.

Индустрияландыру картасын іске асырудан бастап облыста жалпы сомасы 155 млрд. теңгенің 21 жобасы іске қосылды, оларды іске асыру нәтижесінде 25 млрд. теңгеге жуық сомада қосымша тауарлы өнім алынып, 2,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік серіктестіктің түрлерінің бірі – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі белсенді түрде дамып келеді. 2011 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша облыс қалалары мен аудандары деңгейінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша міндеттеме қабылданған 11,8 млрд. теңге жалпы сомадағы 3458 меморандумға қол қойылды. Орындау 10,3 млрд. теңгені немесе 87% құрады. Болжамдық деректер бойынша бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша меморандумдар шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілері қабылдаған міндеттемелер жыл аяғына дейін толық көлемде орындалатын болады.



Мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту саласында:

«ҮМЗ» АҚ бала бақша құрылысы мен «Матросов» балалар сауықтыру лагерін қайта жаңартуды, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС Өскемен қаласындағы «Восток» стадионын қайта жаңартуды және екі хоккей модулі құрылысын, Жезкент кентіндегі «Металлург» мәдениет үйінің жөндеу жұмыстарын аяқтады.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС арасында мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында өзара ынтымақтастық туралы жасалған меморандум шеңберінде Глубокое ауданындағы екі бала бақша құрылысы жалғастырылды. Жобалық сомалары 291,4 млн. теңге және 217,9 млн.теңгені құрайды.

«Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-мен мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, осыған сәйкес 2011-2012 жылдары Өскемен қаласында 700,0 млн. теңге сомаға аурухана салу көзделуде.

2011 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен «Қазмырыш» ЖШС, «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС және тағы басқалар арасында меморандумдарға қол қойылды.

Аумағы 240,5 мың шаршы м. тұрғын үй іске қосылды, бұл 2010 жылғы деңгейден 8,1% жоғары.

Тұрғын үй құрылысы саласында оңды серпін байқалады. Тұрғын үй құрылысына барлық қаржыландыру көздерінен салынған инвестициялар көлемі 13,1% өсіммен 13,3 млрд. теңгені құрады. Өскемен қаласында жалға беретін және кредиттік тұрғын үйлер және «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша 100 бір пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді.

Тұрғындардың қаражаты есебінен 154,5 мың шаршы метр (1406 үй) немесе жалпы көлемнің 65% салынды.

«Нұрлы көш» бағдарламасын іске асыру аяқталды, екі жылда 6,2 млрд. теңге бөлініп, Өскемен қаласының 28 тұрғын ауданында инженерлік инфрақұрылымды 463 тұрғын үй салынды.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру аясында республикалық бюджеттен бөлінген 1,9 млрд. теңге қаражат есебінен Өскемен, Семей, Зырян қалаларында тұрғын үй құрылысы басталды.

Бұл кезеңде 96,2 млрд. теңге соманың немесе 2010 жылғы деңгейдегіден 18,3% артық құрылыс жұмыстары орындалды.

Соңғы жылдары облыстың барлық өңірлерінде тұрғындардың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай кірістерінің тұрақты артқандығы байқалады. Өткен жылдың 11 айында облыс тұрғындарының кірістері 2010 жылғы осындай кезеңге 12,9% өсіп, 40 мың теңгеден артықты құрады. Орташа айлық атаулы жалақы 18,9% өсіммен 71,2 мың теңгені құрады.

Банктердегі деапозиттер көлемі бойынша облыс Қазақстан өңірлері арасында бұрыңғыдай алғашқы бестікте тұр. Тұрғындардың салымы 24,7% өсіп, 116 млрд. теңге құрады, бұл жалпы депозиттер көлемінің 86,6% құрайды.

2011 жылы әлеуметтік салаға 8,6 млрд. теңге бюджет қаражаттары жұмсалды, бұл 2010 жылғы деңгейдегіден 7% жоғары, олардың 92% жергілікті бюджет қаражаттары құрайды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде облыста халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобын қолдауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізілді. Жыл бойы 138,5 мың шығысқазақстандық жалпы 1,8 млрд. теңге сомада әлеуметтік қолдаудың барлық қол жетімді түрін алды, бұл алдыңғы жылдағыдан 16% артық. Меншіктің барлық түрінің кәсіпорындары мен ұйымдары табысы аз 67,5 мың азаматқа 148,0 млн. теңге сомада қайырымдылық көмек көрсетті.

«20 жұлдызды күн» қайырымдылық акциялары аясында 2,5 мың азаматқа 8,2 млн. теңге сомада көмек көрсетілді, 253 табысы аз ауыл тұрғынына отын сатып алу және жеткізіп беру көмегі көрсетілді, 634 адам тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмек алды. Табысы аз азаматтарды қолдау жөніндегі облыстық қоры 1500 азаматқа 5,7 млн. теңге сомада материалдық көмек көрсетті, 30 млн. теңге сомаға 265 шағын кредит берді.

Өңір экономикаларын дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі қабылданып жатқан пәрменді шаралар нәтижесінде 2011 жылы табысы аз азаматтар саны 3,4% азайып, ағымдағы жылғы 1 қаңтарға 35,3 мың адамды құрады, бұл жалпы өңір халқы санының 2,5% құрайды.

Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы түрдегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде бекітілген Стандарттарға сәйкес арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуге 883,2 млн. теңге бөлініп, игерілді, бұл 2010 жылғы деңгейдегіден 26,8% артық.

Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар үшін әлеуметтік қызмет көрсету саласы кеңейе түсуде. Бір жылда қызметтің осы түріне жұмсалған шығыстар көлемі 2,7 есе өсті.

Мүгедектерге жыл сайын әлеуметтік қолдау көрсетіледі, мүгедектер мен ардагерлерге компенсаторлық құралдар беруге және санаториялар-шипажайларда емделуге облыстық бюджеттен 185,4 млн. теңге жұмсалды, бұл алдыңғы жылғы деңгейдегіден 11,4% жоғары.

Бұл салады мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру жөнінде қомақты жұмыс жүргізілді.

2011 жылы облыс бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2010 жылмен салыстырғанда 11,8% азайды, ал, олардың жалпы санындағы жұмыссыздар үлесі 8,5%-дан 7%-ға дейін азайды. Бұл халық кірістерінің жалпы өсуімен, жұмысқа орналастыру мүмкіндігінің артуымен байланысты қалыпты және табиғи процесс. Басым деңгейде халықтың бір бөлігінің «мемлекеттен игілік күту» делінетін көңіл-күйін жоя алдық.

Жұмыспен қамту органдарына өткен жыл ішінде жұмысқа орналасу мәселесі жөнінде 26 мыңнан астам адам өтініш білдірді, оның 19,2 мың адамы еңбекке орналасты, бұл жоспарланған көрсеткіштер деңгейінен 111% құрады. 2011 жылы өтініш білдіргендердің 79,2% жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамту органдарында есепте тұрған жұмыссыздар саны ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы жағдайға 4545 адам құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 14% -ға кем. Жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 5,1% құрады. 17,7 мың қосымша жұмыс орындары құрылды.

Нысаналы топтарды (мүгедектер, табысы төмен отбасылар, жалғыз басты аналар, оралмандар) еңбекке орналастыруға ерекше мән беріліп отыр. Олардың 727 жұмыссызы еңбекке араласты, бұл жоспардан 13% артық.

«Жастар тәжірибесі» дамуы жалғасуда. Өткен жылы оған 905 жас адам қатысып, бұл жоспарланғаннан 38%-ға артып түсті. Оның ішінде 398 адам екінші қайтара жұмысқа орналасқандар.

2011 жылы жұмыссыздарды кәсіптік оқыту, қайта оқыту және біліктілігін арттыруды жүзеге асыру жұмыссыздардың кәсіби және біліктілік дағдылары мен еңбек нарығындағы сұраныс ескеріліп жүргізілді. 2039 адам оқуын аяқтап, оның 87% -ы оқудан соң бірден жұмысқа араласып кетті.

Бос орындар жәрмеңкесін өткізу нәтижесінде 2509 адам консультация алып, 1437 жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 507 жастар, 398 әйелдер, 135 тұрмысы аз қамтылғандар, 106 адам 50 жастан асқандар.

Үш жыл қатарынан облыста «Жол картасы» бағдарламасы іске асырылуда.

328 жобаны іске асыруға 3 543,5 млн. теңге қаржы бөлінді, 3798 жұмыс орындары құрылды.

Энергетика саласында 7,3 млрд.кВт сағ электр энергиясы өндірілді, желіге 6,9 млрд. кВт сағ жіберілді, ал тұтыну 8,3 млрд. кВт сағ құрады, яғни энергия тапшылығы 1,4 млрд. кВт сағатты құрап және оның күннен күнге өсу беталысы байқалады.

Қайта өндірілетін энергия көздерін қолданатын су электрстанцияларында электр энергиясын өндіру үлесі өндірістің жалпы көлемінің 65% -нан астам құрайды, бұл республиканың басқа бірде-бір өңіріне тән емес.

Ал сонымен бірге, облыстағы су қоры шағын, сондай-ақ ірі су электр станцияларын салуға зор мүмкіндіктер ұсынатынын атап өту қажет. Бағалау бойынша өңірдің су энергия ресурсының әлеуеті шамамен 60 млрд.кВт сағат құрайды, оның ішінде технологиялық тұрғыдан пайдалануға рұқсат етілгені – шамамен 20 млрд. кВт сағат болуда.

Жылумен қамту мәселелерінде қолда бар жылумен қамту жүйесін қайта жаңарту және жаңғырту бойынша жұмыстардың негізгі көлемі (92,3%, немесе 8,3 млрд. теңге) Семей қаласының үлесіне тиеді.

Жылу беру маусымының басына облыстың барлық жылу беру көздері отынның қажетті қорымен қамтамасыз етілген болатын, 60 бірлік қазан- және турбоагрегаттар, 226 қазандықтар, 37,2 шақырым жылу желілеріне, 41,4 шақырым су құбырлары мен канализациялық желілер және 4872 шақырым электр желілеріне толық көлемде жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сумен қамту бойынша 23 объектінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді, бұл 11,5 мыңнан астам адамға орталық сумен қамтуға қол жеткізуге мүмкіндік берді, ал 14 объектіде жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі күні 798 елді мекеннің 248 орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Бұл ретте, орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілу орта республикалық көрсеткіш 72% болған жағдайда 80,5% құрап отыр, оның ішінде ауыл тұрғындарының орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілуі 56,1%-ға жетті, орташа республикалық көрсеткіш - 41%.

Көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу және жылумен жаңартып жетілдіру үшін республикалық бюджеттен 858,8 млн.теңге бөлінген болатын, оның есебінен 117 үйге жөндеу жүргізілді, оның ішінде Өскемен қаласында кондоминиумның 93 объектісі және Семей қаласында – 24 үй жөнделді.



Елді мекендерді көріктендіру бойынша жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде облыс бойынша 5,2 мың шақырым көшелер мен жолдар, 494 гектар саябақтар мен алаңдар аумақтары, 2227 кондоминимум объектілерінің тұрғын үйлерінің аула аумақтары, 1276 мектептер мен мәдениет мекемелерінің аумақтары тазартылды.

Қатты тұрмыс қалдықтарын кәдеге жаратуға арналған 348 орын қалыпты жай –күйге келтірілді, 395 рұқсат етілмеген қоқыс орындары жойылды, 134 мың текше метр қоқыс шығарылды. 131,8 мың ағаштар мен көшеттер, 35,5 мың шаршы метр гүлзарлар отырғызылды. 294 ескерткіш жөнделіп, олардың маңындағы аумақтар тазартылды. Облыстың елді мекендерін көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту жөніндегі жұмыстарға 270 мыңнан астам адам ат салысты.



Жол-құрылыс жұмыстарын қаржыландыру көлемі 7,8 млрд.теңге құрады, оның есебінен жергілікті маңызы бар 16,36 шақырым автомобиль жолдары учаскелері, елді мекендер көшелері салынып, қайта жаңартырды, 58,35 шақырым жолға күрделі жөндеу, 256,5 шақырымға орташа жөндеу жүргізілді.

«Төсқайың – Шанағаты» автомобиль жолы бойынша Қара-Қаба өзені арқылы өтетін көпір пайдалануға қабылданды, «Семей – Қайнар» автомобиль жолы қайта жаңартылды, «Өскемен – Семей», «Семей – Қарауыл», «Мақаншы – Жалаңашкөл», «Семей – Курчатов», «Аягөз ауданының Бозай ауылына кірме жол» Абай ауданының Қарауыл ауылының Құнанбай көшесі күрделі жөндеуден өтті, 8 көпір мен 1 жол құбыры жөнделді.

Жол техникасына спутник арқылы мониторинг жүргізу жүйесі енгізілді, жолдарды қыс мезгілінде күтіп-ұстау үшін 815 бірлік қар тазалау техникасы пайдаланылады, 74 бірлік жол техникасы сатып алынды.

Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың басқа санаттарын оқыту үшін облыста мемлекеттік тілді оқыту бойынша 8 орталық қызмет етеді, онда 2,5 мың қызметші мемлекеттік тілді оқып үйренуде.

Облыстың елді мекендерінің 329 жалпы білім беру мектептерінің базасында 651 үйірме ұйымдастырылған, үйірме жұмысы 8 мың тыңдаушыны қамтиды. Облыстың 30 мыңнан астам ересек тұрғыны мемлекеттік тілді оқу үйірмелерінің тыңдаушылары болып табылады.

Одан басқа, 80 этномәдени бірлестіктер жанында демалыс мектептері мен үйірмелер құрылған, онда ана тілден басқа мемлекеттік тілді де оқиды.

Өткен жылы денсаулық сақтау ісіне 44,5 млрд.теңге бөлінді, бұл 2010 жылғы деңгейден 29,2%-ға артық.

Медициналық жабдықтар мен санитарлық автокөлік сатып алу үшін өткен жылы 2,9 млрд.теңге бағытталды, бұл 2010 жылға қарағанда 2,7 есе көп, бұл облыстың денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтау деңгейін 51% -дан 57%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 2011 жылы бөлінген қаржы 2010 жылмен салыстырғанда 40% -ға асып түсті.

Дәрігер кадрларының тапшылығы 33,8% азайды: 2010 жылы 479 дәрігер болса, 2011 жылы 317 дәрігерге дейін. Кадрлар тапшылығын төмендетуге қалалар мен аудандар әкімдерінің әлеуемттік пакетпен, тұрғын үймен қамтамасыз ету, көтерме қаржы, гранттар бөлуге мақсатты бағытталған жұмысы өз нәтижесін берді.

Семей қаласының Өңірлік онкологиялық диспансерінің Радиологиялық орталығы құрылысының 2-ші кезегі, Семей қаласының патологоанатомиялық бюросына жапсаржай құрылысы аяқталды. Семей қаласында 300 төсек-орынға арналған көпбейінді аурухана мен Семей қаласының туберкулезге қарсы балалар ауруханасының құрылысы басталды.

Диагностикалық орталықтың Аягөз, Зырян және Зайсан қалаларында 3 филиалы ашылып, медициналық жабдықтармен жарақталды.

2001 жылы 2 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды, тағы да 5 кешенді іске қосу жоспарда бар.

Трассаларда зардап шеккендерге медициналық жәрдем көрсету үшін Жарма ауданының Шар қаласында медицина пункті ашылды.

Осылардың нәтижесінде әлеуметтік елеулі көрсеткіштердің тұрақтануы байқалды. 2010 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда нәресте өлімі 9,5%-ға, туберкулезбен аурушаңдық 10,1%-ға төмендеді.

Өткен жылы білім беру жүйесінің қызметіне 14,9 млрд.теңге немесе 2010 жылғы деңгейге 32,7% өсумен 60,5 млрд. теңге бағытталды.

«Балапан» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде мектеп алды білім берумен қамту 14,1% өсумен 86% -ға жетті.

1475 орындық 10 бала бақша босатылып, коммуналдық меншікке қайтарылды, оның ішінде 8 бала бақша өтеусіз негізде кері қайтарылды.

Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 139 пәндік және 139 мультимедиалық кабинеттер сатып алуға қаржы бағытталды. Нәтижесінде мектептердің жаңа үлгіде түрленген кабинеттермен жарақталуы 42,2%-ға дейін өсті.

670 мектепте оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге жағдай жасалды.

Жазғы демалыс уақытында балаларды сауықтыру демалысы ұйымдастырылды, жаз уақытында 70 мыңнан астам немесе балалардың 43% жазғы демалыспен қамтылды.

Жетім балаларға арналған мекемелер тәрбиеленушілері санының жыл сайын төмендеу үдерісі байқалады, ол 2011 жылы 115 балаға азайып, 1499 бала құрады. 742 бала асыранды отбасыларына орналастырылып, 66 баланы отбасылар асырап алды.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды қолдау бойынша 2011-2015 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді. Ол жетім балалардың кәсіби білім алуына, еңбекке орналасулары мен тұрғын үй алуға жағдайлар жасауға бағытталған.

Түпкі нәтижеге - кадрларды еңбекке орналастыру және оларды дайындау сапасын арттыруға бағытталған техникалық және кәсіби білім беру жүйесін жаңғырту басталды.

Біртіндеп экономиканың индустриалдық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, мекемелердің осы топтарының құрылымы мазмұндық тұрғыдан жаңарып келеді.

Мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және бөлудің өзге тәсілдері қарастырылуда. Кадрларға әдістемелік көмек көрсету үшін Техникалық және кәсіби білім беру және кадрлар даярлау орталығы құрылған.

Оқыту үшін тиісті жағдайлар жасау үшін жергілікті бюджет есебінен 1,1 млрд.теңге сомаға 122 білім беру объектісі жөндеуден өтті. 560 орынға арналған 3 бала бақша құрылысы, 1520 орындық 3 мектептің, мектепке жапсарлай салынған спорт залының құрылысы аяқталды.

Апаттық жағдайдағы мектептердің проблемаларын шешу үшін олардың орнына жаңа 25 мектептің құрылысы, сондай-ақ оқу орындарының тапшылығын жою мақсатында 2 мектептің, 3 бала бақша құрылысы басталды.



Мәдениет саласында 4,2 млрд.теңге қаржы бөлінді, оның ішінде материалдық-техникалық базаны нығайту үшін – 246,9 млн.теңге, күрделі және ағымдағы жөндеулер жүргізуге – 435 млн. теңге қаржы бөлінді.

«Жол картасын» іске асыру аясында жалпы сомасы 315,5 млн.теңгеге 25 мәдениет нысаны жөнделді. Олыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер есебінен жиынында 253,9 млн.теңге сомаға 17 ауылдық мәдениет нысанына күрделі жөндеу жүзеге асырылды.

Өткен жылы 80 астам іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Бірнеше кітап басып шығарылды, Шығыс Қазақстанның көрнекті ғылым, өнер және өзге де салалары қайраткерлерінің өмірінен деректер берілген «Шығыс жұлдыздары» атты энциклопедия жарық көрді, жас авторлардың «Шығыс шұғыласы атты өлеңдер жинағы шықты. Облыстың мәдени өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі – шығысқазақстандық жазушылар мен ақындардың Абайдан бастап осы күнге дейінгі «Алтай-Ертіс кітапханасы» атты 20 томдық таңдаулы шығармалар жинағының баспадан шығуы болды. Осы үш басылымның тұсаукесері «Туған ел - алтын бесігім» акциясының гала-концертінде болып өтті.

Жалпы алғанда, өткен жылы атқарылған өнегелі істер аз емес. Сол ізгі істерді бұқаралық ақпарат құралдарында жария етіп отыран журналистер қауымы да баршылық. Осы орайда, жуықта мәдениет саласын дамыту тақырыбына үздік журналистік жұмысқа байқау жарияланды.



Туризм, дене шынықтыру және спорт саласына 2,7 млрд.теңге қаржы бөлінген болатын, бұл 2010 жылғы деңгейден 36% -ға артық.

Өңірдің туристік саласын дамытуға инвесторлар тарту - жобаларды ұсыну сатысында жүзеге асырылуда. «Алакөл көлінде қонақ үй кешенінің құрылысы» - бір жоба Индустрияландыру картасына енді және тағы бір жоба - Өскемен қаласында қонақ үй құрылысы екінші деңгейдегі «Темірбанк» банкі арқылы 140 млн.теңге сомаға қаржыландырылды.

Облыста туризмді өңірлік дамытуға Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамытудың кластерлік бағдарламасының Шебер-жоспарын әзірлеу ықпал ететін болады.

Семей қаласындағы дене шынықтыру –сауықтыру кешені пайдалануға берілді, Бородулиха ауылында стадион қайта жаңартылды, Аягөз қаласында бокс залының құрылысы аяқталды, Зайсан қаласы мен Үржар ауданының Көлденең ауылында спорт модульдері салынып, қолданысқа берілді, Үржар ауылы мен Абай ауданында спорт модульдерінің құрылысы басталды.

Осы іс-шаралардың нәтижесінде дене шынықтырумен ұдайы айналасушылар саны 40 мың адамға өсіммен 254,6 мың адам құрады. Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жас санатындағы тұрғындарды қамту 2011 жылдың қорытындысы бойынша 18,2% құрады, бұл аталған көрсеткіштің 2010 жылмен салыстырғанда 3,1% -ға өскенін дәлелдейді.

2,5 мыңға жуық спорттық- бұқаралық шаралар өткізілді, оған 655 мыңнан астам адам қатысты.

Бүгінгі күні бүкіл облыс бойынша 3 мыңнан астам спорт секциялары жұмыс істейді, онда 72 мыңнан астам балалар мен жасөспірімдер спортпен айналысады, бұл жалпы білім беру мектептері оқушыларының жалпы санының 35% құрайды.

2011 жылы өткізілген іс-шаралар кешені өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға ықпалын тигізді.

Тұрғындарға стратегиялық маңызы бар құжаттарды, мемлекет саясатын насихаттау және түсіндіру бойынша құрамы 3,5 мың адамнан тұратын барлық деңгейлердегі 710 ақпараттық-насихат топтары жұмыс жүргізді. Барлығы тұрғындардың түрлі санаттарымен 9 мыңнан астам кездесулер өткізіліп, 300 мыңнан астам адам қамтылды.

Жыл басынан облыс әкімінің жанындағы Қоғамдық кеңестің 14 отырысы, Саяси клубтың - 6, Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің -2, жастармен өзара іс-қимыл жөніндегі - 4, үкіметтік емес ұйымдардың - 4, Мемлекеттік рәміздер жөніндегі кеңестің -2, ақпараттық саясат жөніндегі кеңестің 2 отырысы болып өтті.

Дін туралы жаңа заңнаманы, діни ағымдардың мәнісін түсіндіру бойынша дінтанушылардың, діни конфессиялар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен 140 астам көшпелі кездесулер ұйымдастырылды. Іс-шараларға 30 мыңға жуық адам қатысты.

Жастар саясаты бойынша 2 мыңнан астам шара ұйымдастырылды, оның ішінде 4 Жастар форумы, 150 астам «дөңгелек үстелдер», 100 семинар-тренингтер, 15 конференция, 3 әлеуметтік елеулі жобалар көрмесі, жастар активі үшін 4 жазғы лагерь қызмет етті.

«Дипломмен ауылға», «Ауылдың гүлденуі- Қазақстанның гүлденуі», «Жастар тәжірибесі» бағдарламаларының шеңберінде іс-шаралар табысты жүзеге асырылды, студенттік құрылыс отрядтары мен жастар еңбек отрядтары және «Жасыл Ел» отрядтарының қозғалысы жалғасын табуда, жастарға арналған 2 ресурстық орталық пен 8 әлеуметтік қызмет жұмыс істеді.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты қамтамасыз етуге 332,4 млн. теңге бағытталды, оның ішінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға облыстық бюджеттен 80,5 млн теңге бөлінді, бұл 2010 жылғы деңгейден 2,8 есе көп.

«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында, сондай-ақ Үкіметтің 2012 жылғы 27 қаңтардағы кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларға сәйкес ағымдағы жылға мынадай міндеттер айқындалды:


  1. Облыс экономикасының нақты өсуін сақтау және мыналарға:

- жалпы өңірлік өнімді -7,5% -ға;

- өнеркәсіп өнімдері өндірісінің көлемдерін - 8%-ға;

- ауыл шаруашылық жалпы өнімінің өндірісі көлемдерін - 7,2%-ға;

- құрылыс жұмыстарының көлемін - 2,5%-ға;

- көлік қызметтерінің көлемін - 8,5%-ға;

- бөлшек сауда айналымын - 5%-ға;

- байланыс қызметтерінің көлемін - 7%-ға;

- инфляция деңгейін 8% артық емес шекте ұстап тұруға қол жеткізуді қамтамасыз ету.




  1. Мыналарды қамтамасыз ету:

- мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыруды;

- ет бағытындағы ірі қара мал өсіру бойынша асыл тұқымды репродукторларды, шет елдік селекцияның асыл тұқымды малын сатып алу және өнеркәсіптік негізде сиыр етін өндіруді арттыруды;

- егістік алаңдарын ұлғайту және ауыл шаруашылық дақылдарын егу және егіс айналымы технологиясын сақтауды;

- «Мейірiм» жалпы облыстық акция аясында тұрғын үй-құрылыстық жинақтар бөлігінде ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды қорғау бойынша шаралар кешенін іске асыруды;

- тұрғын үй-коммуналдық жүйесінің толассыз жұмысын;

- экономикалық өсім мен халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етпейтін шығыстардың есепке алынбауы ескеріле, бюджет қаражатын тиімді пайдалануды;

- медициналық жабдықтарды ұтымды пайдалануды;

- Ресей, Беларусь өңірлерімен экономикалық байланыстарды және өңірлік өндірушілердің өнімдерін қолдауды.

3. Сүт фермалары мен бордақылау алаңдарында ет және сүт өндірісін ұлғайту жолымен қайта өңдеу кәсіпорындарының қуаттылықтарын арттыру.

4. Жүйеқұраушы кәсіпорындар бойынша қазақстандық қамту үлесін 20%-ға дейін арттыру, оның ішінде тауарлар бойынша 8,5%-ға дейін, жұмыстар мен қызметтер бойынша 97,0%-ға дейін.



  1. Индустрияландыру картасы мен Бизнестің жол картасы - 2020 шеңберінде жоспарланған «Агро – Ертіс» ЖШС, «Ертіс» ӘКК, «Елімай» ЖШС, «Әбиев» ШҚ және тағы басқаларының инвестициялық жобаларды іске асыруларын қамтамасыз ету.

  2. Тірек ауылдарды дамыту жобасының іске асырылуын қамтамасыз ету.

7. Электронды түрдегі мемлекеттік және әлеуметтік маңызы бар қызметтердің көлемін 60%-ға дейін жеткізу.

8. Медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын көтеру, телемедицинаның, көліктік медицинаның одан әрі дамуын қамтамасыз ету.

9. Мыналардың өткізілуін қамтамасыз ету:

- ядролық қаруға қарсы форум;

- өңірлік Инвестициялық-инновациялық форум;

- «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» II Халықаралық форум-фестивалі;

- «Туризм. Саяхат. Демалыс» өңірлік туристік көрме және «Қазақстандық Алтай» туристік фестивалі;

- III Халықаралық бал фестивалі;

- халықтар достығы фестивалі;

- «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафон-эстафетасы және тағы басқалар;





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет