Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасы Әдістеме – библиография бөлімі Ерлік толы даламыз, батыр біздің



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата10.11.2023
өлшемі0.62 Mb.
#482878
1   2   3   4   5   6   7
 
 
 
 
 
 



«Азаттық үшін алысқан ер» 
 
 
Жасынан омыраулап өрге ұмтылды, 
Қаймығып қас дұшпанның сағы сынды. 
Топтанып тобыр кедей паналайтын 
Асқар тау болды биік елге ықтынды. 
Нұрхан Ахметбеков 
Аманкелді Үдербайұлы Иманов (1873-1919), 
халық батыры. Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-
азаттық 
көтерілісі 
басшыларының 
бірі, 
Қазақстандағы Азамат соғысының қаһарманы. 
Торғай уезінің Қайдауыл болысында (қазіргі 
Аманкелді ауданында) 1873 жылы 3 сәуірде дүниеге келген. Аманкелді жеті 
жасында әкесінен, он үш жасында анасынан айырылады. Сегіз жасынан он 
екіге келгенше ауыл молдасынан арабша оқыды. Он екі жасынан он алты 
жасқа дейін Дулыға өзенінің бойындағы Әбдірахман ишанның медресесінде 
оқиды. Он алты жастан кейін байларға жалданып жұмыс істейді. 
Аманкелдінің немере ағасы Көшімбек орысша-қазақша екі жылдық мектеп 
ашып, сол мектепте Аманкелді де екі жыл оқып, орысша сауатын ашады. 
1905-1907 жылдары орыстың бірінші революциясының азаттық идеясы 
ықпалымен шаруалардың байларға қарсы қарулы күресіне қатысты. Социал-
демократтардың жергілікті жердегі большевиктер тобымен тығыз байланыс 
жасап, шаруалар бұқарасының ұлт-азаттық күресін басқарушы ретінде 
Торғай даласына атағы жайылды. Ә. Жанкелдин, Н. Токарев, И. Денисов, Ә. 
Майкөтов, И. Деев т.б. демократиялық интеллигенция өкілдерімен байланыс 
орнатты.
1896-1911 жылдары патша өкіметі оны «сенімсіз» адам деп, бірнеше рет 
түрмеге отырғызды. 
Көтерілісшілер сапына Ырғыздың, Қостанайдың, Ақтөбенің, Байқоңыр 
руднигінің, Шоқпаркөл тас көмір кенінің және Орынбор-Ташкент темір 
жолының жұмысшылары келіп қосылды. Аманкелді Иманов Торғай, 
Қостанай, Ырғыз, Ақтөбе уездерінен, ішінара Сырдария, Ақмола және 
Сырдария облыстарынан көтеріліске шыққан қазақтардың басын қосып, 
оларды қару-жарақты қолдана білуге және ұрыс жүргізу тәсіліне үйретті. 
Қару-жарақ шеберханаларын ұйымдастырып, өзін көтерілісшілердің 
қабілетті іскер басшысы ретінде танытты, жазалаушыларға қарсы қарулы 
күресті Қазан төңкерісі жеңіп шыққанға дейін жүргізді. Көтерілісті басып-
жаншу үшін патша үкіметі генерал А. Д. Лаврентьевтің басшылығымен 
арнаулы жазалау корпусын қалыптастырды.
Амангелді 1918 жылы 21 наурыз – 2 сәуірде Орынборда болған Торғай 
Кеңестерінің тұңғыш съезіне қатысты. Торғай даласының әскери комиссары 
болып тағайындалды. 



Қазан революциясының алғашқы күндерінен-ақ Аманкелді бұрынғы 
көтерілісшілерден қызыл партизандар отрядын құрып, Кеңес өкіметін қорғау 
күресіне белсене араласты. 1918 жылы шілдеде Кеңес қызметкерлерінің бір 
тобын басқарып, Торғай уезінде ауылдық және облыстық Кеңестердің 
сайлауын өткізді. 
Азамат соғысы жылдарында Ә. Жанкелдинмен бірге Қазақстанда тұңғыш 
ұлттық Қызыл Әскер бөлімдерін ұйымдастырды. Колчак әскерінің 
тылындағы партизандарға көмектесті.
1918 жылы қараша айында Аманкелді және Ә. Жанкелдин бастаған отряд 
ақ гвардияшылардан Торғай қаласын азат етті. 
1919 жылы 20 сәуірде Торғайда Кеңес өкіметі құлатылды да, Аманкелді 
тұтқынға алынды. 
18 мамырға қараған түнде Аманкелді Иманов айуандықпен өлтірілді. 
Батыр қазақ азаматтарын бір-біріне қарсы қойған аласапыран уақыттың 
саясатының құрбаны болды. Мәйіті бір жылдан кейін әуелі Алакөлге, кейін 
(1940) Аманкелді ауданына әкелініп жерленді. Қабірінің басына ескерткіш 
орнатылды. (мүсінші Х. Наурызбаев). 
Аманкелдінің туған ауданы және республиканың көптеген елді 
мекендері батырдың есімімен аталады. Алматы қаласында, Астанада
Жезқазғанда, Арқалық қаласы мен аудан, облыс орталықтарында батырдың 
ескерткіш мүсіні орнатылып, көптеген елді мекендер, мектептер мен 
мәдениет ошақтары Аманкелді есімімен аталады. Арқалық қаласы мен 
Аманкелді ауданының орталығында арнайы музейлер ашылған.
А. Имановтың артында бәйбішесі Рәштан сүйген Рамазан, Шәріп есімді екі 
ұлы қалған. Рамазан – Қазақстандағы Коммунистік журналистика 
институтын бітірген алғашқы кәсіби журналистердің бірі, «Пионер» 
журналының тұңғыш редакторы болды. Әкесі туралы «Батырдың балалық 
шағы» деген кітабы жарық көрген. Шәріп – құрылысшы-инженер еді. 
Батырдың екі баласы да Ұлы Отан соғысы басталысымен өз тілектерімен қан 
майданға аттанып, Рамазан ұрыс алаңында ерлікпен қаза тапты да, Шәріп 
елге оралып, бейбіт еңбекке араласты. Рамазанның Батырлан есімді ұлы, 
Райхан есімді қызы бар, екеуі де ғылым кандидаты. Шәріптің артында 
Ақылбек есімді баласы, үш немересі қалған. 
Аманкелді Имановтың ерлікке толы ғұмыры көптеген ақын-жазушылар, 
суретшілер мен композиторлардың шығармаларына арқау болды. Халық 
ақындары Ж. Жабаев, О. Шипин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Б. Майлин,
Ғ. Мүсірепов, орыс жазушылары П. Кузнецов, Л. Соболев, Д. Снегин 
шығармаларын арнады. Украин жазушысы О. Десняк «Тургайский сокол» - 
«Торғай сұңқары», орыстың адыгей қаламгері И. Раевский «Амангельды и 
Алим» - «Аманкелді мен Әлім» повесін, Ғ. Мүсірепов, В. Иванов, Б. Майлин 
бірлесіп «Аманкелді» фильмінің киносценарийін жазды.
Халық суретшілері Ә. Қастеев («Аманкелді» портр., «Аманкелді шабуылы», 
«Торғай жорығы») пен Қ. Телжанов («Аманкелді», «Аманкелді қызыл атты 
әскері») Аманкелді образын тартымды бейнелеген.
Он алтыншы жылдың дәл 



өзінен бастап, дәл осы күндерге дейін Аманкелді жайынан қазақ халқының 
жыры бір үзілмеген еді. Халық поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаев 
Аманкелдінің бүкіл ерлік күрестерінің тарихи мәнін дұрыс бағалаған. Бұл - 
батырға деген көп ұлтты одақтас еліміздің шексіз махаббаты, жарқын 
ескерткіші: 
Ардагер Аманкелді ердің ері, 
Кең өріс, жалпақ дала туған жері 
Елі мен мекенінің туын ұстап 
Қол бастап қан майданда аққан тері. 
Ленинді жаны сүйіп соңына ерген, 
Жауына ажал оғын тартқан мерген. 
Шешеден ел қамқоры ұл боп туып, 
Ер болып майданда да ұл боп өлген. – деп Жамбыл атамыз 
халық атынан үлкен түйіндеу жасайды.
Ақын-жазушыларымыз Н. Байғанин «Аманкелді туралы жыр»,
Ы. Адамбеков «Аманкелді», Е. Омарұлы «Ел батыры», Ғ. Қайырбеков 
«Большевик ауыл», Н. Ахметбеков «Аманкелді» дастан-жырларын батыр 
рухына арнады. Көп айтылып жүрген ақындардың сөзінің ішінде халық 
батыры Аманкелді Имановқа айтылған бір теңеу ол «алмас» деген сөз. Қай 
алмас дегенге: ел алмасы, тарихтың алмасы дер едік...
Аманкелді Иманов – қазақтың ұзақ тарихи керуенінде сайраған даңғыл 
жолы бар, самсаған қыран қолы бар, сардар деген аты бар үлкен ерлік 
көшінің басшысы. Оны халық жады, зердесі осылай танып, сақтап келе 
жатыр.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет