3. Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі
39. Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға арналған нысаналы трансферттер:
1) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдардың орналасқан жерлерінде жол белгілері мен сілтегіштерді орнатуға;
2) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдардың орналасқан жерлерінде жаяу жүргіншілер өткелдерін дыбыстық құрылғылармен жабдықтауға;
3) «Инватакси» қызметтерін дамытуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға;
4) жаңалықтар телебағдарламаларының трансляциялануын сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз етуге;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі
№ 754 қаулысымен бекітілген Мүгедектердi протездiк-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету ережесiнің 102-тармағында көзделген мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектер, несеп қабылдағыштар, нәжіс қабылдағыштар) қамтамасыз ету нормасын ұлғайтуға пайдаланылады.
40. Жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыруды ескере отырып, республикалық бюджеттен қаражат бөлу:
1) осы Қағидалардың 39-тармағының 1), 2), 4) тармақшалары бойынша іс-шараларды іске асыруға қажетті көлемнің 70 %-ы – республикалық бюджеттен, 30 %-ы – жергілікті бюджеттен;
2) осы Қағидалардың 39-тармағының 3) тармақшасы бойынша іс-шараларды іске асыруға қажетті көлемнің 40 %-ы – республикалық бюджеттен, 60 %-ы жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
41. Міндетті гигиеналық құралдарға және (немесе) олардың құнына қажеттіліктің артуы салдарынан нысаналы трансферттер сомалары жеткіліксіз болған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар мүгедектерді жөргектермен, несеп қабылдағыштармен, нәжіс қабылдағыштармен қамтамасыз ету нормасының артуына жұмсалған шығысты тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен қарастырады.
42. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері келіп түсетін нысаналы трансферттерді мынадай жергілікті бюджеттік бағдарламалар бойынша:
1) мына:
«Инватакси» қызметтерін дамытуға, мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастыру үшін аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттеріне трансферттерді одан әрі аудару үшін 045 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға ағымдағы нысаналы трансферттер»;
«Инватакси» қызметтерін дамытуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру үшін облыстық деңгейде шығыстарды қаржыландыру үшін
046 «Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру» жергілікті бюджеттік бағдарламалары арқылы 256 «Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;
2) жаңалықтар телебағдарламаларын трансляциялауды сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз ету үшін 077 «Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру» жергілікті бюджеттік бағдарламасы арқылы
263 «Облыстың ішкі саясат басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;
3) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдардың орналасқан жерлерінде жол белгілері мен сілтегіштерді орнатуға және жаяу жүргіншілер өткелдерін дыбыстық құрылғылармен жабдықтауға аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттеріне трансферттерді одан әрі аудару үшін
045 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға ағымдағы нысаналы трансферттер» жергілікті бюджеттік бағдарламасы арқылы 268 «Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;
4) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдардың орналасқан жерлерінде жол белгілері мен сілтегіштерді орнатуға және жаяу жүргіншілер өткелдерін дыбыстық құрылғылармен жабдықтауға аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттеріне трансферттерді одан әрі аудару үшін 076 «Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруға ағымдағы нысаналы трансферттер» жергілікті бюджеттік бағдарламасы арқылы 281 «Облыстың құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;
5) мына:
«Инватакси» қызметтерін дамытуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастыру үшін 045 «Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру»;
мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға 015 «Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі маманының, жеке көмекшінің қызметтерін ұсынуды қамтамасыз ету» жергілікті бюджеттік бағдарламалары арқылы 355 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;
6) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдардың орналасқан жерлерінде жол белгілері мен сілтегіштерді орнатуға және жаяу жүргіншілер өткелдерін дыбыстық құрылғылармен жабдықтау үшін
046 «Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру» жергілікті бюджеттік бағдарламасы арқылы 368 «Астана қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;
7) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдардың орналасқан жерлерінде жол белгілері мен сілтегіштерді орнатуға және жаяу жүргіншілер өткелдерін дыбыстық құрылғылармен жабдықтау үшін
013 «Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру» жергілікті бюджеттік бағдарламасы арқылы 384 «Алматы қаласының жолаушылар көлігі басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;
8) жаңалықтар телебағдарламаларын трансляциялауды сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз ету үшін 077 «Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру» жергілікті бюджеттік бағдарламасы арқылы 362 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі саясат басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша қарастырады.
43. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органдары келіп түсетін нысаналы трансферттерді:
1) мына:
«Инватакси» қызметтерін дамытуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру үшін 050 «Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру»;
мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормасын ұлғайту үшін 017 «Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектерді мiндетті гигиеналық құралдармен және ымдау тілі маманының, жеке көмекшінің қызметтерін ұсынуды қамтамасыз ету» жергілікті бюджеттік бағдарламалары арқылы 451 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;
2) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдардың орналасқан жерлерінде жол белгілері мен сілтегіштерді орнатуға және жаяу жүргіншілер өткелдерін дыбыстық құрылғылармен жабдықтау үшін
050 «Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру» жергілікті бюджеттік бағдарламасы арқылы 458 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;
3) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдардың орналасқан жерлерінде жол белгілері мен сілтегіштерді орнатуға және жаяу жүргіншілер өткелдерін дыбыстық құрылғылармен жабдықтау үшін
059 «Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру» жергілікті бюджеттік бағдарламасы арқылы 483 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;
4) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдардың орналасқан жерлерінде жол белгілері мен сілтегіштерді орнатуға және жаяу жүргіншілер өткелдерін дыбыстық құрылғылармен жабдықтау үшін
050 «Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру» жергілікті бюджеттік бағдарламасы арқылы 485 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;
5) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдардың орналасқан жерлерінде жол белгілері мен сілтегіштерді орнатуға және жаяу жүргіншілер өткелдерін дыбыстық құрылғылармен жабдықтау үшін
050 «Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру» жергілікті бюджеттік бағдарламасы арқылы 490 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;
6) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдардың орналасқан жерлерінде жол белгілері мен сілтегіштерді орнатуға және жаяу жүргіншілер өткелдерін дыбыстық құрылғылармен жабдықтау үшін
050 «Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру» жергілікті бюджеттік бағдарламасы арқылы 492 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша;
7) мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдардың орналасқан жерлерінде жол белгілері мен сілтегіштерді орнатуға және жаяу жүргіншілер өткелдерін дыбыстық құрылғылармен жабдықтау үшін
050 «Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру» жергілікті бюджеттік бағдарламасы арқылы 495 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша көздейді.
44. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы жергілікті уәкілетті органдар арқылы мүгедектерге қызмет көрсетуге бағдарланған ұйымдардың орналасқан жерлерінде жол белгілері мен сілтегіштерді орнату және жаяу жүргіншілер өткелдерін дыбыстық құрылғылармен жабдықтау;
2) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жергілікті уәкілетті органдар арқылы «Инватакси» қызметін дамытуға, міндетті гигиеналық құралдарды (жөргектерді, несеп қабылдағыштарды, нәжіс қабылдағыштарды) қамтамасыз ету нормасының артуын ескере отырып, сатып алуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;
3) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар арқылы жаңалықтар телебағдарламаларын трансляциялауды сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.
45. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жартыжылдық қорытындылары бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей және жылдың қорытындысы бойынша есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есепті республикалық бағдарлама әкімшісіне ұсынады.
4. Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен кохлеарлық импланттардың сөйлеу процессорларын ауыстыру және күйге келтіру қызметтеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртiбi
46. Кохлеарлық импланттардың сөйлеу процессорларын ауыстыру және күйге келтіру қызметтеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер:
1) кохлеарлық импланттардың сөйлеу процессорларын сатып алуға;
2) кохлеарлық импланттардың сөйлеу процессорларын ауыстыру және күйге келтіру қызметтеріне ақы төлеуге пайдаланылады.
47. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері келіп түсетін нысаналы трансферттерді мынадай:
облыстық деңгейде шығыстарды қаржыландыру үшін 256 «Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»;
республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде шығыстарды қаржыландыру үшін 355 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша 053 «Кохлеарлық импланттардың сөйлеу процессорларын ауыстыру және күйге келтіру бойынша қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша (011 «Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен») көздейді.
48. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдар кохлеарлық импланттардың сөйлеу процессорларын сатып алу, ауыстыру және оны күйге келтіру қызметтері бойынша сатып алуды жүзеге асырады.
49. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жартыжылдық қорытындылары бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың
30-күнінен кешіктірмей және жылдың қорытындысы бойынша есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есепті республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісіне ұсынады.
_______________________
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің
2015 жылға арналған
республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін
ағымдағы нысаналы трансферттерді
пайдалану қағидаларына
1-қосымша
«Өрлеу» жобасына қатысу үшін әңгімелесу парағы
Өтініш берушінің Т.А.Ә. _________________________________________________________
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының Т.А.Ә. _______________________________________________________________________________
Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде шартты ақшалай көмек алуға жүгінген күн _____________________________________________________
Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) сипаттамасы: ________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Отбасының жұмыс істемейтін ересек мүшелерінің еңбек қызметі (жұмыс орны, лауазымы, жұмыстан шығу себептері):
Отбасы мүшелері
|
Кәсібі
|
Соңғы жұмыс орны, жұмыстан шығу себептері
|
Жалпы жұмыс өтілі
|
Соңғы жұмыс орнындағы жұмыс өтілі
|
Еңбек дағдылары мен шеберлігі
|
Жұмыссыздық кезеңінің ұзақтығы
|
Өтініш беруші
|
|
|
|
|
|
|
Зайыбы (жұбайы)
|
|
|
|
|
|
|
Басқа ересектер
|
|
|
|
|
|
|
Еңбек қызметінің мүмкіндіктері (пікір):
Өтініш беруші: __________________________________________________________________
Зайыбы
(жұбайы): _______________________________________________________________________
Отбасының басқа да ересек мүшелері: _______________________________________________
Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас ________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Отбасындағы қиындықтар _________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Отбасының мүмкіндіктері (әлеуеті) – жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманының бағасы _______________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Проблемалар, алаңдаушылық (бүгінгі күннің қиындықтары), не кедергі келтіреді _________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Отбасының (жалғыз тұратын азаматтың) қалауы _____________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Басқа __________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Тараптардың қолы
Жұмыспен қамту және әлеуметтік Қатысушы (лар)
бағдарламалар бөлімі
___________________ (қолы) _________________ (қолы)
___________________ (күні) _________________ (күні)
__________________________
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің
2015 жылға арналған
республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін
ағымдағы нысаналы трансферттерді
пайдалану қағидаларына
2-қосымша
«Өрлеу» жобасына қатысуға
өтініш
_______________________________________
(елді мекені, ауданы, облысы)
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне
________________________________________
(елді мекені, ауданы)
________________________________________
(көше, үй және пәтер №, телефон)
мекенжайы бойынша тұратын
________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
жеке куәлік № _________________________________________
_____________________________________________
берілген күні _____________________________
ЖСН ____________________________________
Өтініш
Мені (менің отбасымды) жобаға қабылдауды және отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты негізінде шартты ақшалай көмек тағайындауды сұраймын.
Осы арқылы жобаға қатысу заңдылығын бағалау үшін менің отбасымның мүшелері туралы ақпаратты (табыс, білім, негізгі қаражат) пайдалануға, сондай-ақ тиісті ақпаратты мемлекеттік органдарда тексеруге, сәйкестікке келтіруге және жаңартуға келісім беремін.
Мен берген ақпараттың құпия екендігі және ол әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру үшін ғана пайдаланылатыны туралы маған хабарланды.
Менің отбасым (мені қоса алғанда) _____ адамнан тұрады.
Отбасы құрамында өзгерістер болған жағдайда, ол туралы он бес жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.
Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауаптылық туралы маған ескертілді.
Мен атаулы әлеуметтік көмектен (отбасы атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылған жағдайда) бас тартамын және менің табыстарымды (менің отбасымның табыстарын) Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының базасындағы деректермен салыстырып тексеруге келісемін.
Құқығым болған жағдайда маған және менің отбасымның мүшелеріне бір мезгілде мынадай көмектерді көрсетуіңізді сұраймын:
-
тұрғын үй көмегі
-
арнайы әлеуметтік қызметтер
-
мүгедектерді жеке оңалту шаралары (сурдотехникалық, тифлотехникалық, протездік-ортопедиялық құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету, ымдау тілі маманының, жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін көрсету
-
жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әлеуметтік көмек
«____»__________20___ ж. ___________________
(күні) (өтініш берушінің қолы)
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметтік белгілері үшін
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Құжаттар қабылданды
«____»__________20___ ж. ______________________________________________
(күні) (құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә. және қолы)
.
Отбасының тіркеу нөмірі | |
Өтініш қоса берілген құжаттармен «____»__________20___ ж. учаскелік комиссияға берілді.
«____»__________20___ ж. қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған учаскелік комиссия мүшесінің Т.А.Ә. және қолы ____________________________________________________________________;
Өтініш берушінің қолы ___________________
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттардың қабылданған күні туралы уәкілетті органның белгісі «____»__________20___ ж.
Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы, қолы
____________________________________________________________________
_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
(қию сызығы)
Жалған ақпарат пен дәйексіз (жасанды) құжаттар бергенім үшін жауаптылық туралы ескертілді.
Азамат _____________________________ өтініші қоса берілген ______ данадағы құжаттармен, отбасының ________ тіркеу нөмірімен «____»__________20___ ж. қабылданды.
Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы, қолы
____________________________________________________________________________
|
__________________________
Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің
2015 жылға арналған
республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану
қағидаларына
3-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |