Бедері. Берілген шаруашылықтағы Торғай үстірті ағыссыз болып келетін көптеген микроеңісті жазықтықты құрайды. Жазықтық өзенге қарай созылыңқы беткейлермен түскен. Территорияның солтүстік бөлігіндегі жазықтықтан жіңішке терең емес жыра өтіп жатыр.
Жалпы шаруашылықтың бедері егіншіліктің дамуына кедергі келтірмейді. Үлкен–үлкен тегіс массивтерде топырақты өңдеу үшін механикаландырылған жұмыстарды қолдануға әдбен болады.
Топырағы. Территория қоңыр топырақтар аймағында орналасқан. Топырақ жамылғысы негізінен қара қоңыр карбонатты, механикалық құрамы жеңіл және ауыр саздақты болып келеді. Топырақтағы қарашірік құрамы 5 тен 8 % аралығында.
Кесте 2. Топырақ картасының легендасы
Достарыңызбен бөлісу: |