ОӘК 042-18-18 14/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013



бет3/3
Дата27.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
#160741
1   2   3

Бекіту сұрақтары

1 Ортағасырлық түркі деректерін атаңыз?

2 Әбілғазы Баһадүрдің қазақ тарихы үшін дерек беретін қандай шығармасын білесіздер?

Ұсынылатын әдебиет

1 Источниковедение истории СССР: Учебник. М., 1981.

2.Источниковедение: Теория. История: Метод. Источники Российской истории: Уч.пособие. М., РГГУ, 1998.

3.Атабаев Қ. Деректану теориясының негіздері. А.,2002

4.Байтурсынов А. Тезисы о терминологии на тюркских языках//Бюллетень оргкомитета по созыву Всесоюзного тюркологического сьезда. № 2, Баку, 28 февраля 1929 года. С.20-22

5. Зевелев И. Источниковедение и его методологические аспекты. М., 1980


18-тақырып.

Қазақ халқының ауыз әдебиеті нұсқалары (шежіре) тарихи дерек ретінде. Тарихтану ақпаратының анықтық проблемасы. Қазіргі заманғы қазақстандық деректану мен тарихи ғылымдағы ауызша тарихи ойдың проблемаларын шешу.

Қазақстан тарихының орта ғасырлық қытай деректеріндегі көрінісі. «Мин Династиясынң тарихы», «Мин дианстиясының жинақтық шолу».

Дала өркениеті тудырған шежіре мәлеметтеріне деректік талдау жасау, көшпелілік болмысқа тән тарихи ой-сана мен тарихи таным өрісін, оның табиғатын және құрамдық бөліктерін, әлеуметтік-мәдени қызметін тануға жол ашады. Тарихи ертегілер, жыр-дастандар, тарихи әңгімелер, аңыз, шешендік, билер сөзі және басқа да ауызша айтылып, халық жадында сақталған мұралар шежірелік дәстүрді құрайтын ішкі деректерге жатады. Өз кезінде Ш. Уәлиханов, қазақта «бірде-бір мәнді оқиғасы, бірде-бір керемет кісісі туралы айтылмай қалғаны, халық жадында сақталмай қалғаны жоқ», - деп атап өткен. Расында да, қазақ мәдениетінде, төл әдебиетінде үлкен деректік қор бар. Ол деректемелердің тарихи шындықты суреттеудегі ерекшеліктері ғылымда қарастырылмай келді.

Шежірелердің негізгі мәнісі тұрғысынан олар ғылыми-танымдық (зерттеушілік), әдеби-фолькорлық (көркемдік, даналық сипаты); өлкетану-публицистикалық (пікір айту, көпшілікке таныту) сияқты үш түрлі жағымен үш бағытта дамыды. Әртүрлі еңбектерде осы тұстардың барлығы болғанымен, кейінгі бағыты басымдау. Кәсіби тарихшылардың қатарын шежірелік деректі қолдануына орай шығыстану, археология, этнография, тарихнама мен деректану, тарихтың ішкі салаларына бөліп қарастырған дұрыс.

ХІХ ғасырда «Қазақ шежіресі» атты мағынасы терең ғылыми мақала жазған ірі ғалым Ш. Уәлихановтың еңбегі елеулі. Шоқан бұл деректерді өзі ғана жинап қоймай, сол кездегі қазақ ортасындағы көзі ашық, сауатты, қайраткер адамдарға да аманат қылды. Кейін бүл мұралар Г. Потаниннің кітаптарында жарияланған. Ә. Бөкейханның төрелер шежіресіне қатысты жинақтаған генеалогиялық мәліметтері бүгінгі күні де өзектілігі мен ғылыми-қолданбалы мағынасын жоғалтпаған. Қазақ өткенін баяндайтын деректерді жариялаған М. Тынышпаев, өз еңбегінде қазақ руларының жүйесі, шығу тегі, ата-тек кестелері мен халық саны туралы мәліметтер келтірген. Оның ізденістеріне А. Харузин, Н. Аристов, В. Бартольдтің еңбектері қатты әсер еткен. Орыстың шығыстанушы ғалымдарымен жақын таныса отырып, М. Тынышпаев бұл еңбекте олардың зерттеу әдістерінен көп тәлім алған.

Әбілғазы баһадүр ханның «Шаджара-йи түркі» еңбегіне ерекше зерттеп, үлкен баға бергендердің бірі А. Кононов болды. Араб деректеріндегі түркілер туралы деректер туралы зерттегендердің бірі А. Зайончковский, ал шығыс деректері негізінде Моғолстанның қазақ пен өзбек қарым-қатынастары туралы зерттеулерді жүргізген ғалымдардың бірі О. Акимушкин еді. Тарихи мазмұн тұрғысынан шежірелердің деректеріне аса зор көңіл бөлген Ә. Марғұлан мен Е. Бекмаханов, М. Вяткиндердің есімдері алдыңғы қатарда тұр. Ерте және ортағасыр дәуірі тарихына қатысты қазақтың шежіресін қолдану нәтижелігін дәлелдеген ғалымдар осылар. Е. Бекмаханов өз зерттеулерінде қазақтың қария сөзін қолдану қажеттілігін дәлелдеп, қазақы тарихи деректерді қолданса, М. Вяткин тарихи-шежірелік деректерді Сырым батыр қозғалысын қарастыруға пайдаланды. Қазақстандағы шығыстанушылық зерттеулер ХІХ ғасырдағы Ш. Уәлиханов еңбектерінен бастау алып, ХХ ғасырда жақсы дамыды. Ғылым үшін үлкен жетістіктің бірі С. Ибрагимов, Н. Мингулов, К. Пищулина, В. Юдин тәрізді бір топ қазақстандық ғалымдардың үлкен еңбегімен байланысты. Олар дайындаған қазақ хандығы дәуіріне қатысты дерек үзінділерінің жинағы орыс тіліне аударылған 17 құнды тарихи-деректік құжатты қамтыды. Жалпы, шежірелердің тарих, деректану және тарихнама пәндеріне орай зерттеудегі орны туралы тиянақты айтып кеткен Ю. Зуев, Б. Көмеков, Ж. Тулибаева, А. Қадырбаев, З. Қинаятұлы, С. Сыздықов, Т. Бейсембиев, С. Жақыпбеков, М. Қойгелдиев, Н. Келімбетов, К. Есмағамбетов, Н. Әлімбай, Н. Базылхан, Т. Омарбеков, Х. Ғабжалелов; М. Қадыртаева, Г. Жакупова, Р. Айтбаева, И. Ерофеева және т.б. зерттеушілер болды. Парсы және түркі тілінде жазылған тарихи туындыларына шолу, олардың деректік маңыздылы, мәліметтердің кеңінен қолданылуы В. Юдин, Т. Султанов, Т. Бейсембиев, М. Әбусейітова еңбектерінде берілген. Қазақ халқының этногенез мәселесін қарастырған М. Ақынжанов, С. Ахинжанов еңбектерінде ерте және ортағасырлық тарихтағы ескі рулардың, халықтардың, қазақтың шығу тегіне қатысы туралы айтылады. М. Ж. Көпейұлының шежірелік мұраларын жария ету ізденістері Е. Жүсіповтің еңбектерінде жүргізілген. Қытай, манчжур және моңғол деректерін зерттеп, аударып жеткізіп отырған Б. Еженханұлы, Ж. Ошан, С. Сұңғатай, Н. Базылхан, З. Хинаят, Қ. Мұхамадиұлы, А. Тойшанұлы, Д. Қатран. Б. Хинаят және т.б. ғалымдар дайындаған материалдар қазақтың шежірелік деректерін зерттеуге берері мол. Түркітекті басқа халықтардың шежірелерінен дерек ретінде зертеу тәжірибесін қолдануға лайық қырғыз, татар және башқұрт, қарақалпақ, өзбек шежірелеріне қатысты басылымдар бар. Ноғайлардың шежірелік мәліметтері А. Исиннің зерттеулерінде орын алады.

Шежірелерді шартты түрде үш топқа бөліп қарауға байланысты: «Шыңғыснаманы» жазған Өтеміс қажы (XVI ғ.), Мұхаммед Қайдар Дулат (1499–1551), Қадырғали Жалайыри шежірелері мен Әбілғазы Баһадүрханның (1603–1664) «Түркі шежіресі»; ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасыр басы: М.Ж. Көпейұлы (1858–1931), Қ. Халид (1846–1913), Ш. Құдайбердіұлы (1858–1931), Н. Наушабай (1858–1919) мұралары. Мәшһүр Жүсіп шежіре қолжазбасы ескі уақыттан бастап XХ ғ. бірінші ширегіне дейін орын алған оқиғаларды баяндайды. Шәкәрім шежіресі де солай. ХХ ғасырда шежіре жасаушылардың топтамалары. Шежірелер құрамында ескі тарихи дәуірлердің мәліметтері тарихи-тұрмыстық жыр, аңыз күйінде көп сақталған. Осылайша кейбір шежіре мәліметтері мерзім жағынан ерте дәуірден қазіргі күнге дейінгі уақытты қамтығанымен, генеалогиялардың дені қазақ хандығы дәуіріне қатысты. Мұнда моңғол мемлекеті күйрегеннен кейінгі уақыт пен қазақ жүздерін қалыптасуы дәуіріндегі қазақ ру-тайпаларының құралу принциптерін айғақтайтын тарихи-генеалогиялық жүйе сипатталады. Шежіре деректерін сараптау арқылы дәстүрлі танымдағы тарих сипаттау ерекшеліктерін айқындау, және басқа (заттық, жазба) дерек түрлерімен салыстыра зерттеудін тәжірибелік маңызы зор.

Даладағы ауызекі тарихи әңгімелерден хатталған әйгілі шежіре еңбектері қатарында Өтеміс қажының «Шыңғыс-намасы», Қадырғали Қосымұлы Жалайырдың «Шежірелер жинағы», Әбілғазы Баһадүр ханның «Шаджара-йи түрки» шығармалары белгілі.

Шежірелік мәліметтер сақтайтын деректемелік жинақтың бірі – қазақ хандықтары тарихына қатысты ортағасырлық парсы және түркі шығармаларындағы үзінділерді жария еткен материалдар жинақпен (Материалы по истории казахских ханства) байланысты. Ал араб тарихшылары жасаған тарихнама туындыларындағы түркі-моңғол жұртына қатысты шежірелік мәліметтер мен сақталған шығармаларды Алтын Орда тарихы туралы материалдар жинағынан табамыз (Сборник материалов по истории Золотой Орды). Шежірелік мәліметтерді сондай-ақ ресми тарихи құжаттармен салыстырмалы зерттеу мақсатында XVI-XVIII ғғ. қазақ-орыс қарым-қатынастары туралы құжаттар мен материалдар деректерін, XVI-XX ғғ. орыс деректеріндегі Қазақстан тарихы және ХІХ ғ. – ХХ ғ. аралығындағы Қазақстанның саяси құрылымы туралы материалдарындағы (Материалы истории политиечского строя) деректерді қолдануға болады. Кейінгі жарыққа шыққан еңбектер қатарында В. Тизенгаузен жинаған парсы деректемелерінің үзінділері, «Му‘изз ал-ансаб» (Прославляющее генеалогии) «Маджма‘ әл-ансаб уа-л-ашджар» (Шежірелер жинағы), ХІІІ-XIХ ғғ. аралығындағы моңғол деректемелері, Алтын Орда дәуіріндегі араб-парсы шығармаларының жинағы маңызды.

Қазақ шежірелерінде мынадай мағлұматтар тасымалданады: а) қазақ ру-тайпаларының тарихи-генеалогиялық деректері; ә) қазақ төрелерінің тарихи генеалогиялары; б) қожалардың генеалогиялық деректі кестелері; в) қазақ ортасындағы кірме топтардың тарихи-деректі үлгілері. Алайда, қазақ шежірелерінде осылардың әрқайсысы тарихи дерек мөлшерін әрқилы сақтайды. Ең мол деректік мағлұматтар қазақ рулары мен тайпаларына және қазақ төрелері, хан, сұлтандарының тарихын баяндауға байланысты шежірелер. Ал қожалар мен қазақ ортасындағы кірме топтардың деректік мағлұматтары көбінесе шежірелік генеалогиялық кестелер, немесе тізбелерменен ғана шектеледі. Мұның өзінде де белгілі, қоғами қатынастардың объективті жағдайларынан туындаған заңдылықтар бар. Шежірелерді жүз, ру, принциптері негізінде сыныптаудың табиғаты шежірелердің ішкі ұйымдасуының ізімен жүруден туындаса, хронологиялық және тарихилық белгілері негізінде жүйелеу тарихи таным принциптерінен қалыптасқан сыныптау болып табылады. Ал тарихи-деректік сыныптау ісінде хронологиялық, тарихилық және тақырыптық принциптерге қосымша басқа да ұстанымдарды қолдануға болады. Жалпы бұл арада деректерді топтаудағы бұрын айтылған сара жолдан да тыс көзқарас туралы ізденіс керек.

Қазақтың дәстүрлі қоғамдық санасында тарихи білім өзінің ата-тегі, ата-бабалары, ру-тайпаның қалыптасуы мен ру ішінен шыққан әйгілі адамдар және олардың тәлімді іс-әрекеттері туралы жиналып сақталған біліммен тығыз байланысты болған. Дәстүрлі қоғамда өз заманын тану амалдары тек қана өткен дәуірлердің жолын түсініп-білу арқылы жүзеге асқан. Шежіре зерттеу тәжірибесі сайып келгенде қазақ жүздерінің рулық негізі мен әлеуметтік байланыстарын нақты көрсетеді.



Бекіту сұрақтары

1 Ортағасырлық түркі деректерін атаңыз?

2 Әбілғазы Баһадүрдің қазақ тарихы үшін дерек беретін қандай шығармасын білесіздер?

Ұсынылатын әдебиет

1 Источниковедение истории СССР: Учебник. М., 1981.

2.Источниковедение: Теория. История: Метод. Источники Российской истории: Уч.пособие. М., РГГУ, 1998.

3.Атабаев Қ. Деректану теориясының негіздері. А.,2002

4.Байтурсынов А. Тезисы о терминологии на тюркских языках//Бюллетень оргкомитета по созыву Всесоюзного тюркологического сьезда. № 2, Баку, 28 февраля 1929 года. С.20-22

5. Зевелев И. Источниковедение и его методологические аспекты. М., 1980


19-тақырып.

ХҮ-ХҮІІ ғғ. Қазақстан туралы орыс деректері. Строганов және Ремезов жылнамалары. Орыс елшілерінің (Д. Губин, С. Мальцев, Б. Доможиров, В. Степанов) Орталық Азиядағы жазбалары. «Көлемді сызба кітабы». Елшілердің бұйрық материалдары Қазақстан тарихының дерегі ретінде.

ХІҮ-ХҮІІ ғғ. Қазақстан тарихы бойынша батысевропалық деректер. Де Клавихо, С. Герберштейн, И. Барбаро, А. Дженкинсон жазбалары. Батыс европалық авторлардың шығармаларындағы Қазақстан туралы картографиялық мәліметтер.

20-тақырып.

Жаңа замандағы Қазақстан тарихы бойынша тарихи деректердің кешенін кеңейту. ХҮІІІ-ХІХ ғғ. бұхаралық деректер. Карминаги, Мухаммед Амин, Данйал би аталық, Мұхаммад Наки, Мулла Ибадаллах, Мухаммед Шариф, Муин, Мунши, Қара қожа, Талиб т.б. шығармалары ХҮІІІ-ХІХ ғғ. Қазақстан тарихы бойынша тарихи дерек ретінде.

21-тақырып.

ХҮІІІ-ХІХ ғғ. Қазақстан тарихы бойынша қытай деректері. Сун Юнның «Ұлы Цин династиясының жылнамасы», На Яньченнің «Жоңғарларды жуасытуды суреттеу» шығармалары.

22-тақырып.

Қазақстанды суреттеудегі орыс деректануының қалыптасуы. Қазақстан тарихы бойынша экспедиция материалдары, саяхатшылардың жазбалары. Экспедицияға қатысушы И. Кирилловтың қазақ даласына 1768-74 жж. жасаған саяхаттары. П.И. Рычков, Н.П. Рычков, П. Паллас, П. Фальк, И. Георги. ХІХ ғ. өлке тарихы туралы этнографтар мен саяхатшылардың шығармалары мен жазбалары. В. Радлов, Уәлиханов Ш., Спасский Г., Левшин А., Румянцев П. т.б.

23-тақырып.

ХҮІІ-ХІХ ғғ. заң актілік материалдары Қазақстан тарихының дерегі ретінде.

1.«Жеті Жарғы» - ХҮІІ ғ. аяғы - ХҮІІІ ғ. басындағы қазақтардың қарапайым құқықтары кодексінің норммасы ретінде.

2.Шекаралық комиссия және Орынбор генерал-губернаторлығының материалдары: 1822-1824 жж. жарғылар ХІХ ғ. бірініші жартысындағы 3.Қазақстанның әкімшілік-территориялық құрылысы бойынша дерек ретінде. 1838, 1844, 1854, 1867-1868, 1881, 1891 жж. отар жерлердегі заң қаулылары Ресей империясының заңшығарушылық элементі ретінде.

4. ХІХ ғ. Қазақстандағы Ресей заң актілерінің спецификалық ерекшеліктері - тарихи деректер кешеніндегі алатын орны мен атқаратын ролі.

24-тақырып.

Статистистикалық материалдар, хаттар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі деректер ретінде.

1.Ф.А. Щербина экспедициясы. Көші-қон басқару материалдары жаппай дерек ретінде.

2.ХІХ ғ. әдебиетінің ескерткіштері тарихи дерек ретінде- «Сырым батыр», «Исатай Махамбет», «Жанқожа», «Досан»; «Айман Шолпан» «Есім сері» «Мақпал қыз» т.б. поэмалар; «Зар заман» шығармасы. Әдеби ескерткіштермен жұмыс жасаудың әдістері.

25-тақырып.

Өлкедегі мерзімді басылымдардың пайда болуы.

1.«Дала уәлаяты» «Түркестан уәлаяты» газеттері. Қазақстанның облыстық газеттері. «Қазақ» газеті, «Айқап» журналы.

2.ХІХ ғ. аяғы - ХХ ғ. басындағы Қазақстан мерзімді басылымдарының ерекше белгілері.

3.Қазақ ұлттық зиялыларының шығармалары тарихи дерек ретінде.

А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов.

26-тақырып.

Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша тарихи деректердің кешені.

1.Саяси партиялар мен бірлестіктердің бағдарламалары мен жарғылары саяси күрес тарихы жөніндегі тарихи дерек ретінде.
27-тақырып.

Кеңестік кезеңдегі дерекнамалық негіздің қалыптасуының спецификалық ерешеліктері.

1.Деректердің типологиялық корпусының өзгерістері.

2.Кино-фотоқұжаттарының пайда болуы. Олармен жұмыс жасаудың әдісі.

3.Заң құжаттары. Құқықтың заң шығарушы бастаманың, заң жобаларын талқылаудың және оларды баспадан шығаруды айқындаудың проблемалары.

4.Заң шығарушылықтың, нормалар мен шындық арақатынасының атқарушы механизмдері.

5.КСРО және Қазақ КСР-ң Конституциясы тарихи дерек ретінде.

28-тақырып.

Саяси партиялардың бағдарламалық, жарғылық және директивтік құжаттары.

1.КОКП-ң, Қазақстан компортиясының құжаттары.

2.Кеңестік мекемелердің құжаттары.

3.КОКП-сының жетекшілерінің Қазақстан туралы құжаттары. 4.Қазақстанның партиялық және кеңестік жетекшілерінің құжаттары тарихи дерек ретінде.

29-тақырып.

Мемлекеттік және қоғамдық мекемелердің іс жүргізу материалдары тарихи дерек ретінде. Ұйымдастырушы, жарлық, жоспарлық, бақылау құжаттары, есептер, хаттамалар, стенограммалар және ағымдық хат алмасулар іс жүргізу құжаттарының әртүрлілігі ретінде.

Мемлекеттік билік органдарының іс жүргізу материалдарына сипаттама. Жарлықтар, хаттамалар және есептер мен стенограммалардың дерек ретінде пайдалану процесі.

30-тақырып.

Статистикалық материалдар.

1.КСРО-ғы статистикалық есеп алуды ұйымдастыру.

2.Ауыл шаруашылығының статистикасы. Өнеркәсіп статикасы.

3.Халық санының статикасы. Статистикалық материалдарды қолдану проблемалары.

4.КСРО, Қазақ КСР-ң халық шаруашылығын дамытуды жоспарлау материалдары. Жеке туындаған деректер.

5.Кеңестік мекемелер жетекшілерінің, мәдениет, ғылым қайраткерлерінің мемуарлары мен күнделіктері кеңестік дәуірдегі Қазақстанның әлеуметтік-саяси, мәдени және экономикалық дамуы туралы тарихи дерек ретінде.

6.Хаттар Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша тарихи деректер ретінде. Кеңес мемлекеті қызметкерлері мен коммунистік партия қайраткерлері арасындағы хат алмасу, қатардағы азаматтардың хаттары.

Статистикалық материалдарға сипаттама. КСРО-ғы статистикалық есеп алуды ұйымдастыру қызметіне талдау жасау. Кеңестік дәуірдегі бес жылдық жоспарды орындаудағы ауыл шаруашылығының статистикасы. Өнеркәсіп және халық саны туралы статистикасы.

Жеке туындаған деректер. Кеңестік мекемелер жетекшілерінің, мәдениет, ғылым қайраткерлерінің мемуарлары мен күнделіктері кеңестік дәуірдегі Қазақстанның әлеуметтік-саяси, мәдени және экономикалық дамуы туралы тарихи дерек ретінде. Хаттар Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша тарихи деректер ретінде. Кеңес мемлекеті қызметкерлері мен коммунистік партия қайраткерлері арасындағы хат алмасу, қатардағы азаматтардың хаттары.

ХХ ғ. Қазақстанның мерзімді басылымдары тарихи дерек ретінде. Мерзімді басылымдарды құрудың принциптері. Қазақстанның кеңестік-саяси басылымдарындағы сын мәселесі. 1980 ж. бейресми мерзімді басылымдардың пайда болуы. Қазақстанның мерзімді басылымдарын пайдаланудың проблемалары тарихи дерек ретінде.

Қазіргі кезеңдегі тарихи деректердің қалыптасының негізгі бағыттары. Тәуелсіз Қазақстандағы заң шығарушылық пен статистиканың дамуының ерекшеліктері.



Бекіту сұрақтары

1 Статистикалық материалдарды дерек ретінде пайдалану қалай жүзеге асады?

2 Демографиялық мәліметтер дерек ретінде?

3 Тәуелсіз Қазақстанның қазақ тарихы үшін деректану пәнінің ерекшелігі неде?



Ұсынылатын әдебиет

1 Источниковедение истории СССР: Учебник. М., 1981.

2.Источниковедение: Теория. История: Метод. Источники Российской истории: Уч.пособие. М., РГГУ, 1998.

3.Атабаев Қ. Деректану теориясының негіздері. А.,2002

4.Байтурсынов А. Тезисы о терминологии на тюркских языках//Бюллетень оргкомитета по созыву Всесоюзного тюркологического сьезда. № 2, Баку, 28 февраля 1929 года. С.20-22

5. Зевелев И. Источниковедение и его методологические аспекты. М., 1980


3 практикалық сабақтар

1-тақырып.

1.Қазақстандық зерттеушілердің еңбектеріндегі деректердің жіктелуі және көзқарастары.

2. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы бойынша тарихи деректердің жіктелуі.

3. Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы бойынша тарихи деректердің жіктелінің біріңғай критерилерін өңдеу.

4.Қазақстан тарихы бойынша тарихи деретердің жіктелуіндегі ауыз әдебиеті нұсқауларының (шежіренің) атқаратын ролі.

2-тақырып.

Қазақстан деректануындағы әртүрлі мектептер мен бағыттардың әдісін қолдану.

1.В. Дильтенің деректі деректанулық сын спецификалық әдісі түсінігі ретінде қарастыруы.

2.А.С. Лаппо-Даниелевскийдің «Бөтен рухтанғанды тану» идеясы мәдениетті зерттеудің әдісінің негізі ретінде.

3.Қазақстан тарихының деректануындағы позитивті методологияға механистік тұрғыдан қараудың себебі мен ерекшеліктері.

3-тақырып.

Ежелгі жазба ескерткіштері.

1.І Даридің Бехистун жазбасы; Ксеркс жазбасы. Авеста - үндіарилердің ежелгі ескерткіші.

2.Қазақстан тарихы бойынша орта ғасырлық ескерткіштер.

3.Қазақстан тарихы бойынша орта иран ескерткіштері.

4.Антикалық жазба шығармалары Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы бойынша дерек ретінде.

5.Герадоттың «Тарихы», Ктесияның «Парсылар тарихы»; Диодор Сицилийский; Плиний; Клавдий Элиан; Полибий. Страбонның «Географиясы», Птоломейдің «Географиясы».

4-тақырып.

1.Ортағасырлық араб-, парсы тілді және түркі жазба деректері.

2.Әл-Балазури және ат-Табари шығармаларындағы Қазақстанды мекендеген тайпалар және олардың территориясы туралы алғашқы мәліметтер.

3.ІХ ғ. - Х ғ. басындағы саяхатшылардың жазбалары орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша жазба дерек ретінде.

4.Ибн Хордабек, ибн Джафар, ал Якуби, Ибн ал- Факих, ибн Русте.

5.Саяхатшылардың жазбаларын шындықпен бейнелену спецификасы.



5-тақырып.

Х-ХІ ғғ. араб географтарының еңбектері орта ғасырлық Қазақстанның географиясы туралы тарихи дерек ретінде. Ал-Истахри, ибн Хаукаль, ибн Фадлан, Абу Дулаф, ал-Масуди, ибн ал - Хусайн, Гардизи, ал - Бируни, әл - Марвази шығармалары.



6-тақырып.

ХІІІ-ХҮІІ ғғ. Қазақстан тарихы бойынша парсы тілді деректер. Маңғол шапқыншылығының тарихы мен маңғол ұлыстарының құрылуы туралы деректер. Джувейни, Рашид әд-Дин, Шами, али-Йазди, Самарканди шығармалары, Тимуридтер - Натанзи, Хафиз-Абру, аль-Джурджани деректері.



7-тақырып.

ХҮІІ-ХІХ ғғ. заң актілік материалдары Қазақстан тарихының дерегі ретінде.

1.«Жеті Жарғы» - ХҮІІ ғ. аяғы - ХҮІІІ ғ. басындағы қазақтардың қарапайым құқықтары кодексінің норммасы ретінде.

2.Шекаралық комиссия және Орынбор генерал-губернаторлығының материалдары: 1822-1824 жж. жарғылар ХІХ ғ. бірініші жартысындағы 3.Қазақстанның әкімшілік-территориялық құрылысы бойынша дерек ретінде. 1838, 1844, 1854, 1867-1868, 1881, 1891 жж. отар жерлердегі заң қаулылары Ресей империясының заңшығарушылық элементі ретінде.

4. ХІХ ғ. Қазақстандағы Ресей заң актілерінің спецификалық ерекшеліктері - тарихи деректер кешеніндегі алатын орны мен атқаратын ролі.

8-тақырып.

Статистистикалық материалдар, хаттар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі деректер ретінде.

1.Ф.А. Щербина экспедициясы. Көші-қон басқару материалдары жаппай дерек ретінде.

2.ХІХ ғ. әдебиетінің ескерткіштері тарихи дерек ретінде- «Сырым батыр», «Исатай Махамбет», «Жанқожа», «Досан»; «Айман Шолпан» «Есім сері» «Мақпал қыз» т.б. поэмалар; «Зар заман» шығармасы. Әдеби ескерткіштермен жұмыс жасаудың әдістері.



9-тақырып.

Өлкедегі мерзімді басылымдардың пайда болуы.

1.«Дала уәлаяты» «Түркестан уәлаяты» газеттері. Қазақстанның облыстық газеттері. «Қазақ» газеті, «Айқап» журналы.

2.ХІХ ғ. аяғы - ХХ ғ. басындағы Қазақстан мерзімді басылымдарының ерекше белгілері.

3.Қазақ ұлттық зиялыларының шығармалары тарихи дерек ретінде. А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов.

10-тақырып.

Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша тарихи деректердің кешені.

1.Саяси партиялар мен бірлестіктердің бағдарламалары мен жарғылары саяси күрес тарихы жөніндегі тарихи дерек ретінде.

11-тақырып.

Кеңестік кезеңдегі дерекнамалық негіздің қалыптасуының спецификалық ерешеліктері. 1.Деректердің типологиялық корпусының өзгерістері.

2.Кино-фотоқұжаттарының пайда болуы. Олармен жұмыс жасаудың әдісі.

3.Заң құжаттары. Құқықтың заңшығарушы бастаманың, заң жобаларын талқылаудың және оларды баспадан шығаруды айқындаудың проблемалары.

4.Заң шығарушылықтың, нормалар мен шындық арақатынасының атқарушы механизмдері.

5.КСРО және Қазақ КСР-ң Конституциясы тарихи дерек ретінде.



12-тақырып.

Саяси партиялардың бағдарламалық, жарғылық және директивтік құжаттары.

1.КОКП-ң, Қазақстан компортиясының құжаттары. 2.Кеңестік мекемелердің құжаттары. 3.КОКП-сының жетекшілерінің Қазақстан туралы құжаттары. 4.Қазақстанның партиялық және кеңестік жетекшілерінің құжаттары тарихи дерек ретінде.

13-тақырып.

Мемлекеттік және қоғамдық мекемелердің іс жүргізу материалдары тарихи дерек ретінде. Ұйымдастыршы, жарлық, жоспарлық, бақылау құжаттары, есептер, хаттамалар, стенограммалар және ағымдық хат алмасулар іс жүргізу құжаттарының әртүрлілігі ретінде.



14-тақырып.

Статистикалық материалдар. Статистикалық материалдардың жалпы сипаттамасы.

1.КСРО-ғы статистикалық есеп алуды ұйымдастыру.

2.Ауыл шаруашылығының статистикасы. Өнеркәсіп статикасы. 3.Халық санының статикасы. Статистикалық материалдарды қолдану проблемалары.

4.КСРО, Қазақ КСР-ң халық шаруашылығын дамытуды жоспарлау материалдары.

Жеке туындаған деректер.

5.Кеңестік мекемелер жетекшілерінің, мәдениет, ғылым қайраткерлерінің мемуарлары мен күнделіктері кеңестік дәуірдегі Қазақстанның әлеуметтік-саяси, мәдени және экономикалық дамуы туралы тарихи дерек ретінде.

6.Хаттар Қазақстанның қазіргі заман тарихы бойынша тарихи деректер ретінде. Кеңес мемлекеті қызметкерлері мен коммунистік партия қайраткерлері арасындағы хат алмасу, қатардағы азаматтардың хаттары.



15-тақырып.

ХХ ғ. Қазақстанның мерзімді басылымдары тарихи дерек ретінде. Мерзімді басылымдарды құрудың принциптері. Қазақстанның кеңестік-саяси басылымдарындағы сын мәселесі. 1980 ж. бейресми мерзімді басылымдардың пайда болуы. Қазақстанның мерзімді басылымдарын пайдаланудың проблемалары тарихи дерек ретінде.

Қазіргі кезеңдегі тарихи деректердің қалыптасының негізгі бағыттары. Тәуелсіз Қазақстандағы заң шығарушылық пен статистиканың дамуының ерекшеліктері.
4 Студенттердің өздік жұмысы

4.1 Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар

Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады.

Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет.

Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет.

Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет.

Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет.

Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет.

Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет.

Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн.

Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет.

Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі.

Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек.

Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады.

Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студент тексеруге оқытушыға тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа: «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі.

Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн.
4.2 Студенттердің өздік жұмысының тақырыптары:

4.2.1 Қазақстан тарихы бойынша тарихи деректердің түрлерінің жіктелу детерминациясының проблемалары.

4.2.2 Авеста - үндіарилердің ежелгі ескерткіші.

4.2.3 Герадоттың «Тарихы», Ктесияның «Парсылар тарихы»;

4.2.4 Ежелгі кет жылнамалары мен саяхатшыларының жазбалары Қазақстан тарихы бойынша дерек ретінде.

4.2.5 Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы бойынша қытай деректерінің спецификасы.

4.2.6 Ежелгі түрік жазба ескерткіштері.

4.2.7 Х-ХІ ғғ. араб географтарының еңбектері орта ғасырлық Қазақстанның географиясы туралы тарихи дерек ретінде.

4.2.8 ХІІІ-ХҮІІ ғғ. Қазақстан тарихы бойынша парсы тілді деректер.

4.2.9 Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи-и-Рашиди» шығармасы Қазақ хандығының құрылуы туралы тарихи дерек ретінде.

4.2.10 Қазақ халқының ауыз әдебиеті нұсқалары (шежіре) тарихи дерек ретінде.

4.2.11 Орыс елшілерінің (Д. Губин, С. Мальцев, Б. Доможиров, В. Степанов) Орталық Азиядағы жазбалары.

4.2.12 Қазақстан тарихы бойынша экспедиция материалдары, саяхатшылардың жазбалары.

4.2.13 Өлкедегі мерзімді басылымдардың пайда болуы.

4.2.14 Қазақ ұлттық зиялыларының шығармалары тарихи дерек ретінде. А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов.

4.2.15 КСРО және Қазақ КСР-ң Конституциясы тарихи дерек ретінде.

4.2.16 Қазақстанның мерзімді басылымдарын пайдаланудың проблемалары тарихи дерек ретінде.

4.2.17 Қазіргі кезеңдегі тарихи деректердің қалыптасының негізгі бағыттары.

4.2.18 Тәуелсіз Қазақстандағы заң шығарушылық пен статистиканың дамуының ерекшеліктері.

4.2.19 1980 ж. бейресми мерзімді басылымдардың пайда болуы.



4.2.20 Тәуелсіздік кемелденген кездегі тарихи деректер.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет