Қоғамдық денсаулық және менеджмент кафедрасы



бет2/5
Дата20.02.2024
өлшемі0.6 Mb.
#492486
1   2   3   4   5
КИС биоэтика ОМ каз (1)

Жағдайлық есептер:



  1. Жағдайлық сипаттамасы: Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа ауданында ауруханасына бас ауруы, әлсіздік, дене қызуы, жөтел симптомдарымен 78 жастағы альцгеймермен ауыратын наауқас түсті. Тексеріс барысында науқаста пневмония екені анықталды. Бірақ пациент ем алуға мүлдем қарсы. Дәрігер науқасты шешім қабылдауға қабілетсіз деп танып, туыстарының рұқсатымен, пациенттін қарсылығына қарамастан шұғыл емдеуді бастады.

Тапсырма: Дәрігердің бұл әрекеті патернализмнің қай түріне жатады? Негіздеңіз.

  1. Жағдайлық сипаттамасы: Семей қаласындағы Мейірім қарттар үйіне мемлекет тарапынан гипертензивті препараттың (Короним) 500 данасы бөлінді. Семей қаласының Антикоррупциялық комитеттің тексерісі бойынша 500 дана препараттың 350 данасы ғана қарттарға берілгені анықталды.

Тапсырма: Осы жағдайда әділдік түрін анықтаңыз, әділдіктің қандай түрлері бар, сипаттаңыз.

  1. Жағдайлық сипаттамасы: 75 жастағы қарт науқас А. ауруханаға пневмония диагнозымен түсті. Бұған дейін ол коронавирус инфекциясының анықтайтын ПЦР тестінің бірнеше сынағынан өткен, нәтижелері теріс. Ауруханада КТ тексерісінде өкпенің 40% зақымдалғаны анықталды. Пациенттің жағдайы сатурацияның төмендеуімен және өкпенің зақымдануының 70%-ғ жоғарлауымен күрт ауырлады. Дәрігерлер пациентте оттек жетіспеушілігін болдырмау үшін оны жасанды коммаға түсірді.Бұған дейін дәрігерлер науқаста инвазивті вентиляция қолданды,алайда ол жақсы нәтиже бермеді.

Тапсырма: Осы жағдайда тәуекелді азайту шараларын атап шығыңыз

  1. Жағдайлық сипаттамасы: Психикалық, когнитивті немесе дамуында ауытқулары бар адамдарды, сондай -ақ нашақорлық пен маскүнемдіктен зардап шегетін науқастарды қатыстыра отырып, зерттеу жүргізу кезінде, ең алдымен, олардың зерттеуге қатысу туралы ақылға қонымды шешім қабылдай алатынына назар аудару қажет. Әрі бұл процес олардың жағдайына әсер етпеуі қажет. Эмоционалды сезімтал тақырыптарды зерттеу кезінде барлық субъектілердің жеке өмірі мен жиналған ақпараттың құпиялылығын сақтау маңызды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет