Қоғамдық денсаулық және менеджмент кафедрасы



бет3/5
Дата20.02.2024
өлшемі0.6 Mb.
#492486
1   2   3   4   5
КИС биоэтика ОМ каз (1)

Тапсырма: Психикалық денсаулығы бұзылған адамдар қатысатын зерттеулер қай жағдайларда мақұлданады,негіздеңіз.

  1. Жағдайлық сипаттамасы: Шұғыл емделуді қажет ететін немесе реанимацияға жататын субъектілерді қамтитын зерттеу әдеттегі клиникалық зерттеу жүргізуден өзгеше. Бұл жағдайларда ақпараттандырылған келісім алуға байланысты мәселелер туындайды. Олар науқастың сана -сезіміне немесе уақыттың жетіспеушілігіне байланысты болуы мүмкін және анаға, ұрыққа немесе баланың болашақ денсаулығына қауіптің бар -жоғын анықтау үшін оның заңды өкілімен байланысу мүмкіндігінің болмауы. Этикалық нормалар, егер зерттеу минималды тәуекелден аспайтын болса, сондай -ақ науқастың өміріне қауіп төнсе және емдеудің балама әдісі мақұлданса немесе жалпы қабылданса, келісімді алудан босатуға мүмкіндік береді.

Тапсырма: Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында клиникалық зерттеулер жүргізудің құқықтық негізі болатын құжаттарды атап өтіңіз.

  1. Жағдайлық сипаттамасы: Қарағанды қаласындағы фармакологиялық ДАРМЕД компания 3-4 жастағы фенилкетонуриямен балаларға жаңадан шыққан Тетрафен препаратының қауіпсіздігін зерттегісі келді.

Тапсырма: осы зерттеуге алынған қатысушыларды таңдауға қойылған биоэтикалық мәселелерді анықтаңыз.

  1. Жағдайлық сипаттамасы: 36 жастағы науқас, тұратын жеріне сәйкес Астана қаласының емханасына екпе (QazVac) бойынша келді. Науқасқа бірнеше ақпараттық қағаз берілді. Ол тіркеу бөлімінде қол қойып, учаскелік дәрігерге кірді. Дәрігерден барлық қажет ақпаратты алып, таңдау жасап, екпенің түрін (Спутник-Vac-Vac SinoVac) айтып, ақпараттық келісімге қолын қойып, артериалды қан қысымын және дене тепературасын өлшетті. Содан кейін екпе бөлмесіне барды.

Тапсырма: Ақпараттық келісім формасының мазмұнын атап жазыңыз.

  1. Жағдайлық сипаттамасы: Батыс Қазақстан облысының ДСҰ аймақтағы тұрғындардың денсаулығын нығайту мақсатында «Денсаулық жобасы» тақырыбында биомедициналық зерттеуді аймақтағы Қоғамдық денсаулық сақтау комитетімен қосыла жүзеге асыруды жоспарлады.

Тапсырма: Адам қатысымен жүргізілетін зерттеулердің этикалық бағалануының негзгі қағидаларын атаңыз, сипаттаңыз.

  1. Жағдайлық сипаттамасы: Astelass фарм компаняс,өздерінің жаңадан ойлап тапқан балаларға арналған,беталактамды тобына жататын, пневмонияға қарсы антибиотик препаратын зерттеуден өткізу жоспарланды. Зерттеу талаптарына сай оан 3-5 жас аралығындағы балалар қамтылуы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет