Қоғамдық денсаулық және менеджмент кафедрасы


Тапсырма: Балалардың қай топқа жататынын анықтаңыз және ерекшеліктерін сипаттаңыз,негіздеңіз. Жағдайлық сипаттамасы



бет4/5
Дата20.02.2024
өлшемі0.6 Mb.
#492486
1   2   3   4   5
КИС биоэтика ОМ каз (1)

Тапсырма: Балалардың қай топқа жататынын анықтаңыз және ерекшеліктерін сипаттаңыз,негіздеңіз.

  1. Жағдайлық сипаттамасы: Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы рұқсатымен Алматы қаласында Фармак дәрілік компаниясы іш жүргізуге арналған (Пиколакс) жаңа дәрілік препараттың қауіпсіздігін зерттеуге 20-25 жас аралығындағы ерікті адамдарды алуды ұйымдастырды. Зерттеу арнайы Биоэтикалық комиссиямен қаралған және мақұлданған

Тапсырма: Биоэтика комитетінің түрлерін және мақсаттарын сипаттаңыз.

  1. Жағдайлық сипаттамасы: Науқасқа цефазолин антибиотигінің инъекциясы тағайындалды. Бес минут ішінде препараттың бірінші инъекциясынан кейін науқас қайтыс болды. Науқастың медициналық картасында бұрын науқасқа осы препаратқа аллергиялық реакция байқалмағаны келтірілген. Жағдай бойынша құрылған сараптамалық комиссия ағзаның преператқа ерекше аллергиялық анафилактикалық реакция туралы қорытынды берді

Тапсырма: Жазатайым оқиға мен медициналық қателіктің айырмашылығы неде?

  1. Жағдайлық сипаттамасы: Адамдар қатысуымен жүргізілетін зерттеулер тиісінше клиникалық практика (GCP) нұсқауларына сәйкес өкілетті органдармен алдын ала қаралуынсыз және мақұлдануынсыз басталуы мүмкін емес.

Тапсырма: Аталынған жағдайда қай өкілетті органмен қаралуы және мақұлдануы тиіс,негіздеңіз

  1. Жағдайлық сипаттамасы: Ақтау қаласындағы емхана дәрігері науқасқа жағдайын жақсарту үшін қымбат импорттық дәрілік препаратты сатып алуды ұсынады. Алайда ол сол дәрілік препараттың отандық өндірісте өндірілетін бірдей арзан әрі тиімді аналогының бар екендігі туралы ақпарат бермейді.

Тапсырма: Бұл жерде биомедициналық этиканың қандай қағидасы бұзылған, негіздеңіз

  1. Жағдайлық сипаттамасы: 25 жастағы ер адам жұмысқа орналасу үшін Нұр-Сұлтан қалалық емханасында кезекті медициналық тексерістен өтті.Тексерістен өту барысында ер адамда АИТВ инфекциясына оң нәтиже анықталды. Дәрігер оны инфекциялық бақылауда ұстау үшін және оқшаулау үшін қосымша қаражат талап етті .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет