Қоғамдық денсаулық сақтау Кафедрасы



бет3/6
Дата01.07.2016
өлшемі421.5 Kb.
#170692
1   2   3   4   5   6

5. Биылғы жылғы барлық тіркелген аурулардың саны


127. Жалпы аурушылдық (аурулық) – бұл

А.Тұрғындардың арасындағы осы жылы анықталған және алдыңғы жылдары тіркелген барлық аурулардың жиынтығы

Б. Бұрын анықталмаған және жаңадан анықталған аурулардың жиынтығы

В. Тұрғындардың арасында патологияның жиілігін анықтау

Г. Аурудың дамуына кейін себеп болатын функционалдық ауытқулар

Д. Бұрын анықталмаған және берілген жылы жаңадан анықталған аурулардың саны


128. Медициналық байқаулардың негізгі түрлерін атаңыз …

1. Медициналық, алдын ала, мақсаты

2. Алдын ала, қорытынды, кезеңдік

3. Алдын ала, кезеңдік, мақсаттық

4. Алдын ала, қорытынды, мақсатты

5. Алдын ала, қорытынды, медициналық


129. Халық санағы барысында бақылаудың уақыт бойынша қолданылатын әдісі:

1. Ағымды

2. Кездейсоқ

3. Біркездік

4. Механикалық

5. Сериялық


130. Алдын-ала медициналық байқау жүргізіледі:

1. Кәсіби ауруды емдеу үшін

2. Улану жағдайын анықтау үшін

3. Оқуға түсерде немесе жұмысқа кірерде аурудың бар жоғын анықтау үшін

4. Кәсіби жұмыспен байланыссыз ауруларды анықтау үшін

5. Кәсіби қауіпті заттардан болатын ауруларды анықтау үшін


131. Мезгілдік медициналық байқаулар ұйымдастырылған ұжымдарда қандай мақсатпен жүргізіледі?

1. Жұқпалы ауруларды анықтау үшін

2. Улану жағдайын анықтау үшін

3. Оқуға түсерде немесе жұмысқа кірерде аурудың бар жоғын анықтау үшін

4. Жұмысқа кірерде денсаулық жағдайын білу үшін

5. Кәсіби аурулардың алғашқы белгілерін анықтау үшін


132. Медициналық байқаулар ұйымдастырылған ұжымдарда не үшін жүргізіледі?

1. Тек қана кәсіби аурулар мен улану жағдайын білу үшін

2. Эпидемиялық емес аурулардың алғашқы белгілерін және улану белгісін анықтау үшін

3. Оқуға түсерде денсаулық жағдайын білу үшін

4. Жұмысқа кіреді

5. Бірқатар аурулар түрін анықтау үшін


133. Жұқпалы аурулардың арнайы түрге бөліну себебіне жатады:

1. Ұзаққа созылуы

2. Тез таралуы

3. Эпидемиялық процесті басқару қажеттілігі

4. Мамандандырылған медициналық көмектің қажеттілігі

5. Емделу құнының жоғарылығы


134. Эпидемиялық емес аурулардың анықталуы туралы хабарлама қайда жіберіледі, егер аймақтық емханада алдан-ала «Өкпе туберкулезі» анықталды делінсе:

1. Аурудың жұмыс орны бойынша медициналық санитарлық бөлімге

2. Санитарлық эпидемиологиялық бақылау орталығына

3. Туберкулез ауруына қарсы диспансерге

4. Территориалдық ауруханаға

5. Қалалық денсаулық сақтау бөліміне


135. Аурушылдықтың дұрыс анықтамасын беріңіз:

А. Белгілі бір территорияда жыл бойы тіркелген аурулардың жиынтығы

Б. Жыл бойғы халықтың емханаға алғашқы келулерінің жиынтығы

В. + Белгілі бір кезеңдегі жалпы немесе жеке алғандағы барлық аурулардың жалпы халық немесе оның жекелеген топтары арасындағы таралуы, жиынтығы

Г. Белгілі бір территорияда жыл бойы тіркелген аурулардың жиілігі

Д. Жыл бойғы халықтың емханаға алғашқы келулерінің жиілігі


136. Халық аурушылдығын зерттеу не үшін қажет:

1. Халықтың денсаулығын жағдайын бағалау

2. Халыққа медициналық көмектің қажеттілігін анықтау (мамандар, төсектер т.б.)

3. Жанұяны жоспарлау

4. Емдеу-профилактикалық шараларды жоспарлау

5. Халықты гигиеналық оқыту, тәрбиелеу бойынша шараларды жоспарлау


137. Аурушылдықты зерттеудің негізгі әдістері:

1. Өлім себептері жөніндегі мәліметтер бойынша

2. Өздігінен көмек сұрай келуі бойынша

3. Халық санағы мәліметтері бойынша

4. Медициналық байқау мәліметтері бойынша

5. Анкеталық сұрау мәліметтері бойынша


138. Біріншілік аурушылдықтың дұрыс анықтамасы:

1. Берілген жылы алғаш рет анықталып, тіркелген аурулар жиілігі

2. Жыл бойы дәрігер тіркеген барлық аурулар

3. Берілген жылы алғаш рет анықталған және бұрыннан белгілі, сол себепті берілген жылы қайта қаралған халық арасындағы барлық аурулардың жиілігі

4. Белгілі бір территорияда жыл бойы тіркелген аурулар жиынтығы

5. Жыл бойғы халықтың емханаға алғашқы келулерінің жиынтығы


139. Жалпы аурушылдықтың дұрыс анықтамасы:

1. Жыл бойы дәрігер тіркеген барлық аурулар

2. Берілген жылы алғаш рет анықталған және бұрыннан белгілі, сол себепті берілген жылы қайта қаралған халық арасындағы барлық аурулардың жиілігі

3. Жұқпалы, эпидемиялық емес, уақытша еңбекке жарамсыздық аурушылдықтарын қоса берілген жылы алғаш рет тіркелген барлық аурулар жиілігі

4. Белгілі бір территорияда жыл бойы тіркелген аурулар жиынтығы

5. Жыл бойғы халықтың емханаға алғашқы келулерінің жиынтығы


140. "Өздігінен көмек сұрай келушілік" статистикалық терминнің түсінігі:

1. Ауырғандығына байланысты берілген жылы амбулаторлық-емханалық мекемеге алғаш келген науқастар саны

2. Ауыруына байланысты барлық алғашқы келулер санының бекітілген жалпы халық санына қатынасы

3. Медициналық мекемелерге науқастардың бірінші және қайталап келулерінің абсолюттік саны

4. Медициналық мекемелерге науқастардың бірінші және қайталап келулерінің саны

5. Ауруына байланысты қайталап келулер санының бекітілген жалпы халық санына қатынасы


141. Егер науқас белгілі аурумен бірнеше жылдар бойы ауырып, сол себепті жыл сайын емхана дәрігеріне қаралып отырса, қандай статистикаға жатады

1. Біріншілік аурушылдық

2. Жалпы аурушылдық

3. Патологиялық зақымдану

4. Таралу көрсеткіші

5. Аурулық көрсеткіші


142. Берілген жылғы біріншілік аурушылдықты талдағанда өңдеуге қандай тіркеу құжаты (талон) алынады:

1. Тек (+) таңбалы талондар

2. Барлық статистикалық талондар

3. (+) таңбасыз талондар

4. (-) таңбалы талондар

5. (-) таңбасыз талондар


143. Берілген жылы амбулаторлық-емханалық мекемеге келген халық арасындағы алғаш анықталған аурулар қалай тіркеледі

1. (+) таңбалы тіркеу құжаттарымен (талондар)

2. (+) тіркеу құжаттарымен таңбасыз (талондар)

3. Барлық статистикалық талондармен

4. (-) таңбалы тіркеу құжаттарымен (талондар)

5. (-) таңбасыз тіркеу құжаттарымен (талондар)


144. Аурушылдық жөніндегі мәліметтердің толықтығы мен сапасына әсер қандай факторлар әсер етеді:

1. Ауруларды статистикалық тіркеу деңгейі

2. Медициналық көмекпен қамтамасыз етілуі

3. Медициналық мамандардың біліктілігі

4. Халықтың мәдениет деңгейі

5. Санитарлық ағарту


145. Ауруды тудыруға әкелетін түрлі факторлардың әсерін келесі көрсеткіштермен анықтауға мүмкіндік береді:

1. Таралу

2. Біріншілік аурушылық

3. Өлім себептерінің құрылымы

4. Патологиялық зақымдану

5. Жалпы аурушылдық


146. Өздігінен медициналық көмек сұрай келуіне байланысты мәліметтер бойынша аурушылдықты зерттеу әдісінің кемшіліктерін атап көрсетіңіз:

1. Жедел патологияның таралуы жөнінде хабар бермейді

2. Халық арасындағы барлық созылмалы аурулардың таралуын талдауға мүмкіндік бермейді

3. Жасырын патологияны анықтауға мүмкіндік бермейді

4. Экономика тұрғысынан қымбат

5. Абсолютті дәл диагностика жасау мүмкін емес


147. Медициналық байқаулардың аурушылдықты зерттеу әдісі ретінде қандай жетістіктері бар:

1. Халық арасындағы созылмалы аурулардың таралуын талдауға мүмкіндік береді

2. Жасырын патологияны анықтауға мүмкіндік береді

3. Салыстырмалы түрде көп қаржылық шығынды талап етпейді

4 .Декреттелген контингенттердегі созылмалы патологияның жиілігі жөнінде талдауға мүмкіндік береді

5. Халық арасындағы созылмалы аурулық жөнінде хабар береді


148. Өлім себептері бойынша аурушылдықты зерттеу әдісінің кемшіліктері:

1. Таралумен байланысты нақты жағдайды көрсетпейді

2. Ауыр патологияның таралуы жөнінде хабар бермейді

3. Дәл диагностикалай алмайды

4. Жедел патологияның нақты жиілігін көрсетпейді

5. Созылмалы аурулардың нақты жиілігін көрсетпейді


149. Жұқпалы патологияның аурушылдықты зерттеудің арнайы түрі ретінде бөліну себептеріне:

1. Жоғары летальділік

2. Тез таралуы

3. Арнайы медициналық көмек ұйымдастыру қажеттігі

4. Эпидемиялық процесті басқару қажеттігі

5. Аурудың ұзақ созылуы


150. Маңызды эпидемиялық емес аурулардың аурушылдықты зерттеудің арнайы түрі ретінде бөліну себептеріне:

1. Тез таралуы

2. Аурудың ұзақ созылуы

3. Жоғары мүгедектік деңгейі

4. Арнайы медициналық көмек ұйымдастыру қажеттігі

5. Әлеуметтік маңызы

151. Уақытша еңбекке жарамсыздық аурушылдығының аурушылдықты зерттеудің арнайы түрі ретінде бөліну себептеріне:

1. Жоғары экономикалық шығынға ұшыратуы

2. Тұрмыстық жағдайдың әсер етуі

3. Еңбек жағдайының әсер етуі

4. Медициналық көмектің ерекше формаларын ұйымдастыру қажеттігі

5. Жоғары мүгедектік деңгейі


152. Уақытша еңбекке жарамсыздық аурушылдығының негізгі көрсеткіштері:

1. Науқастар пайызы

2. Бір еңбекке жарамсыздық жағдайының орташа ұзақтығы

3. Ауырған жұмысшылар арасынан госпитализацияланған пайызы

4. 100 жұмысшыға шаққанда еңбекке жарамсыздық күндері мен жағдайларының саны

5. Диагноздардың сәйкессіздік саны


153. Жалпы аурушылдықты зерттеуде қолданылатын тіркеу-есеп беру құжаттары:

1. Амбулаторлық науқастың медициналық картасы

2. Амбулаторлық науқастың бір рет қабылдауға талоны

3. Мекеменің қызмет ету ауданында тіркелген ауруларды тіркеудің бірегей ведомості

4. Жыл бойғы ЕПМ жұмысы жөнінде есеп беру

5. Стационарлық науқастың медициналық картасы


154. Госпитализацияланатын аурушылдықты зерттеуде қолданылатын тіркеу-есеп беру құжаттары:

1. Стационарлық науқастың медициналық картасы

2. Стационар жұмысы жөнінде есеп беру

3. Мекеменің қызмет ету ауданында тіркелген ауруларды есепке алу бірегей ведомості

4. Стационардан өткен науқастың статистикалық картасы

5. Амбулаторлық науқастың медициналық картасы


155. Жұқпалы ауру, тамақтан, кәсіби жағдайдағы жедел улану жөніндегі шұғыл хабарламаны кім дайындайды:

1. Дәрігер

2. Фельдшер

3. Медбике

4. Санитарка

5. ЕПМ бас дәрігер


156. Дизентерияға күмәнді науқасты анықтаған дәрігер “шұғыл хабарламаны” қайда жіберуі тиіс:

1. Емхананың бас дәрігеріне

2. Емханадағы дәрігер-инфекционистке

3. Статистика кабинетіне

4. Санэпидбақылаудың территориялық орталығына

5. Емхананың дәрігер-эпидемиологына


157. Кәсіби аурушылдықты зерттеуде қолданылатын тіркеу-есеп беру құжаттары:

1. Кәсіби ауруларды тіркеу журналы

2. Еңбекке жарамсыздық қағазы

3. Созылмалы кәсіби ауру жөніндегі хабарлама

4. Жұмысшының жеке бас картасы

5. Жұқпалы ауру , тамақтан, кәсіби жағдайдағы жедел улану жөніндегі шұғыл хабарлама


158. «Жұқпалы ауру, астан улану, жедел кәсіби уланулар, егуге қарсы реакция жөніндегі шұғыл хабарлама» санэпидстанцияға науқастың анықталған орнынан қанша уақыттан кешікпей хабалануы тиіс:

1. 8 сағат

2. 12 сағат

3. 24 сағат

4. 48 сағат

5. 72 сағат


159. Қазіргі кездегі денсаулық сақтау ұйымдары мен мекемелері халықаралық аурулар жіктелуінің нешінші қайта қарауын қолданады?

1. 7 - қайта қаралу

2. 8- қайта қаралу

3. 9- қайта қаралу

4. 10 - қайта қаралу

5. 11- қайта қаралу


160. Халықаралық аурулар жіктелуінің қаралуы 10 бекітілген?

1. ДДҰ-ң 40-шы Халықаралық конференциясында 1993ж.

2. ДДҰ-ң 43-шы Халықаралық конференциясында 1996ж.

3. ДДҰ-ң 41-шы Халықаралық конференциясында 1994ж.

4. ДДҰ-ң 42-шы Халықаралық конференциясында 1995ж.

5. ДДҰ-ң 39-шы Халықаралық конференциясында 1992ж.


161. Халықаралық аурулар жіктелуінің (ХАЖ) қазіргі кездегі толық атауы қандай?

1. Халықаралық аурулар және өлім себептерінің жіктелуі

2. Аурулар және денсаулықпен байланысты мәселелердің халықаралық статистикалық жіктелуі

4. Аурулар, жарақаттар және өлім себептерінің халықаралық статистикалық жіктелуі

5. Аурулардың және денсаулықпен байланысты мәселелердәң статистикалық жіктелуі.
162. ХАЖ 10-шы қайта қарауында неше класс бар?

1. 23 класс

2. 21 класс

3. 25 класс

4. 19 класс

5. 26 класс


163. ХАЖ-ң 10-шы қайта қаралуына қандай маңызды өзгерту енгізілді?

1. Класс санының азайтылуы

2. Әріптік кодтауды сандық кодтауға алмастыру

3. Сандық кодтауды әріптік-сандық кодтауған алмастыру

4. ХАЖ класстарындағы барлық ауруларды қайта топтастыру

5. ХАЖ-дың бүкіл құрылымын өзгерту


164. ХАЖ-ң 10-шы қайта қаралуының әр класында неше ауру топтары бар?

1. 50


2. 80

3. 100


4. 150

5. 200
165. ХАЖ-ң 10-шы қайта қаралуының үш мәнді бөлшектен тұратын әр тобы неше ауру кодтарына бөлінеді?

1. 12

2. 9


3. 10

4. 8


5. 11
166. 9-шы қайта қаралудың «нерв жүйесі және сезім мүшелерінің аурулары» 10-шы қайта қаралуда қандай жеке классқа бөлінді?

1. Зәр шығару жүйесінің аурулары

2. Нерв жүйесінің аурулары

3. Ауыз қуысы аурулары

4. Тыныс ағзаларының аурулары

5. Қан айналым жүесінің аурулары


167. 9-шы қайта қаралудың «нерв жүйесі және сезім мүшелерінің аурулары» 10-шы қайта қаралуда қандай жеке классқа бөлінді?

1. Ас қорыту ағзаларының аурулары

2. Ауыз қуысы аурулары

3. Көз және оның қосымшаларының аурулары

4. Жаңа түзінділер аурулары

5. Қан аурулары


168. 9-шы қайта қаралудың «нерв жүйесі және сезім мүшелерінің аурулары» 10-шы қайта қаралуда қандай жеке классқа бөлінді?

1. Тері бұлшық ет жүйесінің және дәнекер тінінің аурулары

2. Сүйек-буын жүйесінің аурулары

3. Зәр шығару жүйесінің аурулары

4. Құлақ және емізік тәрізді өсінді аурулары

5. Ауыз қуысы аурулары


169. Салауатты өмір салты нақты шартты жағдайлардың келесі топтарымен анықталады:

1. Тәртібі, салты, дәстүрлері, әрекет дәйектері

2. Белгілі тұлғалық сипатамалар, тұрмыс жағдайлары, еңбек, демалыс

3. Тәртібі, діні, әрекет дәйектері, демалыс

4. Тұрмыс жағдайлары, діні, демалысы, салттары

5. Әрекет дәйектері, демалысы, діні, дәстүрлері


170. Салауатты өмір салты - қандай шаралардың негізі және ең құнды түрі?

1. Аурулардың алдын алу

2. Аурулардың біріншілік алдын алу

3. Аурулардың екіншілік алдын алу

4. Аурулардың пайда болуының алдын алу

5. Бейімделу мүмкіншіліктерін кеңейту


171. Жастар арасындағы патологялық жағдайлардың таралуы қандай заңдылықтарға байланысты?

1. Жастардың функционалды жағдайы, өмір сүру ерекшеліктері, медициналық көмектің ұйымдастырылуы

2. Өмір сүру ерекшеліктері, белгілі тұлғалық сипатамалар, жастардың емдеу-профиактикалық мекемелерге көріну жиілігі

3. Жас организмінде күшті компенсаторлық, және бейімделгіш механизмдердің болуы, жастардың жүріс-тұрысы, медициналық көмектің ұйымдастырылуы

4. Демалыс, еңбек жағдайлары, жастардың жүріс-тұрысы

5. Өмір сүру ерекшеліктері, әрекет дәйектері, зиянды жаман әдеттер


172. Салауатты өмір салтының алғашқы құрам бөліктерінің бірін таңдап алыңдар:

1. Бос уақыт

2. Мәдени тәрбие

3. Дене тәрбиесі

4. Еңбек пен демалуды рационалды ұйымдастыру

5. Гигиеналық тәрбие


173. Өнеркәсіп жағдайындағы жұмысшылар денсаулығына келесі зиянды өндіріс факторлары әсер етеді:

1. Зиянды. Аса қауіпті.

2. Химиялық. Физикалық.

3. Қауіпті. Нервтік-психикалық.

4. Зиянды. Қауіпті.

5. Биологиялық. Химиялық.


174. Рационалды тамақтануға қойылатын негізгі талаптар:

1. Тағамдардың сандық сәйкестігі

2. Тағамдардың бір түрлілігі

3. Тағамдардың сапалық сәйкестігі

4. Балансталған тамақтану

5. Тамақтану тәртібі


175. Аурулардың қауіп факторының дұрыс анықтамасын таңдап алыңдар:

1. Қауіп факторы – белгілі тұлғалық сипаттамалар және ауру қаупін тудыратын өмір дағдыларының ерекшеліктері

2. Қауіп факторы – аурудың даму қаупін жоғарылататын адам денсаулығына белгілі факторлардың әсері

3. Қауіп факторы – халық денсаулығы жағдайына өзгертуге келмейтін биологиялық факторлардың әсері және ауру қаупін жоғарылататын өмір дағдыларының ерекшеліктері.

4. Қауіп факторы – халық денсаулығы жағдайына әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсері және ауру қаупін жоғарылататын белгілі тұлғалық сипаттамалар

5. Қауіп факторы - халық денсаулығына микро- және макро- ортаның әсері және ауру қаупін жоғарылататын өмір сүру дағдыларының ерекшеліктері


176. Маскүнемдіктің дұрыс анықтамасын таңдаңдар:

1. Маскүнемдік – адамның ішімдік ішуге патологиялық қажеттілігімен сипатталатын созылмалы ауру.

2. Маскүнемдік – спирттік ішімдіктерді бақылаусыз пайдалану нәтижесінде дамыған этанолмен уланудың созылмалы ауруы

3.Маскүнемдік – анық көріністері бар ауру ғана емес, қоғам денсаулығына, тұрмысына, еңбегіне, өміріне зиянды әсер тигізетін спирттік ішімдіктерді қалыптан тыс ішу.

4. Маскүнемдік – спирттік ішімдіктерге патологиялық құштарлығымен сипатталатын созылмалы ауру.

5. Маскүнемдік – абстинентті синдромға, психикалық зақымдалуға әкеп соқтыратын, спирттік ішімдіктерге бақылаусыз құштарлықпен сипатталатын созылмалы ауру


177. Маскүнемдік төмендегідей жіктеледі:

1. Әлеуметтік негізделген. Физиологиялық негізделген. Психологиялық негізделген.

2. Биологиялық негізделген. Физиологиялық негізделген. Психологиялық негізделген.

3. Биологиялық негізделген. Әлеуметтік негізделген. Психологиялық негізделген.

4. Физиологиялық негізделген. Биологиялық негізделген. Әлеуметтік негізделген

5. Биологиялық негізделген. Психологиялық негізделген. Әлеуметтік-экономикалық негізделген


178. Жеке маскүнемдік қаупі екі жағдайға байланысты:

1. Әсер етудің қарқыны, тұлғалық ерекшеліктер.

2. Қабылдау дәрежесі, генетикалық қабылдаушылық.

3. Тұлғалық ерекшеліктер, әлеуметтік қабылдаушылық

4. Физиологиялық қабылдаушылық.

5. Әсер етудің қарқыны, қабылдау дәрежесі


179. Әйелдер арасында маскүнемдіктің даму себептері:

1. Әйелдер маскүнемдігін бағалаудағы қоғамдық пікірдің қарама- қайшылығы

2. Жанұядағы, жеке өміріндегі үйлесімсіздік, төзімділіктің төменділігі

3. Эмансипацияны дұрыс түсінбеу және алкоголизациядан ерлерден қалыспау

4. Маскүнемдік дамуының әйел жасына байланыстылығы.

5. Әйелдердің зиянды алкогольді дәстүрлерге, әлеуметтік микроортаға, әсіресе ішімдік ішетін күйеуінің әсерінің жоғары сезімталдығы


180. Туберкулездің арнайы алдын алу шаралары қай жастан бастап жасалады?

1. 7 жастан

2. Туғаннан кейін 3 күн өткенде

3. 12 жастан

4. 17 жастан

5. 21 жастан.

181. Туберкулезді ерте анықтау үшін келесі шаралар жүргізіледі:

1. Манту туберкулиндік сынамасын жаппай жүргізу

2. Халыққа жаппай флюорографиялық зерттеу жүргізу

3. Түбүркулезбен ауыратын науқастарды міндеттендіріп емдеу үшін қорғалатын ауруханалар ұйымдастыру

4. Түберкулезді ерте анықтау және алдын алу мәселелері бойынша халыққа санитарлық-гигиеналық білім беру.

5. Жануарлар арасында түбүркулезді ерте анықтаудың микробиологиялық әдістерін жетілдіру.


182.Туберкулнодиагностиканың негізгі мақсаты:

1. Вакцина салу мен қайта егудің тиімділігін анықтау, вираж тобын анықтау, жергілікті зақымдардың пайда болуының алдын алу.

2. Қайта егудің (ревакцинация) тиімділігін анықтау, организмнің жұғылу жағдайы, түбүркулезбен ауыру

3. Вакцина салу мен қайта егудің тиімділігін анықтау, вираж тобын анықтау, ерте түбүркулездік улануды анықтау.

4. Өкпенің арнайы ауруларын анықтау, өкпенің түбүркулезбен аймақтық зақымдалуын анықтау

5. Алғашқы рет түбүркулездік уланудың ерте кезеңін анықтау, өкпенің және өкпе лимфа түйіндерінің түбүркулезбен зақымдалу жағдайы


183. Салауатты өмір салты –

1. Ерте сексуалды өмір

2. Физикалық және психикалық қолайсыздық

3. Гиподинамия

4. Дұрыс үйлестірілген тамақтану

5. Рационалды емес күн тізбесі


184. Валеология –бұл:

1. Аурулар эпидемиологиясы

2. Қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі ілім

3. Аурулар мен жарақаттануларды емдеу жөніндегі ілім

4. Индивидуальді денсаулықты қалыптастыру жөніндегі ілім

5.Әлеуметтік маңызды денсаулық жөніндегі ілім


185. Саналогия –бұл:

1. Аурулар эпидемиологиясы

2. Қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі ілім

3. Аурулар мен жарақаттануларды емдеу жөніндегі ілім

4. ИНДИВИДУАЛЬДІ денсаулықты қалыптастыру жөніндегі ілім

5.Әлеуметтік маңызды денсаулық жөніндегі ілім


186. Салауатты өмір салты қалыптастыру принциптері:

1. Денсаулық сақтаудағы қоғамның белсенділігі

2. Өзін-өзі емдеу мүмкіндігі

3. Арнайы мамандандырылған емге қол жеткізу

4. Ақысыз емделуге қол жеткізу

5. Сектораралақ қызметтестік


187. Қоғамдық денсаулықтың толық анықтамасын беріңіз:

1. Толық физикалық, рухани және әлеуметтік қолайлы жағдай

2. Физикалық кемшіліктердің болмауы

3. Мүгедектіктің болмауы

4. Қоршаған ортамен оптималды тепе-теңдік

5. Медицина дамуының деңгейі


188. Қоғамдық денсаулықтың көрсеткіштері:

1. Биологиялық сұйықтарды клиникалық талдау нәтижелері

2. Рентгенологиялық зерттеулер нәтижелері

3. Патологияныңағымының сипаты

4. Медициналық-демографиялық көрсеткіштер

5. Жоғарыда айтылғандардың барлығы


189. Индивидуальді денсаулық көрсеткіштері:

1. Аурушылдық көрсеткіштері

2. Демографиялық көрсеткіштер

3. Халықтың еңбекке белсенділігінің көрсеткіштері

4. Физикалық денсаулық көрсеткіштері

5. Мүгедектік көрсеткіштері


190. Бірінші денсаулық тобындағы балалар:

1. Көп ауыратын балалар

2. Жиі ауыратын балалар

3. Сирек ауыратын балалар

4. Субкомпенсация жағдайындағы балалар

5. Практикалық түрде дені сау балалар


191. Екінші денсаулық тобындағы балалар:

1. Жиі ауыратн балалар

2. Практикалық түрде дені сау балалар

3. Функционалдық ауытқуы бар балалар

4. Сирек ауыратын балалар

5. Ұзақ ауыратын балалар


192. Үшінші денсаулық тобындағы балалар:

1. Практикалық түрде дені сау балалар

2. Функционалдық ауытқуы бар балалар

3. Сирек ауыратын балалар

4. Ұзақ ауыратын балалар

5. Компенсация сатысындағы созылмалы ауруы бар балалар


193. Төртінші денсаулық тобындағы балалар:

1. Компенсация сатысындағы созылмалы ауруы бар балалар

2. Функционалдық ауытқуы бар балалар

3. Ұзақ ауыратын балалар

4. Субкомпенсация сатысындағы созылмалы ауруы бар балалар

5. Жиі ауыратын балалар


194. Бесінші денсаулық тобындағы балалар:

1. Субкомпенсация сатысындағы созылмалы ауруы бар балалар

2. Декомпенсация сатысындағы созылмалы ауруы бар балалар

3. Функционалдық ауытқуы бар балалар

4. Компенсация сатысындағы созылмалы ауруы бар балалар

5. Практикалық түрде дені сау балалар
195. Халық денсаулығы жөніндегі мәліметтердің негізгі көздеріне жатады:

.1. Іріктелген ғылыми зерттеулер мәліметтері

2. Жеке ғылыми зерттеу нәтижелері

3. Кезеңді баспа мәліметтері

4. Сақтандыру компанияларының мәліметтері

5. Аурулардың, қайғылы оқиғалардың және жарақаттанулардың регистрі


196. Денсаулықты нығайтатын факторлар:

1. Аз қозғалысты өмір салты

2. Алкогольді пайдалану

3. Зиянды әдеттерден бас тарту

4. Өндірістік күйзелістер



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет