5.Этнологиялық деректер
Этнография “тайпа, халық жазамын” қоғамдық ғылымның иайпалар ме
халықтарды зерттейтін бір саласы Этнография қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностың құрамын, қылысын, олардың өзіндік ерекшеліктері мен бәріне бірдей ортақ жайларды тарихи және мәдени қарым-қатынастарын күнделікті тұрмысын, кәсібін, қоғамдық және семьялық қарам-қатынастарын, рухани мәдениетін жан-жақты ғылыми негізде зерттейді.
Этнография зерттеудің ең негізгі қайнар бұлағы халықтардың қазіргі өмірін тәкелей бақылаудың нәтижесінде жиналатын сан алуан деректер. Этнография зерттеу жүргізудің 2 түрі бар.
Ел ішінде тұрақты немесе ұзақ уақыт бірге тру арқылы зерттеу.
Қысқа мерзімге экспедициялар ұйымдастыру арқылы зерттеу.
Ел арасынан этнографиялық деректер жинаудың әдістері әр түрлі: бірде зерттелетін халық тобымен етене араласып күнделікті іс-әрекеті той думаны, әртүрлі әдет-ғұрыптарын бірге өткізіп жүріп жинаса, 2-шіден халық өмірін жақсы білетін қария адамдармен әңгімелесу арқылы жинайды.
Халықтардың шығу тегін зерттеуде этнография үнемі археологиялық деретеріне сүйенсе, археология өзінінің зерттеу жұмыстарында археологиялық ескерткішітердің қандай анықтау барысыда әр дайын этнография деректерді кеңінен пайдаланады. Мәдениет және өнер тарихын, халықтың көркем өнерімен ауыз әдебиетін зерттеу және халықтың дәстүрлі шаруашылығы мен кәсібін зерттеу этнографияны толықтыра түседі.
Кейбір шетелдерде этнографиялық проблеманы зерттеп танумен айналысатын ғылымды білдіру үшін этнология деген тармин қолданылады. Мұның өзінде этнология кейде теориялық пән ретінде қарастырылады да таза сипаттама ғана беретін ғылымның ролін мтқаруға тиісті этнографияға қарсы қойылады. Советтік ғылымда этнология атауы қолданылмайды. Этнография дүние жүзі халықтарын зерттеуде, олардың сан алуан өмір салалары туралы жазу баяндаумен ғана шектелмей сол деректердің негізінде теориялық баяндамалар, қорытындылар жасайтын тарихи ғылымдарының бір саласы деп есептейді.
Адамзат қоғамының дамуы адамдардың оларды қоршаған дүние туралы білімдерінің кеңеюімен көршілес және шалғайдағы халықтар жөніндегі мәліметтерді жинақтаумен қоса жүріп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |