Қоғамдық ғылымдар жүйесінде этнология және оның орны


Этнологияда географиялық жіктеу жүйесі



бет7/34
Дата22.12.2023
өлшемі146.94 Kb.
#487586
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34
толық жауап этно1

7.Этнологияда географиялық жіктеу жүйесі


Этногеография (грек. ethnos – тайпа, geo – жер, grapho – жазамын, сызамын, сурет саламын) – этнология мен география ғылымдарының тоғысындағы ғылым. Этногеография этн. топтардың қалыптасуы мен қоныстану және қоныс аудару заңдылықтарын, олардың шаруашылығы мен тұрмысына, заттай мәдениетіне табиғи ортаның тигізетін әсерін, халықтардың киімдері мен тұрақ-жай ерекшеліктерін зерттейді. Сондай-ақ тарихи дәуірлер мен жыл мезгілдеріне қарай, тұрмыс және жол-қатынас мүмкіндіктерін ғыл. тұрғыдан анықтайды. Этногеография 20 ғ-дың 2-жартысында ғыл. пән ретінде қалыптаса бастады. Өз зерттеулерінде де тарихи пәндердің әдістемесімен қатар, жаратылыстану ғылымдарының әдістерін пайдалана береді. Ежелгі дәуірлердегі көрсетілген сауалдарды шешуде деректанулық талдау кеңінен жүргізіледі.
8.Этнологияда антропологиялық жіктеу жүйесі
Этникалық антропология” – этнология мен антропология ғылымдарының тоғысуындағы ғылыми білім саласы; антропологияның жекелеген этностардың морфо-физиологиялық ерекшеліктерін зерттейтін бөлімі. Этникалық антропология этностардың шығу сауалдарын, халықтардың әлеум. өміріндегі жағдайлардың рөлі, әлемнің әр түкпіріндегі олардың өмірлік болмысын зерттеумен шұғылданады. Бұл ғылым саласы тарихи шындықты айқындауда өзге де жаратылыстану мен гуманит. пәндердің жетістіктерін, зерт. әдістері мен тәсілдерін пайдалана береді. Әсіресе ол геногеографиямен тығыз байланысты. Этникалық антропология талдауы нәтижесінде алынған мәліметтер түрлі тарихи-мәдени кезеңдердегі этностар, нәсілдер арасындағы қатынастарды қалпына келтіруге, популяц. генетикаға, этногенезге, мед. географияға, т.б. ғылым салаларына қатысты сан алуан мәселелерді шешуге ат салысады.


9.Этнологияда лингвистикалық жіктеу жүйесі


Этнолингвистика – этнос болмысын тілі арқылы танып-білу
Қазақ тіл біліміндегі жаңа салалардың бірі – этнолингвистика. «Тіл әлемінің» өзіндік табиғатын, даму заңдылықтарын толық та жан-жақты зерттеу барысында іштей жіктеліп, дүниеге келген әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, статолингвистика іспеттес этнолингвистика да – «этностаным» мен «тілтаным» ғылымдарының ортақ проблемасы шеңберінде тоғысу нәтижесінде пайда болған жаңа сала. Ол – этностың табиғатын тереңнен танып-білу үшін басқа емес, тек тіл феномінің өзіне ғана тән ғажайып мүмкіншіліктері мен қазына байлығын зерделеп зерттеуді мақсат ететін ғылым.
Этнолингвистика - халықтың этногенезін тұрмыс-салты мен әдеп- ғұрпын, мекен-жайын, басқа халықтармен тарихи-мәдени байланысын, күнделікті тұрмысын, материалдық және рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімінің жаңа саласы. Тіл мәселелерін мәдениетпен халық әдет-ғұрпымен, салт-санамен байланыстыра зерттеу XX ғасырдың 2070 жылдарында орын ала бастады. Тіл білімінде қалыптасқан екі түрлі бағыт бар. Олар негізінен Америка мен ФРГ-да дүниеге келген. Алғашқы этнолингвистикалық зерттеулер ретінде мына еңбектерді атауға болады: Эдуар Сепирдің 1921 жылы шыққан «Тіл», 1929 жылы шыққан «Лингвистиканың жайы», Б.Уорфтың «Тіл, ойлау және шындық» (1959) жинақтары. Э.Сепир индеецтердің көптеген тайпаларының тілдерін зерттесе, неміс линвисі Л.Вайсгербер «Неміс тілінің күші» туралы төрт томдық еңбек жазды. Америка мектебі тіл мен мәдениетті негізгі проблема деп алса, Германия мектебі тіл мен халықты бірінші орынға қояды. Яғни, тіл функциясын, оның қоғамдағы даму рөлін асыра сөз етеді. Тіл адам санасы мен объективтік шындық арасындағыбірыңғай қатынас тізбегіне ене отыра, өзі сол санадан, объективтік шындықтан туған туынды болып табылады деген көзқарасты ұстанады.
Этнолингвистикалық ізденістер мазмұны жағынан қарағанда, оның бастауы тілдердің туыстық негізін білу идеясынан туған деген түйін жасаған дұрыс, ендеше тіл ғылымының этнолингвистика саласы әуелден-ақ зерттеу нысанына қарай жіктеле бастағанын, кейін тілдердің туыстығын, тарихи негізін айқындаудан тілдің ішкі мазмұнына қарай бет алғанын, тілдік таным мәселелерінің маңызды болғанын көруге болады. Бұл жөнінде алғашқылардың бірі болып пікір айтқан Э.Сепир өзгеше ұлттық феноменді түсіндіруде оның уәжінің тарихын ашуға тырысады, сол арқылы мәдениетті танытудың жолы – тіл, тіл мәдениетсіз өмір сүре алмайды деген түйінге келеді .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет