Қоғамның құрылымы өте күрделі. әлеуметтік құрылым дегеніміз, қоғамның ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы сан алуан байланыстар



бет2/5
Дата18.02.2024
өлшемі96.29 Kb.
#492344
1   2   3   4   5
социология

Негізгі бөлім
1.Әлеуметтік құрылым. Әлеуметтік құрылым қоғамды жекелеген, бір немесе бірнеше белгілер белгілер негізінде біріккен қабаттарға, топтарға объективті бөлуді білдіреді. Бұл – элементтердің әлеуметтік жүйедегі тұрақты байланысы. Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері болып әлеуметтік қауымдастықтар (таптар, ұлттар, кәсіпкерлік, демографиялық, территориялық, саяси топтар) табылады.
Әлеуметтік құрылымның болу мен даму механизмдері адамның іс-әрекеті жүйесінде жасырулы. Адамдар тіршілік ету үшін белгілі бір қоғамдық, ең алдымен өндірістік қатынастарға түседі, топтарға бөлінеді, кооперацияланады, функцияларын бөледі. Топтардың қалыптасу процесі үшін әлеуметтік айырмашылықтардың терең көзі ретіндегі еңбектің қоғамдық бөлінуі маңызды болып табылады. әлеуметтік құрылым – бұл адамдардың беделіндегі, өмір сүру жағдайындағы және өмір сүру тәсілдері ретінде бейнеленген жүйе.

Әлеуметтік құрылымның дамығандығының көрсеткіші болып оның әртүрлілігінің дәрежесі, яғни байланыс тәсілдерінің әртүрлілігі табылады.


Сонымен, қандай да болмасын құрылым немен сипатталады? Осыған байланысты түрлі көзқарастар бар, бірақ ең алдымен, өндірістік қатынастар үстемдік ететін қатал детерминацияланған әлеуметтік құрылым туралы айтуға болады. Бірақ әлеуметтік құрылымдар өндірістік күштермен де сипатталатындығын айтуға болады, техникалық прогресс өнімі болып табылады. Қазіргі социологиялық теория әлеуметтік құрылымның адамдардың мамандығына, жасына, біліміне байланысты ие болатын әртүрлі әлеуметтік позицияларына тәуелділігін анықтайды. Сондықтан, белгілі бір қоғамның әлеуметтік құрылымын анықтайтын факторлар өте көп, социолог олардың барлығын әлеуметтік процесс диагностикасы кезінде ескеруі керек.


Сонымен әлеуметтік құрылымды анықтайтын негізгі, шешуші белгі, критерий қандай?


Біздің ойымызша әлеуметтік құрылым әрқашан бір де бірінің басымдылығы жоқ көптеген факторлардың нәтижесі болады. Нақты жағдайларды кейбір белгілер алдыңғы шетке шығады, немесе, маңыздылығынан айрылады. әлеуметтік құрылымды қалыптастыруда ең маңызды ретінде өндіріс тәсілінің басымдылығын мойындай отырып, біз оны абсолюттендіре алмаймыз.


Социологиялық ойдың жетістігі болып, әлеуметтік құрылымды қозғалмайтын құрылыс ретінде емес, динамикалық бүтіндік ретінде қарастыруға көшу табылады. Бұл әлеуметтік құрылымның теориялық концепцияларын түрлі критерийлер негізінде қалыптастыруға мүмкіндік берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет