Қоғамның құрылымы өте күрделі. әлеуметтік құрылым дегеніміз, қоғамның ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы сан алуан байланыстар


Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы



бет3/5
Дата18.02.2024
өлшемі96.29 Kb.
#492344
1   2   3   4   5
социология

2.Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы.
Әлеуметтік құрылым-әлеуметтік страталардың, топтардың, әлеуметтік институттардың жиынтығы. Олардың байланысы, ара қатынасы. Авторы орыс-американ әлеуметтанушысы, әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильді теориясының авторы Питирим Александрович Сорокин.
15-18 ғ ғ қазақ қоғамы Қазақ хандығы тұсында патриархалдық-рулық тәріп жүйесі бойыншақалыптасқан. Қазақ қоғамының құрылымын 7 сатыға жіктеуге болады.
Құрылтай-Хандық-Жүз-Ұлыс-Ру-Ата –баба аймақ-ауыл.
Ауыл-қазақтардың ең негізгі қоғамдық тәртібі. Ол қандастық, рулық- туысқандық негізде құрылған.Әр ауылда ауылбасы болады.Ауылбасылар-көпті көрген, сөзі бекем, білімі бар кісілерден құралған.Міндеті-көшіп- қону уақытын белгіліеп,ауыл арасында шаруаларды реттеу.
Ата-аймақ-жеті атадан тұратын бірнеше ауылдан құралады. Басшысы-ақсақал. Ауыл аймақ адамдары ақсақалмен кеңесіп, сөзін мүлтіксіз орындап отырған.
Ру-әдетте 10-15 атадан қосылатын топ. Ата-аймақтар бір ру болып есептелінеді. Оның басшысы-рубасы деп аталады. Билік мұрагерлікпен қалып отырған.
Ұлыс-бірнеше рудан құралады. Ұлыс билігі сұлтандар қолында болды. Сұлтан ақсүйек әулетінен шыққан Чингизидтер династиясы. Ал билер болса Ұлыстың намысын қорғаған.Осы орайда Ұлыс сөзінің шығу тарихын айтып кету.
Жүз-бірнеше ұлыстардан тұрады. Басшысы Хан болды. Қазақ жүздері шамамаен 15-16 ғ.ғ. тайпалар одағының бірігуінен қалыптасты.
Жүз билеушісі-Хан
Хандық-Қазақ хандығы үш жүзден қалыптасқан.
Құрылтай — түркі-моңғол ақсүйектерінің ресми кеңесі. Ұлыстарда да жыл сайын Шыңғыс хан әулеті мен әскери-көшпелі ақсүйектердің Құрылтайы шақырылды. 1259 ж. Мөңке ханның өлімінен кейін жалпы моңғолдық, яғни ұлы Құрылтай шақырылмайтын болды. 15 — 18 ғасырларда түркі мемлекеттерінде, соның ішінде қазақ хандығында аса маңызды мәселелерді шешу үшін Құрылтай шақырылған.
Сонымен, Қазақ қоғамы ақсүйектер және қарасүйектер болып екі топқа бөлінген. Ақсүйектер — Аристократ сөзінің қазақы мағынада айтылуы. Қазақта "сүйек" адам тегінің асыл, не қарапайым болуының символ сөзі ретінде қолданылған. Әдетте тегің кім дегенді кейде "сүйегің қайсы ел" деп те айтатыны бар. Қазақтың дәстүрлі сөздерінде "ақсүйек", "қарасүйек", "сарсүйек" деген сөздер кездеседі. Қара сүйек бұл қарапайым адамдар. Сары сүйек деген бұл құдандалы байланысты көрсетеді. Ал, Ақсүйек деген арғы атасынан қаракөктің тұқымы дегенді білдіреді.
Қазақ билері — ерте заманда осы күнгі соттың да, тергеушінің да қызметін атқарған. Билер өздерінің бір ғана сөзімен небір шытырман даулы мәселелердің дұрыс шешімін тауып отырған.
Байлар-Қазақ қоғамында мүліктік жағдай бойынша жіктелу орын алды.Мал мен мүлікке ие болған ықпалды, дәулетті адам бай деп аталды. Ең бай адамдар ондаған үй, жүздеген түйе, мыңдаған қой мен жылқыны иеленді. Бірақ олар ерекше тапты құраған жоқ. Тек беделін анықтады
Батырлар- (парсы тілінен аударғанда бәһадур — ержүрек, батыл, батыр) — әскери өнерді жақсы меңгерген, жау түсірер ерлігімен аты шыққан, қаһарман адамға берілетін құрметті атақ. Батыр атағы мирасқорлық жолымен берілмейді, оған әрбір адам жеке басының ерлігімен ие болады. Батырларды қазақ халқы ежелден құрмет тұтқан
Ақсақал — ауыл-аймақтың жасы егде тартқан құрметті адамы. Өзінің өмірлік тәлім-тәжірибесін, халықтық игі дәстүрлер мен салт-сананы үйретуші, үлгі-өнеге көрсетуші. Әрқашан аталы сөз айтып, туыстықты, бірлікті, елдікті сақтау жолындағы уағызшы.
Қарапайым халық-қазақтардың ру тайпалық жүйесі қатардағы көшпелі адамдарды біріктірді. Олардың арқайсысы құқықтары бар ерікті адам болды. Ол мұраға қалдыруға, куәгер болуға жиындарға қатысуға және т.б құқықтарды иеленді. Қарапайым адамдыайыпсыз өлтіруге болмайтын еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет