3.Қазіргі Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік құрылым.
Қазіргі Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік құрылымның дамуы кездейсоқтылығымен, анықсыздығымен, аморфтілігімен сипатталады. Алғы шетке меншіктік және әлеуметтік теңсіздік мәселесі қойылады. Ол кластық қарама-қайшылық және қақтығыстармен сипатталады.
Экономиканың тұрақтануы және экономикалық заңдылықтар еркіндігін заңдастыру, әлемдік нарыққа өту негізгі әлеуметтік қауымдастар арасындағы қатынастар құрамы мен сипатына маңызды өзгерістер әкеледі. Қазіргі қоғамның негізгі сипаттамасы болып оның әлеуметтік поляризациясы, кедейлер мен байларға бөлінуі табылады.
Дәстүрлі әлеуметтік топтардың жойылуы, меншік, табыс, билік құрылымына ену, перспектива сезімі, топтық әлеуметтік мобильділік формаларына байланысты жаңа топшылык интеграция жүріп жатыр. Жаңа әлеуметтік құрылымды қалыптастыру үрдісі үш жол бойынша жүргізілуде:
Жеке меншік формаларының плюрализациясы негізінде жаңа әлеуметтік қауымдастықтардың қалыптасуы;
Мемлекеттік меншік формаларының трансформациясы және дәстүрлі кластық-топтық қауымдастықтардың жағдайының, шекараларының, сандық-сапалық сипаттамаларының өзгеруі мен шекаралық, маргианалдық қабаттардың қалыптасуы;
Әртүрлі жеке меншік формаларының өзара қатынасы негізінде қабаттар мен страталардың қалыптасуы.
Қазір жаңа қабаттар өзінің құрамы, іс-әрекет түрлері, даму перспективасы тұрғысынан әртүрлі. Олардың болашақтағы дамуы, мінез-құлқы, өмір сүру салты меншіктің жаңа формаларын заңдастыруға байланысты болады.
Сонымен, қазақ халқының тарихи қалыптасқан өмір-салтымен тікелей шендесіп жатқан этноқұрылымы: жеке адам - жанұя - әулет - ата - ру - тайпа- жүз -халық деп келетін сатылы атау-ұғымдармен айғақталатыны және негізінен осы атау-ұғымдардын халық жадына орныққаны алдымен ден
койдырады.
Әрбір жеке адам әкесі мен шешесінін ғана перзенті емес, сонымен бірге белгілі бір этностын да мүшесі және сол этностын әрі карай бөлшектенбейтін ең төменгі құрылымдық шегі болып табылады. Яғни, әрбір жеке адам
Этникалык ілкі жаралым деген сөз. Сонымен бірге, әрбір жеке адам өзінің тал бойына этникалық қасиеттерді калыптастырып,этностын төл болмысына қатысты мағлұматтарды жадына тоқу арқылы жетілетіні де аян. Мұндай адамды этноайғақшы немесе этнофора деп атайтын да үрдіс бар.
Қазақ тіліндегі отбасы, шанырақ, үй-іші, үйелмен, жанұя деген сөздер өзара синонимдік мәнде де қолданылады және сол қалпында бір үйдің адамдарын, яғни, ерлі-зайыптылар мен олардын бала-шағаларын айғақтайтын жиынтық атау тұрысында мәлім.
Әрине, бул сөздердің бірене ғана басымдық сипат беріп, оны терминдік ереде қолдану қажет. Ол үшін әлгі аталан синоним сөздердің мән-мағынасына
жеке-жеке ден койып көрген абзал.
Отбасы сөзінің қолданым аясы: 1. От жағаатын орын, жер ошақтың,қазандықтын, ошақтын басы. Мысалы:Отбасы, ошақ қасында отырып қалдыңызғой, төрге шықсаңызшы
2. Ауыспалы мағынада: ерлі-зайыптылар мен олардың бала-шағалары. Мысалы: Отбасын асырап-сақтау ерлі-зайыптылардын киелі міндеті.
Достарыңызбен бөлісу: |