8.Буын түрлерін табыңдар.
А) қатаң, ұяң, үнді В) ашық, тұйық, бітеу С) ашық, қысаң, езулік Д) жіңішке, қысаң, еріндік
Е) жуан, ашық, еріндік
9.Бітеу буынды сөздерді табыңдар.
А) қабырға, ұшақ В) деңгей, сұрақтар, С) құлақшын, сынып Д) қармақ, жаңбыр Е) бор, отбасы
10. Қатесі бар сөзді белгілеңіз.
А) қалам В) кітап С) жумыс Д) үй Е) оқимын
(Барлығы-10 балл)
3. Жазылым.
Өзіңнің шетелдік досыңа «Қазақстанның мерекелері» туралы хат жаз.
Барлығы-5 балл.
Қазақ тілі пәнінен олимпиадалық тапсырмалар. 9 сынып.
Оқылым.
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырманы орындаңыз.
Татулық пен достық – мағынасы тереңде жатқан асыл сөз. Қазақта «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» болмаса «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас», немесе «Бөлінгенді бөрі жейді» деген аталы сөзі бар. Жалғыз адам айдалада өскен ағашпен тең. Сондықтан да «Жалғыздық құдайға ғана жарасқан, адамның күні адаммен» дейді. Ал көппен қарым-қатынаста болу, береке-бірліктің, татулықтың ізгі бастауы болмақ. Адам баласы әр атқан таңдағы күнін игілікті істермен бастап, берекелі тірлік етсе, айналасындағы жандарға шапағатын тигізсе нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Ізгі ниетті, жаны таза адал жандар осылайша көптің «Алтын алма, алғыс ал, алтын деген жер сыйы, алғыс деген ел сыйына» ие болады.
Мәтін мазмұнына 5 сұрақ құрастыр
Мәтіннен 2 күрделі зат есімді теріп жаз.
Терең, күн сөздеріне антоним жаз.
Мәтіннен 5 тірек сөзді теріп жаз.
Септік жалғауы бар 5 зат есімді теріп жаз. (Барлығы-5 балл)
Лексика-грамматикалық тест.
1. Қалау райлы етістікті табыңыз.
A) Толқыса B) Алса игі еді C) Оқығым келеді D) Айтсаңшы E) Көрген
2. Бұйрық райдың 3-ші жағын табыңыз.
A) Табыңдар B) Түсініңіздер C) Үйренгісі келеді D) Жетсін E) Ұнатты
3. Бұрынғы өткен шақтың жұрнағын табыңыз.
A) –атын B) –п C) –ғалы D) –ған E) -а
4. Қай сөйлемде етісітік бастауыш қызметін атқарып тұрғандығын анықтаңыз.
A) Балалы үй-базар B) Сабыр түбі-сары алтын C) Бүгін ауылда қалың думан бар
D) Абай аға, мынау – бізідң үйлер E) Шапқан – озар, жатқан-тозар
5. Баяндауыш қызметіндегі етістікті табыңыз.
A) Күрең ат-Бөжейдің қыс мінетін аты B) Олжабек ойланып қалды C) Содан бері осындамын
D) Ашынғанның тілі ащы E) Абайдың тілегі солай
6. Тұйық етістікті тіркесті табыңыз.
A) Келер еді B) Танысыпты C) Тапсырманы орындамақпын D) Барғым келеді E) Адал еңбек ету
7. Мезгіл үстеуін көрсетіңіз
A) Қашаннан B) Қаншама C) Қайдан D) Кімше E) Қандай
8. Мақсат үстеуін табыңыз
A) Әлгінде, емін-еркін B) Орасан, әжептәуір C) Жорта, әдейі D) Тысқары, мұнда E) Амалсыздан, бекерге
9. Мөлшер үстеуді табыңыз
A) Әжептәуір B) Әрең C) Ілгері D) Кеше E) Тым
10. Көмектес септігіне қатысты септеулікті табыңыз
A) Кейін B) Шейін C) Соң D) Бірге E) Үшін (Барлығы-10 балл)
3. Жазылым.
Өзіңнің шетелдік досыңа «Қазақстан – бейбіт ел» туралы хат жаз.
Барлығы-5 балл.
Достарыңызбен бөлісу: |