Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050»



бет10/11
Дата25.02.2016
өлшемі319.58 Kb.
#22344
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Тұрғын үй қорын жаңғырту тетігі
      Бағдарлама аясында кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу (бұдан әрі – жөндеу) ғана жүзеге асырылатын болады.
      Терможаңғырту элементтерімен күрделі жөндеуді жүргізу нәтижесінде жылу тұтынуды үнемдеу 30 пайызға дейін жетеді.
      Ағымдағы жөндеуді үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің қайтарымды қаражаты есебінен жүргізу рұқсат етіледі.
      Ғимаратты (объектіні) күрделі жөндеу – қажет болған жағдайда конструкциялық элементтері мен инженерлік жабдық жүйелерін ауыстыра отырып, оның ресурсын қалпына келтіру, сондай-ақ пайдалану көрсеткіштерін жақсарту мақсатында ғимаратты жөндеу.
      Тұрғын ғимараттарды күрделі жөндеу ұйымдастыру-технологиялық жобалау құжаттамасы – жобаға (жұмыс жобасына), күрделі жөндеуді ұйымдастыру жобасына және жұмыстарды жүргізу жобаларына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
      Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері келісімдерінің және жөндеу жүргізу туралы шешім қабылдаған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің барлығы қол қойған шарттардың болуы көп пәтерлі тұрғын үйде жөндеу жүргізу үшін негіз қалаушы факторлардың бірі болып табылады.
      Ортақ мүлікті жөндеу жұмыстары мыналарды көздейді:
      1) жұмыс түрлерінің ең аз жиынтығы – бұл тұрғын үйдің шатырын, кіреберісін және жертөлесін жөндеу (жылылау);
      2) жұмыс түрлерінің ең көп жиынтығы – бұл шатырды, кіреберісті, жертөлені, қасбетті, лифтіні (бар болса) жөндеу (жылыту).
      Үйдің шатырын, қасбетін және кіреберісін жөндеу жүргізу талап етілмеген жағдайда жертөлені (инженерлік желілерді қоса алғанда) жөндеу жүргізу жоғарыда баяндалғанға жатпайды.
      Ғимаратты терможаңғырту жөнiндегi кешендi жұмыстар кезiнде тұтынылатын жылуды реттеудiң автоматтандырылған жүйесi және үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптары орнатылады, оларды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізілетін болады.
      Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізу тетігі республикалық бюджеттен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына жарғылық капиталында мемлекет қатысатын мамандандырылған уәкілетті ұйымдарды капиталдандыруға бағытталатын нысаналы трансферттер бөлуді көздейді.
      Мамандандырылған уәкілетті ұйымды капиталдандыру үшін бюджеттік өтінімді қалыптастыру экономикалық сараптаманың қорытындысы мен кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін техникалық тексеру актілерін қосымша бере отырып, қаржы-экономикалық негіздеменің (ҚЭН) негізінде жүргізіледі.
      Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеуге қаржы қаражатын бөлген кезде жеке өңірлердің ортақ тұрғын үй қорында күрделі жөндеу жүргізуді қажет ететін көп пәтерлі тұрғын үйлердің үлесі ескерілетін болады.
      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары қажет болған жағдайда аталған тетікті жүзеге асыру үшін жергілікті бюджет қаражатын пайдаланады.
      Кондоминиум объектісін басқару органы мен оператор (бас мердігер) болып табылатын мамандандырылған уәкілетті ұйым және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері арасында кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеуге шарт жасалады.
      Мамандандырылған уәкілетті ұйым қосалқы мердігерлерді тарту мүмкіндігімен ортақ мүлікке жөндеу жүргізеді.
      Кондоминиум объектісін басқару органының әрбір кондоминиум объектісіне екінші деңгейдегі банкте ашылған жинақ есепшоты болады.
      Шартта белгіленген мерзім ішінде үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері екінші деңгейдегі банктегі жинақ есепшотына ай сайынғы жарналарды төлейді.
      Жинақталған қаражат екінші деңгейдегі банктің есепшотынан мамандандырылған уәкілетті ұйымға орындалған жұмыстар үшін бөліп ақы төлеу ретінде аударылады.
      Тұрғындар қайтарған соманы мамандандырылған уәкілетті ұйым кондоминиумның басқа объектілерін жөндеуге жұмсайды.
      Бұл тетікті жүзеге асыру үшін оның қатысушылары мынадай іс-әрекеттерді орындайды.
      Жергілікті атқарушы органдар:
      1) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің өтінімдері бойынша жөнделуі тиіс үйлердің тізімін қалыптастырады;
      2) тұрғын үй инспекцияларының тиісті актілерді беруімен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық тексеру жүргізуді ұйымдастырады;
      3) тұрғын үйге энергетикалық аудит жүргізуді ұйымдастырады;
      4) мамандандырылған уәкілетті ұйымның жарғылық капиталын ұлғайту үшін ҚЭН әзірлейді;
      5) ҚЭН-ге экономикалық сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді;
      6) ӨДМ-ге растау құжаттарын қоса бере отырып бюджеттік өтінімді жолдайды;
      7) үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспабын және жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйесін міндетті түрде орната отырып, жөндеу жүргізуді ұйымдастырады. Кондоминиум объектісі ортақ мүлікке жөндеу жүргізуді қажет етпеген жағдайда, жөндеу жүргізусіз не инженерлік желілерді қоса алғанда (қажет болған жағдайда), жертөле жайларын жөндей отырып, аталған жабдықты орнату ғана жүргізіледі;
      8) жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысын бақылауды және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен орындалған жұмыстар үшін қаражаттың қайтарылуына мониторингті қамтамасыз етеді;
      9) аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді ұйымдастырады;
      10) кондоминиум объектілері басқару органдарымен және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерімен жөндеу жұмыстарын орындауға шарттар жасаған кезде үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің 8-ден 15 жылға дейін (күрделі жөндеу жұмыстары түрлеріне байланысты) қаражатты қайтару мерзімін сақтауын қамтамасыз етеді.
      Бұл ретте, жөндеу үшін қаражатты одан әрі пайдалануды болжауға мүмкіндік беретін қаражатты қайтару кестелерін жасау қажет.
      Мамандандырылған уәкілетті ұйым:
      1) кондоминиум объектілерін басқару органдарымен және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерімен жөндеу жұмыстарын орындауға шарт жасасуды;
      2) шартқа сәйкес жөндеу жұмыстарын орындауды;
      3) қажет болған жағдайда, қосалқы мердігерлік ұйымдармен шарттар жасасуды;
      4) жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында жіберілген кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдауды;
      5) үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен – шартқа қатысушылардан берешектерді сот тәртібімен өндіріп алуды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге ЖСҚ-ны және шығыстар сметасын әзірлеуді қамтамасыз етеді және оны үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерімен келіседі;
      Кондоминиум объектісін басқару органы:
      1) кондоминиум объектісін тіркеуді жүзеге асырады;
      2) екінші деңгейдегі банктерде кондоминиум объектісіне ағымдағы және жинақ есепшоттарының ашылуын қамтамасыз етеді;
      3) мамандандырылған уәкілетті ұйым әзірлеген ЖСҚ, шығыстар сметасының, ақаулар тізімдемелерінің келісілуін ұйымдастырады;
      4) мамандандырылған уәкілетті ұйыммен шартқа қол қоюды қамтамасыз етеді;
      5) орындалған жұмыстарды қабылдауға қатысады;
      6) жалпы жиналыстың шешімін орындаудан бас тартқан және шартқа қатыспайтын үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінен берешекті өндіріп алу туралы талап арыз беруді жүзеге асырады.
      Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналысы:
      1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне жөндеу жүргізу туралы шешім қабылдайды;
      2) қосалқы мердігерлік ұйымның таңдалуын келісуді жүзеге асырады (оны тарту қажет болған кезде);
      3) ЖСҚ немесе кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге шығыстар сметасын келіседі;
      4) әрбір пәтерге (үй-жайға) жүктелетін кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге жұмсалатын шығындар сомасын бекітеді, ол жеке (бөлек) меншіктегі тұрғын және (немесе) тұрғын емес алаңдардың пайдалы алаңының осы кондоминиум объектісіндегі үй-жайлардың барлық тұрғын және тұрғын емес алаңдарының пайдалы алаңдарының сомасына қатынасы бойынша айқындалады;
      5) орындалған жұмыстарды қабылдауға қатысу үшін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері қатарынан өкілдерді таңдауды жүзеге асырады.
      Орындалған жұмыстарды қабылдауға тұрғын үй инспекциялары, кондоминиум объектісін басқару органдары, жөнделетін объектілердің үй-жайлары (пәтерлері) меншік иелерінің өкілдері және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары қатысады.
      Сондай-ақ, 2014 жылдан бастап облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарына бұдан былай жөндеу жұмыстары жүргізілетін үйлерде энергетикалық аудит жүргізуге трансферттер бөлінеді.
      Кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн жөндеу аяқталып, жылыту маусымы өткеннен кейін жергілікті атқарушы органдар осы жөндеудің энергия тиімділігін бағалау үшін қайта энергетикалық аудит жүргізеді.
      Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеу жөніндегі жобаларды іске асыру сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізілуге тиіс.
      Секторды технологиялық дамыту үшін кемінде 5-10 жылда бір рет барлық нормативтік-техникалық құжаттаманы қайта қарау қажет, бұл осы саладағы қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарды қайта қарауды бекітуді және жаңаларын әзірлеуді көздейді.
      Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға жұмсалатын шығындарды төлеу үшін тұрғын үй көмегі көрсетіледі.
      Пәтерлердің (үй-жайлардың) меншік иелерін тұрғын үй қорын терможаңғырту процесіне тарту мақсатында халық арасында энергия үнемдеуді насихаттау шараларын жүргізу қажет. Халықтың қалың топтарына, кондоминиум объектілерін басқару органдарына, ТКШ мамандарына және білім алушы жастарға энергия үнемдеу саясатын насихаттау бойынша қызметтер көрсетілетін болады. Энергия үнемдеуді насихаттау жөніндегі іс-шаралармен қамтылған қалалық халықтың үлесі іс-шараларды жүргізу нәтижесінде жыл сайын ұлғаятын болады.
      Халықтың арасында энергия үнемдеуді насихаттау Бағдарламаны табысты іске асырудың негізі болып табылады және мынадай негізгі іс-шараларды қамтиды: ағартушылық және арнайы әдебиетті тираждау және тарату, өңірлік семинарлар, көрмелер және конференциялар ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамдық акциялар мен жарнамалық науқандар өткізу.
      Саланы кадрлық қамтамасыз ету шеңберінде практикалық оқыту үлесін ұлғайту, ТКШ саласы үшін ғылыми кадрлар даярлау, ТКШ саласы мамандарының біліктілігі мен құзыретін арттыру жүйесін дамыту арқылы жоғарғы, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру қажет.
      Нәтижесінде көп қабатты тұрғын үйге өзінің жеке меншік тұрғын үй ретінде иелік ету қатынасы және энергияны үнемдеу қатынасы қалыптасуға тиіс, жалпы осы іс-шаралардың барлығы тиімді меншік иесін қалыптастыруға және үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің энергияны тұтынуын азайтуға бағытталатын болады.
      Терможаңғырту бірінші кезекте осы қалалар халқының қолайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталады.
      Бағдарлама шеңберінде күрделі жөндеуді қажет ететін көп пәтерлік тұрғын үйлер көрсеткіштерінің тұрақты мониторингі жүзеге асырылады, бұл жерде респонденттер ретінде жергілікті атқарушы органдар болуы мүмкін, ал кейін респонденттер ретінде кондоминиум объектісін басқару органдарын және сервистік қызмет субъектілерін тарту шаралары қаралатын болады.
      Бұрын 2011 – 2012 жылдары Бағдарламаны іске асыру бойынша оператордың бірі ӘКК болып табылған. Оларда үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің қайтарымды қаражатын жинау әлі де жүзеге асырылатын ӘКК рөлін ескере отырып, жөндеу жүргізу үшін ӘКК-қа қайтарылатын ақша қаражатын пайдалану бойынша жұмысты жалғастыру, сондай-ақ осы қаражатты мамандандырылған уәкілетті ұйымдар арқылы тікелей пайдалану тетіктерін қарау қажет.
      Перспективада мамандандырылған уәкілетті ұйымның рөлін кәсіпкерлік құрылымдар, ал оларды қаржыландыруды мамандандырылған қаржы институттары (агенттіктер) және екінші деңгейдегі банктер өзіне алады.
Өңірлерді дамытудың  
2020 дейінгі бағдарламасына
4-қосымша      
Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту тетігі
      Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету өңірлердің негізгі даму факторларының бірі болып табылады.
      Ауыз сумен қамтамасыз етудің белгілі бір дәрежеде жақсаруына қарамастан, бүгінгі таңда республика халқының едәуір бөлігі әлі де тиісті сападағы сумен және толық көлемде қамтамасыз етілмей отыр. Көптеген тазарту құрылыстары өзінің пайдалану ресурстарын сарқыған және жөндеуді талап етеді, басқалары – артық жүктемемен жұмыс істейді, бұл сарқынды суларды тазалау технологияларының жобалық деректеріне сәйкес келмеуіне әкеп соқтырады.
      Ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру секторы проблемалар кешенімен сипатталады.
      Осыған орай Сумен жабдықтау және су бұру секторында елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану, жобалау, салу және реконструкциялау жөніндегі бірыңғай операторды құру мәселесі қаралатын болады.
      Елді мекендерде сумен жабдықтау көздері жерүсті, жерасты сулары болып табылады.
      Бағдарлама шеңберінде жерасты суларының әлеуетін барынша пайдалану үшін жоғары сапалы ауыз судың барынша қорғалған және сенімді көзі ретінде жерасты тұщы суларының кен орындарын шаруашылық айналымға тарту бойынша жұмыс жандандырылатын болады.
      Геологиялық-барлау жұмыстарының талап етілетін көлемін сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту мен жаңғырту бойынша талап етілетін жұмыс көлемін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігімен және Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен бірлесіп жыл сайын айқындайды. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі пайдалану мерзімі аяқталған қолданыстағы су жинағыштар бойынша жерасты сулары қорларының болуы туралы уақытша қорытындылар беретін болады.
      Сумен жабдықтаудың жерасты көздері жоқ жерлерде сумен жабдықтаудың жер үсті көздері пайдаланылатын болады.
      Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі топтық су құбырларын салу және реконструкциялау жөніндегі іс-шараларды жүргізетін болады.
      Сонымен қатар, ауылдық сумен жабдықтау секторында жергілікті сумен жабдықтау көздерін барынша пайдалану, блокты тазарту құрылыстарын қолдана отырып, үлгі жобаларды әзірлеу және халық саны аз елді мекендерде қолдану қажет.
      Бюджет қаражатын тиімсіз және ұтымсыз пайдалану фактілерін болдырмау, 2020 жылға дейінгі алдағы кезеңге арналған халықты ауыз сумен және су бұрумен қамтамасыз ету бойынша баламалы және үнемді шешімдерді іздеуді кеңейту мақсатында сумен жабдықтау мен су бұру секторын дамыту мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1. Сумен жабдықтау мен су бұрудың жаңа объектілерін салу және қолданыстағыларын қайта жаңарту кезінде жүйелі тәсілді енгізу.
      2. Сумен жабдықтау және су бұру су шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру және сумен жабдықтау мен су бұру объектілерін қаржыландыруға жеке капиталды барынша тарту. Қалалық және селолық жерлердегі сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындарын МЖӘ үлгісіне кезең-кезеңмен көшіру.
      3. Сумен жабдықтау мен су бұру саласында нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық базаны жетілдіру, үлгі жобаларды және үлгі жобалық шешімдерді әзірлеу, сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерін құрудың және пайдаланудың бірыңғай техникалық саясатын енгізу.
      4. Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жерасты суларының әлеуетін барынша пайдалану.
      5. Сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерін жобалау сапасын арттыру және сумен жабдықтау мен су бұру саласында қазақстандық үлесті дамыту.
      6. Саланы кадрлық қамтамасыз ету.
      Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту кезінде Бағдарламаның міндеттерінде көрсетілген басымдықтар (агломерацияларды, «екінші деңгейдегі» қалаларды, «үшінші деңгейдегі» қалаларды, ауылдық аумақтарды, шекара маңындағы аумақтарды дамыту) және Бағдарламаның негізгі ережелері қабылданады.
      1. Жүйелі тәсіл мынаны көздейді
      1.1 Қалалық жерлерде:
      1. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің сумен жабдықтау және су бұру желілерін салуды және реконструкциялауды қажет ететін елді мекендердің алдын ала тізімін қалыптастыру.
      2. 53 қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне арналған инвестициялар негіздемелерін әзірлеуді аяқтау (басталуы 2011 жылдың екінші жартыжылдығында және аяқталуы 2014 жылы).
      Қалаларды дамытудың перспективалық көрсеткіштері (халық саны, өнеркәсіп және т.б.) сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне инвестициялардың негіздемелерін әзірлеу үшін негіз болып табылады, олардың негізінде тиісті деректер қалыптастырылады (су тұтынудың және су бұрудың жалпы көлемі, сарқындының сапалық және сандық сипаттамалары болжанады және т.б.).
      Бас жоспарлары жоқ қалалар бойынша инвестициялардың негіздемелерін бекіту жергілікті атқарушы органдар бекіткен кемінде 2020 жылға дейін есептелген мерзімге арналған қалаларды дамытудың перспективалық көрсеткіштерінің негізінде жүргізіледі.
      3. Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің ЖСҚ-ны әзірлеу жоспарланып отырған объектілердің тізбесін Бағдарлама басымдықтарының деңгейлеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігімен және Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігімен келісуі.
      4. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бірыңғай тізбесін қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелері инвестицияларының негіздемесіне сәйкес қалыптастыруы.
      5. Сумен жабдықтау және су бұру жобаларының алдын ала тізбесін Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияда (бұдан әрі – ВАК) келісу. Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ВАК келіскен сумен жабдықтау және су бұру жобаларының тізбесіне қаржы жылының ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда нақтыланған тізбені өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ВАК-пен келісуге енгізу қажет.
      Сумен жабдықтау және су бұру жобаларының алдын тізбесін қалыптастыруды Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі жергілікті атқарушы органдардың жоспарланған қаржы жылының алдындағы жылдың бірінші тоқсанында алдағы қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімдерінің негізінде жүзеге асырады.
      Бұл ретте, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар тарапынан міндетті қоса қаржыландыру ескерілуі тиіс. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан қоса қаржыландыру деңгейі өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ВАК-та жыл сайын әрбір өңір бойынша жеке, оның ішінде алдағы жоспарланған бюджеттік кезеңге капиталды көп қажет ететін объектілер бойынша жыл сайын қаралатын болады.
      Мынадай құжаттары бар жобалар қаржыландырылуға рұқсат етіледі:
      1) электрондық және қағаз жеткізгіштерде ЖСҚ-ның болуы;
      2) санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық сараптаманың болуы;
      3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің келісімі, оның ішінде пайдалану мерзімі өткен қолданыстағы сумен жабдықтау көздері бойынша уақытша қорытынды;
      4) жоба ЖСҚ-сының мемлекеттік сараптамасы;
      5) салалық мемлекеттік органның салалық сараптамасы;
      6) түсіндірме жазба;
      7) техникалық қарап тексерудің болуы;
      8) жобаны бекіту туралы бұйрық;
      9) пайдаланушы кәсіпорынның болуы.
      Басым БИЖ-ларды іріктеу мынадай критерийлер бойынша жүзеге асырылатын болады:
      1) пайдалану кезінде сенімділік, жөндеуге жарамдылық, техникалық және экономикалық тиімділік талаптарына сәйкес келетін заманауи материалдарды, жабдықтарды және технологияларды қолдану көзделген жобалар;
      2) аяқталмаған (ауыспалы) сумен жабдықтау және су бұру жобалары.
      Уақтылы пайдалануға беру, сумен жабдықтау және су бұру жобаларының қымбаттауын болдырмау мақсатында аяқталмаған (ауыспалы) жобаларды міндетті қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет.
      3) Мемлекет басшысының және Үкіметтің тапсырмалары бар қалаларды және елді мекендерді дамытудың кешенді жоспарларына енгізілген жобалар.
      4) жаңа сумен жабдықтау жүйелерін салуға бағытталған жобалар.
      5) қалалардың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің авариялық учаскелерін реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі жобалар.
      6) құрылыс құны 100 млн. теңгеден аз, өңірдің жергілікті проблемаларын шешуге бағытталған, Бағдарламада көзделген жалпы өңір бойынша индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізуге елеулі әсер етпейтін жобалар жергілікті бюджеттердің есебінен қаржыландырылады.
      Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің инвестиция негіздемелерін әзірлеу кезеңінде (2011 – 2014 жылдар) қалалық жерлердегі сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бірыңғай тізбесіне жобаларды іріктеу жоғарыда көрсетілген өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      Кейін қалалық жерлердегі сумен жабдықтау және су бұру жобаларының бірыңғай тізбесін қалыптастыру қалалық сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің инвестиция негіздемелеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      1.2. Ауылдық сумен жабдықтау және су бұру объектілері үшін:
      1. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Бағдарламаның басымдықтарына сәйкес сумен жабдықтау және су бұру желілерін салуды және реконструкциялауды талап ететін елді мекендердің алдын ала тізімін қалыптастыруы.
      2. Жергілікті атқарушы органдардың ЖСҚ-ны әзірлеу жоспарланып отырған объектілердің тізбесін Бағдарлама басымдықтарының деңгейлеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрілігімен келісуі.
      3. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің мынадай өлшемдер бойынша сумен жабдықтау және су бұру жобаларының тізбесін қалыптастыруы:
      1) пайдалану кезеңінде сенімділік, жөндеуге жарамдылық, техникалық және экономикалық тиімділік талаптарына жауап беретін заманауи материалдар, жабдықтар және технологиялар салынған жобалар;
      2) аяқталмаған сумен жабдықтау және су бұру (ауыспалы) жобалары.
      Уақтылы пайдалануға беру, сумен жабдықтау жобаларының қымбаттауына жол бермеу мақсатында аяқталмаған (ауыспалы) жобаларды міндетті қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет;
      3) ауылдық елді мекендерді, әсіресе суды шеттен тасып әкелетін елді мекендерді орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұрумен қамтамасыз етуге бағытталған жобалар;
      Бұл ретте, осы мақсатқа аса тиімді қол жеткізу үшін халықтың барынша көп санын орталықтандырылған сумен жабдықтауды қамтамасыз ету қажет. Осыған байланысты, ерекше мән халқының саны жоғары, орта деңгейдегі елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетіне беріледі.
      4) аса авариялық учаскелерді реконструкциялауға бағытталған жобалар;
      5) жалпы өңір бойынша жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылатын Бағдарламада көзделген индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізуге елеулі әсер етпейтін өңірдің жергілікті проблемаларын шешуге бағытталған, құрылыс құны кемінде 100 млн. теңге болатын жобалар;
      Бұл ретте, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдар тарапынан міндетті бірлесіп қаржыландыру ескерілуі тиіс. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан бірлесіп қаржыландыру деңгейі Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ВАК-та жыл сайын жеке әрбір өңір бойынша, оның ішінде капиталды көп қажет ететін объекті бойынша қаралатын болады.
      Жобаларды іріктеу кезінде мынадай құжаттардың болуы қажет:
      1) электрондық және қағаз жеткізгіштерде ЖСҚ-ның болуы;
      2) экологиялық сараптаманың болуы;
      3) бекітілген сумен жабдықтау көзінің немесе Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялары Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті келісімінің, оның ішінде пайдалану мерзімі аяқталған қолданыстағы сумен жабдықтау көздері бойынша уақытша қорытындының болуы;
      4) жоба ЖСҚ-сының мемлекеттік сараптамасының қорытындысы;
      5) салалық мемлекеттік органның салалық сараптамасы;
      6) түсіндірме жазба;
      7) техникалық қарап тексерудің болуы;
      8) жобаны бекіту туралы бұйрық;
      9) пайдаланушы кәсіпорынның болуы.
Өңірлерді дамытудың 
2020 дейінгі бағдарламасына
5-қосымша      

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет