Оқыту 1-дәріс. Тыңдалым мәтінін түсіну деңгейінің типологиясы. Тыңдалым түрлері. Тыңдалым жұмысын ұйымдастыру кезеңдері. Слайд



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата04.04.2024
өлшемі223.46 Kb.
#497616
1   2   3   4   5
3.1.1-дәріс

Рефлексивті тыңдау. Әңгіме барысында алынған ақпаратқа жауап беруге 
басымдық берілетін тыңдалымның бір түрі, тыңдау барысында алынған мәліметтерді 
қабылдауды және мәлімдемелер немесе сұрақтар көмегімен оған жедел жауап беруді 
меңзейді.
Рефлексивті емес тыңдау. Сөйлесімге қарағанда тыңдалымға көп көңіл 
бөлінеді. Сөйлеушіні үнсіз тыңдауға, өз ойын алға тартпай, басқаны көбірек тыңдауға 
мүмкіндік береді, сөздердің мағынасы анық қабылданады.
Бұл тыңдаудың маңызды көрсеткіші – басты изеу (мақұлдау) немесе басты 
қозғалту сияқты дене реакциясы болуы мүмкін. 
Қарым-қатынас барысында рефлексивті емес тыңдау қатысушыға өзін көрсетуде 
туындайтын қиындықтарды (ұялшақтық, сенімсіздік, кекекштену, т.б.) еңсеруге, 


назарын шоғырландыруға және өз пікірін байыппен айтуға мүмкіндік береді.
Эмпатикалық тыңдау. «Эмпатия» термині (ағылшын тілінен аударғанда 
«жанашырлық, жаны ашу» дегенді білдіреді) – басқа адамның сезіміне эмоционалды 
түрде жауап беру мүмкіндігі, оның осы сезімдерді өз бойынан өткізіп, қабылдай білу 
қабілеті. Әңгімелесуде адам сөздердің мағынасына емес, сөйлеушінің сезімдері мен 
эмоцияларын «оқуға» назар аударады. 

Тыңдалым дағдысы - әлеуметтік маңызы бар және сонымен бірге ең күрделі 
коммуникативтік дағдылардың бірі.
«Тыңдау» және «есту» сөздерінің мағынасына назар аударатын болсақ, есту - 
сөзді есту арқылы физикалық тұрғыдан қабылдау, тыңдау - психикалық 
белсенділікті қамтитын ерікті әрекеттің нәтижесінде қабылданған сөзді түсіну.

Тыңдалым жады қызметімен байланысты. Жады ұғымын келесі 
компоненттерге бөлуге болады: қысқа мерзімді – ақпаратты қысқа уақыт ішінде 
сақтау; жедел – белгілі, алдын ала белгіленген мерзім ішінде ақпаратты сақтау; ұзақ 
мерзімді – ақпаратты ұзақ уақыт сақтау қабілеті. Оны еске түсіру үшін көп жағдайда 
ойлау мен ерік-жігер қажет болады (сондықтан оның жұмыс істеуі шектелмейді); 
сонымен қатар көрген бейнелерін есте сақтауға байланысты көру жады; әртүрлі 
дыбыстарды, музыкалық және тілдік дыбыстарды жақсы есте сақтау және дәл 
қайталау үшін есту жадылары да қажет. Мұның барлығы тыңдалым үшін өте 
маңызды, өйткені алғашқы кезде балалар дыбыстар мен сөздердің дыбысталуын есте 
сақтауға тиіс. 
Тыңдалымды меңгеру тәрбиелік, ой-өрісін дамыту мақсаттарын жүзеге 
асыруға мүмкіндік береді. Сөйлеу тілін есту арқылы түсінудің тәрбиелік маңызы 
баланың жадының дамуына, ең алдымен, есту жадының қазақ тілін үйрену үшін ғана 
емес, сонымен қатар басқа да кез келген пәнге де оң әсерін тигізеді. 

Толық тыңдалымның басты критерийі - естігенді жеткілікті дәрежеде түсіну. 
Тыңдалым мәтінін түсіну деңгейлері : 
1. Мәтінді фрагментарлы (үстіртін) түсіну деңгейі. 
2. Мәтінді жалпы (ауқымды) түсіну деңгейі. 
3. Мәтінді толық (детальды) түсіну деңгейі. 
4. Мәтінді сыни түсіну деңгейі. 
Мәтінді фрагментарлы (үстіртін) түсіну деңгейі тыңдаушының тыңдап-түсіну 
дағдысының қалыптаспағандығын көрсетеді.
Мәтінді жалпы (ауқымды) түсіну деңгейі, ең алдымен, тақырыпты түсіну мәтін 
мағынасын оның мағыналық негізін құрайтын – кілт сөздер арқылы түсінуге 
негізделеді.
Мәтінді толық (детальді) түсіну деңгейі тыңдалым барысында қарапайым 
мнемоникалық және логикалық-мағыналық іс-әрекеттерді біріктіру дағдыларының 
болуымен сипатталады. 
Сыни түсіну деңгейі аудиомәтінді бағалаумен, қабылданған ақпарат мазмұнына 
интерпретация жасау және мағыналық өңдеумен байланысты болады. 

Тыңдалым мәтінімен жұмыс барысында оқушылардың мәтінді жалпы түсіну 
деңгейі, толық түсіну деңгейі, сыни түсіну деңгейі бағаланады. 
Мәтінді жалпы түсіну деңгейін тексеру үшін мынадай жаттығулар орындалады:
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар койылады, әр сұраққа екі жауап- біреуі 
дұрыс, екіншісі қате жауап ұсынылады. Оқушы дұрыс жауапты табуы керек
• Мәтін тыңдалған соң үш-төрт сөйлем беріледі, соның біреуі ғана тыңдаған 
мәтіннің мазмұнына сәйкес келеді. Оқушылар осы сөйлемді табуы тиіс. 
Толық түсіну дағдыларының қалыптасуы төмендегідей тексеріледі: 
• Жалпы мазмұнға және жекелеген мәліметтер / фактілерге қатысты 
сұрақтарға жауап беру; 
• Толық жоспар құру; 


• Суретке сүйене отырып мазмұндау (суреттер, сызбалар, кілт сөздер немесе 
жоспар); 
• Мәтінді драмаландыру; 
• Мәтінді қорытындылау / бағалау; 
• Вербалды емес тәсілдер арқылы: сызбалар, кестелер құрастыру, заттарды
бейнелеу; 
• Мәтінді мағыналық бөліктерге бөлу және/немесе оларға атау беру; 
• Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау; 
• Бос жерлерді тиісті сөздермен/сөз тіркестерімен/ сөйлеммен толықтыру. 
Сыни тұрғыдан түсіну деңгейі проблемалық сипаттағы тапсырмалар арқылы 
тексеріледі:
• Рецензия жазу/ тыңдалған мәтінді бағалау; 
• Аннотация / реферат жазу; 
• Әр түрлі көзқарастарды салыстыру; 
• Ой-пікірдің объективтілігін анықтау; 
• Автордың қорытындысымен келісу/келіспеуді негіздеу
• Сұхбат жүргізу; 
• Әңгімелесу және пікірталас ұйымдастыру және т. б. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет