Оқыту 1-дәріс. Тыңдалым мәтінін түсіну деңгейінің типологиясы. Тыңдалым түрлері. Тыңдалым жұмысын ұйымдастыру кезеңдері. Слайд



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата04.04.2024
өлшемі223.46 Kb.
#497616
1   2   3   4   5
3.1.1-дәріс

Тыңдалым түрлері: әңгімелесу (диалог), әңгімелер (оқиға), хабарландыру, әндер, 
нұсқау, дәріс және жарнама және т.б. 
Тыңдалым дағдысы бірнеше ішкі дағдылардан тұрады: 
Мазмұнын түсіну үшін тыңдау – жалпы мазмұнын, идеясын түсіну үшін тыңдау. 
Нақты ақпараттарды алу үшін тыңдау - тыңдалымдағы қажетті ақпараттарды алу 
үшін тыңдау. Мысалы, теміржол вокзалында өзіңізге қажет уақытты немесе пойызды 
білу үшін сол ақпаратты ғана тыңдайсыз, басқа ақпаратты қажет қылмайсыз. 
Детальді түрде тыңдау- әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін әрбір сөзін зер салып 
тыңдау, түсіну. Мысалы, маңызды жаңалықтар айтылғанда, оны дұрыс түсіну үшін 
әрбір сөзін мұқият тыңдап шығасыз. 
Cөйлеушінің қарым-қатынасын анықтау үшін тыңдау – сөйлеушінің көңіл-
күйін, не айтқысы келіп отырғанын түсіну үшін тыңдау.
Интенсивті тыңдалым – сөйлеу барысындағы сөйлемдердің грамматикалық 
құрылымын, белгілі бір тақырыпқа арналған сөздерді талқылау үшін тыңдау. 
Мұндағы мақсат – оқушылардың тілді дұрыс қолдана білудегі білімін арттыру. 
Мысалы, белгілі бір грамматикалық тақырыптарды өткен кезде тыңдалымды 
пайдалану, бірақ бұл жерде басқа дағдыларды араластыруға болмайды. 
Экстенсивті тыңдалым - үлкен көлемді мақала немесе шығармаларды(роман, 
әңгіме) тыңдау. 

Интенсивті тыңдалымның экстенсивті тыңдалымнан айырмашылығы неде? 
Интенсивті тыңдалым барысында мәтіндегі барлық ақпарат маңызды болып 
саналады. Экстенсивті тыңдалымды түсіну кезінде тыңдалымның түрлі стилдері 
анықталады, яғни, тыңдаушыны қызықтыратын, тек белгілі бір ақпаратты ғана 
қабылдайтын селективті тыңдау іске асырылады. 
Тәжірибеде интенсивті және экстенсивті тыңдалым процесі кезектесе жүреді. Бұл 
жағдайда тыңдалымның интенсивті және экстенсивті дәрежесі тыңдалым мақсатына, 
сондай-ақ мәтін түріне байланысты болады.
Көркем әдебиеттен алынған мәтіндер экстенсивті тыңдалымға арналған, өйткені олар 
жазу заңдылықтарына негізделеді және тыңдалымды қабылдау үшін күрделі болып 
саналады. Экстенсивті тыңдалымда мәтінді тыңдап болған соң, тест жұмысы 
жүргізілмейді. Тыңдалымның бұл түрінде оқушылар мәтінді белгілі бір іс-әрекетті 
орындау мақсатында емес, өздеріне эстетикалық ләззат алу үшін тыңдайды. Сыныпта 
экстенсивті тыңдалымды не үшін дамыту керек?


Тыңдалымның осы түрі оқушыларды стресстен қорғауға мүмкіндік береді. 
Тыңдалым - бұл табиғи процесс. Күн сайын адамдар тыңдалым арқылы ақпараттың 
үлкен көлемін қабылдайды. Осы мақсатта сыныпта көркем шығармалардың 
желісімен түсірілген фильмдерді, радиохикаяларды, телехикаяларды пайдалануға 
болады. Оларды мынандай жолдар арқылы қолдануға болады: 
- күнделікті тақырыптарда қолданылатын диалог арқылы (ауызекі тіл 
әлдеқайда жазуға қарағанда оңай); 
- тыңдалым барысында егер диалогтың қандай да бір бөлігі түсініксіз болса, 
бөліктерін тыңдау арқылы болып жатқан оқиғаны толық түсінуге көмектеседі; 
- сөздер көбінесе әртүрлі формада қайталанады
- оқушылар сөздердің түрлі екпін түсіру арқылы айтылуын тыңдауға мүмкіндік 
алады; 
- мәтінді түсінуге көмектесетін көптеген вербалды емес тәсілдер бар; 
- оқушыларға әңгімені толықтай 100% түсіну қажет емес, тек сюжеттік желісін 
түсінумен шектелуге болады; 
- аудиоматериалға қарағанда, бейнематериал оқушының назарын көбірек 
ұстайды; 
- белгілі бір қоғамдағы адамдардың мәдениеті және әдет-ғұрыптарымен 
танысуға мүмкіндік береді. 
10 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет