Оқыту әдістерінің классификациясын талдау Оқытудың әдістері, тәсілдері және құралдары



бет2/4
Дата23.11.2022
өлшемі107 Kb.
#465538
1   2   3   4
О ыту дістеріні классификациясын талдау О ытуды дістері, т с

Оқыту әдістерін таңдап алу. Оқыту әдістерін таңдап алуда мұғалім ең алдымен басты мақсат пен нақты міндеттерді анықтап алуы қажет. Әрі карай танымдық үдерісті дұрыс жүзеге асыру мүмкіндігін беретін тиімді жолдар қарастырылу керек. Қазіргі кезде оқыту әдістерін таңдап алуда ескерілуі қажет жағдайлар:
— заңдылықтар мен олардан шығатын оқыту принциптері қанағаттандырылуын қамтамасыз ету;
— жалпы ғылымның, сол сияқты жекелеген пәннің, тақырыптардың мазмұны мен әдістерін ескеріп отыру;
— оқыту мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырып отыру;
— оқушылардың оқу мүмкіндіктері, оның ішінде жас ерекшеліктерін, дайындық деңгейін, сынып үжымы ерекшеліктерін толық ескеріп отыру;
— сыртқы жағдайлар, яғни географиялық, өндірістік орта ерекшеліктерін ескеріп отыруды қамтамасыз ету.
— мүғалімнің мүмкіндіктерін, атап айтқанда тәжірибесін, дайындық деңгейін, оқыту үдерісіндегі типтік ситуацияларды білуіне де мән беру деп тұжырымдауға болады.
Қазіргі кезде оқыту әдістерін таңдап алуға қатысты біркатар өлшемдер үсынылады. Мұндай өлшемдерге жататындар: 1) оқыту әдістерінің білім берудің дидактикалық принциптеріне сәйкестігі; 2) оқыту әдістерінің тәрбиелеу мен білім беру міндеттеріне сәйкестігі; 3) оқыту әдістерінің қолданылып отырған жағдайлардың өзіндік ерекшеліктеріне сәйкестілігі; 4) оқыту әдістерінің таңдап алынған оқыту нысандарына сәйкестілігі. Бұл өлшемдердің барлығы да өзара тығыз байланысты, бір-бірімен ұштастырыла қанағаттандырып отыруды талап етеді.
Оқыту құралдарыОқыту құралдары — мұғалімдер мен оқушылар арасында білімдерді меңгеру, танымдық және практикалық іс-әрекет тәжірибесін қалыптастыру үшін қолданылатын материалдык немесе идеалдық объектілер. Материалдык күралдарға оқулықтар, оқу құралдары, кестелер, модельдер, макеттер, оку-техникалық қүралдары, оқу-лабораториялық жабдықтар, оқу орны , жиһаз, бұйымдар т.б. жатады. Мектепте кең қолданылатын ТОҚ түрлері: ақпараттық, білімді бақылау, бағдарламалық оқыту, тренажерлар. Ақпараттар беру үшін қолданылатын ТОҚ түрлері: кинопроекторлар, диапроекторлар, эпипроекторлар, графопроекторлар, видеомагнитофон, теледидар т.б. Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын техникалық оқыту кұралдарына компьютерлер жатады.
Оқыту құралдары жүйесін қолдану мынадай принциптерді қанағаттандыруы қажет:
1. Жабдықтар оқу үдерісі элементтеріне қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруы тиіс. Мұндай талаптар: құбылыстағы маңызды нәрсені көрнекі түрде көрсету, көрнекіліктің бәріне бірдей көрінуі және қабылдануын қамтамасыз ету, эстетикалылығы т.с.с
2. Жалпы қызмет көрсететін жабдықтар бір-біріне және демонстрациялық құрылғыларға сәйкес келуі керек.
3. Оқыту құралдары саны мен типі оку бағдарламасының материалдық қажеттіліктерін толық қанағаттандыруы қажет.
4. Оқыту құралдары нақты оқыту жағдайларына сәйкес болуы тиіс. Көрнекілік кұралдары төмендегі функцияларды орындауы қажет:
— мектепте көрсету мүмкін емес құбылыстар, үдерістермен таныстыру;
— заттың қазіргі түрін және өткен тарихи дамуын бейнелеп көрсету;
— кұбылыстар мен үдерістер сипаттамаларындағы өзгерістерді көрнекі түрде көрсету;
— бұйымды қолдану, дайындау немесе жобалау кезеңдерін көрсету;
— нәрсенің кұрылысын және жұмыс істеу принциптерін, оларды басқаруды,
техникалык кауіпсіздігін көрнекі түрде көрсету;
— ғылым тарихы мен оның даму болашағымен таныстыру.
Көрнекілік кұралдар үш топқа бөлінеді:
Схема -4

Ақыл-ой әрекеттері идеалдық құралдар көмегімен жүзеге асырылады. Мұраттық (идеалдық) оқыту құралдары — мұғалімдер мен оқушылардың жана білімдерді меңгеру үшін қолданылатын бұрын меңгерілген білім мен біліктері болып табылады. Идеалдық оқыту құралдарына сөйлеу тілі, жазу, сызбалар, шартты белгілер, диаграммалар, енер шығармалары, есте сақтау үшін қолданылатын мнемотехникалық белгілер және т.б. Материалдық және мұраттық оқыту құралдары бірін-бірі толықтырып отырады. Барлык құралдарды қолдану окушылардың білім сапасына көп жақты әсер етеді: материалдық құралдар негізінен оқушылардың қызығушылықтарын, зейінін ұйымдастыру, практикалық әрекеттерді жүзеге асырумен, жаңа білімдер меңгертуге тікелей әсер етеді, ал идеалдық құралдар материалды түсінуге, талдау логикасына, сөйлеу тілі мәдениетіне, интеллектінің дамуына оң әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет