Оқыту және білім беру мазмұны



бет2/2
Дата27.04.2024
өлшемі23.97 Kb.
#500017
түріСабақ
1   2
3 сынып сұрақ тапсырмалары

Оқытудың түрлері
Түсіндірмелі- иллюстративті оқыту
Проблемалы оқыту
Бағдарламалап оқыту
Модульдік оқыту
Модульдік оқыту
Түсіндірмелі- иллюстративті оқытудың мақсаты – жаңа біліммен таныстырады, жаңа ұғымдар, теориялар, заңдар туралы түсінік береді. Оқушылар дайын білімді меңгереді, жаңа материалдарды бекітеді, түрлі жаттығуларды, тапсырмаларды орындау барысында алған білімін қолданады. Бұл жерде ешқандай проблемалық ситуация туындамайды. Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың пайдалы жақтары:
- Уақытты үнемдейді;
- Мұғалім мен шәкірттердің күш-қайратын жетілдіреді;
- Күрделі білімдерді қабылдауды жеңілдетеді;
- Оқыту процесін тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.
Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың кемшіліктері:
- Оқушылардың дайын білімді жаттап алуы,
- Шәкірттердің өз бетінше ойлауына қажетті көңіл бөлінбеуі;
- Дара және бөліп оқыту мүмкіндіктерінің жетімсіздігі. 
Проблемалық оқытудың мақсаты – білімді игеруде оқушылардың ойлау, іздену іс-әрекетіне, олардың оқыту проблемасын өз бетімен немесе ұжымдасып шешуіне басшылық етеді. Проблемалық оқыту барысында мұғалім оқушыларға проблемалық сұрақтар қояды, тапсырмалар береді. Оқушылар: болжау арқылы проблемалық шешім тәсілдерін табады, болжамдарды дәлелдейді, проблема шешімінің дұрыстығын тексереді.
Проблемалық оқытудың жағымды жақтары:
- Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;
- Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;
- Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;
- Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.
Проблемалық оқытудың кемшіліктері:
- Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;
- Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.
Бағдарламалы оқытудың ерекшеліктері: оқу материалы жеке логикалы бөлшектерге бөлінеді; әр бөлімді меңгерген соң, оқушы өздігінен тест-сұрақтарға жауап береді; дұрыс жауап берілсе, келесі бөлімге өтеді; жауап қате болса, өзі бөлімді қайталап өтіп, сұрақтарға тағы да жауап береді.
Оқытудың бұл түріне негіз болған оу бағдарламасы оқу материалын, оны меңгеру барысындағы оқушының іс-әрекетін, тексеру түрлерін бір тәртіппен ретке келтіреді.
Бағдарламалап оқытудың жағымды жақтары:
- Оқу материалының бөлшектелінуі,
- Оқушының белсенді өзіндік жұмысы,
- Тұрақты тексеру,
- Оқыту қарқыны мен оқу материалы көлемінің даралануы,
- Техникалық оқыту құралдарын пайдалану.
Бағдарламалап оқытудың кемшіліктері:
- Бағдарлама жасауға көп уақыт, күш керектігінен ол өте тиімді,
- Мектептегі компьютерлердің саны мен сапасы жеткіліксіз.
Модульдік оқыту – бұл оқу ақпараты модульдерге (аяқталған және дербес бірліктер, ақпарат бөліктері) бөлінетін білім беру үдерісін ұйымдастыру. Модуль ұғымы «қандай да бір нақты жұмысты орындау үшін кейбір теориялық және тәжірибелік дағдылардың бастапқы меңгеруін қамтамасыз ететін оқу материалының осындай көлемін» қамтиды.
Дамыта оқыту оқушылардың теориялық ойлауын қалыптастырып, фактілерді есте сақтауға, олардың арасындағы қатынастар мен себеп-салдарлық байланыстарды түсінуге бағытталады.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін үйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып, оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей үш құрамдас бөліктерден тұратын болады:
І. Оқу мақсаттарының қойылуы;
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру;
З. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу;

Дамыта оқыту міндеті – “Ең таяу даму зонасын” жасау. Л.С.Выготскийдың айтуы бойынша оқыту дамудың алдына шығып отырса, ол бала дамуына «ең таяу даму зонасын» жасайды, баланы іздеуге талпындырады және дамудың бірнеше ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді. «Ең таяу даму зонасы» одан әрі «актуальды даму зонасына» көшуі тиіс, яғни бұл зонада оқушы тиісті тапсырмаларды өз бетімен орындайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет