Оқытудағы жаңА Әдіс-тәсілдер қоржынынан есбосын нағиша қожақҚызы №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация»



Pdf көрінісі
бет55/108
Дата26.01.2023
өлшемі1.99 Mb.
#468776
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   108
Жаңа әдіс тәсілдер кітап

 
«Мені түсін» 
Оқушылар мәтіннің бөлігін оқиды да, түйінді сөздерін дәптерлеріне 
жазып алады. Мұғалім оқушылардың кітаптарын жабуын, қолдарына парақ 
пен қарындаш алып, осы мәтіннің негізгі ойын білдіретін он шақты сөз 
жазуларын талап етеді. Соңынан мұғалім парақтарды жинап алып, өзі алдын 
ала даярлаған түйінді сөздермен салыстырады. Кімнің осы түпнұсқамен 
сәйкес келген сөздері көп болса, сол жеңімпаз деп танылады. 
«Менің тұлғамның формуласы» 
Сынып оқушыларын бір-біріне жақынырақ таныстыру, жағымды ахуал 
тудыру үшін қолданылады. Әр оқушы өзінің қызығушылығын, мінез-құлқын, 
дарыны мен талантын формулаға түсіріп айтуы керек. Көбінесе оқушылар 
«қосу», «азайту», «көбейту», «бөлу» ұғымдарын қолдана отырып, 
математикалық формула шығарса, кейбірі химияны еске түсіретін 
формулалар құрастырады. 
Мысалы: Жанбота = (0,7 талғам + 0,5 түйсік) : 0,1 сенімсіздік – 0,5 
жалқаулық 
66 


Сыныпта «бөлу» мен «азайту» амалдары көбірек болған оқушылар мен 
«көбейту» мен «қосу» амалдары көп оқушылары араластырып отырғызу, бір-
бірімен пікір алыстыру т.с.с жұмыстарда мұғалім қаперінде ұстау үшін 
формулаларын жазғызып, жинап алып қарап отыру. 
 
«Миға шабуыл» 
Қойылған проблеманы оқушылардың шығармашылық белсенділігіне 
сүйене отырып шешуге бағытталған, оқушыларға проблеманы шешуге жауап 
нұсқасын таңдауға еркіндік беріліп, оны шешудің неғұрлым көп жолдарын 
көрсетуге негізделген. Кейін ең жақсы идеялар, шешімдер таңдалынып 
алынады. Берілген сұраққа әр оқушы жауап бере алады. Маңыздысы – 
айтылған көзқарасқа баға қоймау керек, барлық жауап қабылданады және әр 
пікір тақтаға немесе қағазға жазылғаны дұрыс. Қатысушылар олардан 
негіздеме немесе түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері тиіс. 
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет