«Таңғалдыру сәттері»
Сөз бен сөйлемдегі ойдың құрылымын, сипатын, табиғатын бейнелі де
көркем суреттей жеткізетін суырыпсалма
тапқырлық пен ұшқыр қиялға
негізделген. Белгілі бір тақырыптағы сөзге не сөйлемге қатысты өзіндік
тапқырлығы мен еркін қиялына ерік беріледі.
«
Талқылау тәсілдері»
Оқушыларға жазу мен оқу бойынша
тапсырмаға берілетін уақыт
сияқты ауызша пікірталасқа берілетін уақыт та мұқият құрылымдалуы керек.
Төменде талқылауды құрылымдауға көмектесетін әдіс-тәсілдер тізімі
берілген.
Төрт бұрыш Әр бұрышқа әртүрлі пікір ілінеді.
Оқушылар өздерінің
жауаптарына жақын бұрышқа барып тұра алады: мысалы, толықтай
келісемін, келісемін, келіспеймін, толықтай келіспеймін.
Сократ шеңбері Екі шеңбер, бірінің ішінде бірі. «Ішкі шеңбердегі»
оқушылар тақырыпқа қатысты мәселені сұрақ-жауап арқылы талқылайды, ал
«сыртқы шеңбер»
оларды тыңдап, дәптерлеріне ескертпе жасап отырады
және талқылау соңында өз пікірлерін айтады. Мұғалім оларды сырттан
бақылап, бағыттаушы сұрақтар қою арқылы
пікірталасты қажетті арнаға
бұрып отырады. Шеңбердегі оқушылар белгілі бір уақыт өткен соң
рөлдерімен алмасуына болады.
Шеңберге жиналатын уақыт Оқушылар орындықтарды шеңбер етіп сынып
ортасына қояды. Тақырып/сұрақ/сөйлем беріледі, оған оқушылар жауап беру
керек. Алайда олар белгіленген
затты ұстап тұрмаса, сөйлей алмайды. Бұл
тапсырмада мұғалім барлық оқушының бір кісідей қатысып отырғанына көз
жеткізу үшін қатаң түрде бақылайды, сондай-ақ
оқушыларға қай кезде
сөйлеу керектігіне қатысты өздерінің шешім қабылдауына мүмкіндік береді.
Попкорн Оқушылар сыныптағы ауызша кері байланысты басқарады,
қай кезде орнынан тұрып жауап беру керек екендігін шешеді. Егер бірнеше
оқушы қатар тұрса, онда оқушылар кімнің бірінші болып сөйлейтінін шешуі
қажет.
ТӨДК Сыныптастардың пікірін тыңдай отырып, оқушылар берілген пікірді
ТОЛЫҚТЫРЫП, ӨЗГЕРТІП, ДАМЫТЫП немесе КҮРДЕЛЕНДІРЕ
алатынын шешуі керек. Барлық оқушылар қалай жауап
беретіндерін шешуі
112
қажет, ал мұғалім олар таңдаған мәнерде жауап беру үшін бір оқушыны
таңдайды.
Достарыңызбен бөлісу: