Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?
Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?
Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?
Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?
Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?
«5-5-1»
Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады.
Одан кейін сол 5 сөйлемді 5 сөзге дейін қысқартады. Соңында 5 сөзді 1 сөзге
қысқартады. Оқушылар өздерінің түйінді сөзін бүкіл сыныппен бөліседі.
«
Бинго»
3x3 шаршысында сабақ тақырыбына қатысты әртүрлі түйінді сөздер
орналасқан. Оқушылар тиісті түйінді сөздерді айрықшалауы керек.
Барлық
түйінді сөздерді анықтаған бірінші оқушы жеңімпаз атанады.
Ескерту: оқушыларда әртүрлі түйінді сөздер жинағы болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: