Биопоэмаларды
оқығаннан кейін, оқушылардың бір-біріне сұрақтар қойып,
таныстығын тереңдете түскені дұрыс.
Бұл тәсілді бастары жаңадан қосылған
оқушылармен ғана қолданбай,
бұрыннан бір-бірін білетін топ ішінде де қолдануға тиімді,
өйткені көп
жағдайда келтірілген сұрақтар оқушыларды бұрын ескерілмеген жаңа бір
қырынан ашады.
Биопоэма сұрақтарын түрлендіріп әрі толықтырып жіберуге де болады.
Мәселен, олардың қатарына П. Макдермот «Мен қандай туыспын?»
деген
сұрақты қосады, оқушылар мұнда өздерін туыс ретінде атайды («Мен әке-
шешемнің ұлымын/қызымын, немере, аға/әпке, іні/қарындас не сіңлі,
бауырмын» деген секілді). Мұнымен қатар автор сүйікті
заттарды, басынан
кешкен сезімдерді,
қол жеткізген табыстарды, көргісі келген немесе
құмартатын нәрселерді (заттарды), туған жерін (немесе тұрғылықты жерін)
атауды ұсынады.
Мұндай биопоэмада «Сүйікті гүлдеріңізді (пәндер,түстер,
спорт
түрлері, машина не ұялы телефон түрлері, есімдер, мұғалімдер,спортшылар,
актерлер, әншілер,т.б) атаңыз» секілді тапсырма да беруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: