«Сатушы және қалпақ»
Лев Толстой ойлап тапқан 2-сыныпқа арналған есеп ұсынылады.
Қазір бұл есепті тек 30% жоғары сынып оқушылары, 20% ЖОО студенттері,
10% банк қызметкерлері шеше алады деп есептелінеді.
Қатысушылар
алдымен жеке шығарады, содан соң топта талқылайды. Есеп:
Сатушы қалпақ сатады. Қалпақ 10 000 теңге тұрады. Сатып
алушы келіп, оған тұтас 25 000 теңгелік береді.
Сатушының майдасы
болмағандықтан, көршісіне 25 000 теңгені 10 000+10 000 +5 000 теңгелік етіп
майдалатып алады. Сатушы қалпақты және 15 000 теңгені қайтарып береді.
Сәлден соң көршісі келіп, 25 000 теңгенің
жалған ақша екенін айтып, өз
ақшасын талап етеді. Сатушы амал жоқ 25 000 теңгені қайтарады.
Сұрақ: Сатушы қанша теңгеге ұтылды?
Жауап: 25 000 теңге.
Бұл есеп оқушылардың ойлау қызметін белсендендіріп,
дәлелдеме келтіру дағдысын қалыптастырады.
«
Сәлемдеме жіберіңіз»
Затты бірнеше қабат қағазға/газетке ораңыз. Оқушылар әуен ойнап
жатқанда оралған затты сынып ішінде береді; музыка тоқтаған кезде,оқушы
бір қабатын ашады. Әр қабатқа тақырыпқа қатысты бір сұрақ немесе затты
анықтауға
көмектесетін ишара қойыңыз, оқушылар оны тауып,
одан кейін
оралған затты әрі қарай береді. Осылайша заттың орамасы біткенше
жалғасады.
«Сәлеметсің бе!»
Оқушылар кезек-кезек көршісінің аттас саусақтарына қолын тигізеді. Бас
бармақтан бастайды:
Мен саған тілеймін (бас бармағын тигізеді);
-
Табыс (сұқ саусақ);
-
Үлкен (ортаңғы);
-
Барлығында (атаусыз);
-
Барлық жерде (шынашақ);
-
Сәлеметсің бе! (алақанын тигізеді).
Достарыңызбен бөлісу: