- Жеке тұлғаға бағытталған білім беру дегеніміз - педагогикалық іс-әрекеттің әдіснамалық жаңа бағыты.
- Оқу процесінде жиі қолданылатын әдістерлің тізімі мынадай:
- 1. кейіпкердін тұлғалық қасиеттерін анықтау;
- 2. тақырыпқа қатысты сұрақтар мен тапсырмалар құрастыру;
- 3. тапсырмаларды орындаудың әртүрлі түрлерін таңдау (ғылыми есеп, бейнелер, қойылым)
3 . Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға арналған әдістер - Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі.
- Бұл қызыға оқыту мен тәрбиелеу нәтижесінде қалыптасады. Оны қалыптастырудың негізгі жағдайлары:
- - оқытудың мазмұны, ғылым мен техниканың соңғы табыстары, бұрыннан білетін мағлұматтың жаңа қырынан ашылуы;
- - оқушылардың таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын және әдістерін жетілдіру.
- Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділігін және қызығушылығын арттыру үшін мұғалім келесі әдіс - тәсілдерді қолдануына болады:
- 1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.
- 2. Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.
- 3. Оқушылардың логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар).
- 4. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс (кері есеп құрастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме мәтінін құру т. б.).
- 5. Әңгіменің ұқсастығын салыстыру бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
- 6. Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту.
- 7. Ұнатқан кейіпкерлерге мінездеме беру.
- 8. Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау
4.Оқушыларға білім беретін дерек көздеріне сәйкес әдістердің жіктелуі. - Оқу процесінде білім берудің көздеріне қарай қолданылатын әдістер мынадай топтарға жіктеледі:
- Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс.
- Көрнекі әдістер: иллюстрация және демонстрация, бақылау.
- Тәжірибелік әдістер: лабораториялық, практикалық, графикалық, әр түрлі жаттығу жұмыстары.
- Түсіндіру – оқу материалын мұғалімнің логикалық тұрғыдан дәйекті де сындарлы баяндауы.
- Демонстрация (көрсету) оқушыларды құбылыстар, процестер және заттардың нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады
- жаттығу әдісі-оқушыларда біліктер мен дағдыларды қалыптастырады
Достарыңызбен бөлісу: |