Практикалық жұмыстар
“Көкжиек, көкжиек сызығы” тақырыбын оқып үйрену кезінде жұмыс жоспарланады:
Көкжиек бұрышын Күнге қарап анықтау.
Көкжиек бұрышын компас бойынша анықтау.
Мектеп ауласының планын құру және планмен жұмыс істеу.
Дидактикалық ойындар.
Бастауыш кластардың алғашқы баспалдағынан бастап ойын және оның рольн біртіндеп екінші кезекке жылжытады. Алайда бұдан ойын балаларды жетілдіруге әсер етпейді.
Дидактикалық ойынның маңызы мынада;
Дидактикалық ойын оқушылардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді оны бекітіп нақтылай түседі.
Әрбір дидактикалық ойын оқушының сөздік қорын молайтады, ақыл- ой қызметін қалыптастырады.
Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойын ережелері балалардың ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді.
Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар
Оқыту әдістері дегеніміз не?
Оқыту әдістері қалай жіктеледі?
Оқыту тәсілдерінің түрлері және оларды қолдану?
Сөздік әдістерінің қандай ерекшелігі бар?
Практикалық әдістердің ерекшелігі қандай?
Көрнекілік әдістерінің ерекшелігін ата.
Дүниетану сабақтарында қолданылатын ерекшелігі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |