Оқытушы: Кулекешова А. Б. Орындаған: экономика факультеті 07-045-21-08 тобы студенті Жукенова Зарема 2024 жыл Мазмұны Кіріспе


Сатылған тауарлардың (қызметтердің, жұмыстардың) өзіндік құнының есебі



бет6/7
Дата15.03.2024
өлшемі35.62 Kb.
#495679
1   2   3   4   5   6   7
DOC-20240313-WA0006.

Сатылған тауарлардың (қызметтердің, жұмыстардың) өзіндік құнының есебі.
Сатылған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын есепке алуға 7000 бөлімшесінің «Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны» деп аталатын 7000 бөлімшенің тиісті субшоттарында қаралады.
7010 — «Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны» шоты. Бұл шот өнім өндіретін, жұмыстар істейтін және қызметтер көрсететін материалдық өндіріс салаларында қолданылады және босатылған (жөнелтілген) өнімнің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік құнын есепке алуға арналған.
7010 шотқа сатылатын дайын өнім түрі бойынша субшоттар ашылуы мүмкін, бірақ бұндай шешімдер есеп саясатында көрініс табуы тиіс.
Төменде 7010 «Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құны» шоты бойынша жасалатын шоттардың қорреспонденциясы төменде келтіріліп отыр.
7010-шоттың дебетінде сатылған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құны есепке алынады да, ал есепті кезеңнің аяғында осы шоттың кредитінен 5410 «Жиынтық табыс (залал)» шотының дебетіне жазылады. Осы жазудан кейін 7010-шоты жабылады.
7010/1 «Сату үшін алынып, сатылған тауарлардың өзіндік құны»шоты. Бұл шот негізінен сауда, жабдықтау-сату, делдалдық және сырткы сауда кәсіпорындарында қолданылады. Сатып алған тауарларлы сатуды жүзеге асыратын экономиканың басқа салаларындағы кәсіпорында да пайдаланылуы мүмкін (кесте 3).
Сатылған тауарлардың өзіндік құнына 7010/1-шоты дебеттеліп, 1330 — «Сатып алынған тауарлар» шоты кредиттеледі. Есепті кезеңнің аяғында 7010/1-шоттың дебетінде есепке алынған сома, осы шоттың кредитінен 5410 — шоттың дебетіне жазылады. 7010/1-шоты есепті кезеңнін аяғында жабылады.

Қорытынды
Қорыта келгенде, курстық жұмысымның тақырыбына сәйкес және зерттелінген шаруашылық «құрылыс» нысанының мысалында біз мынадай ұсыныстар жасаймыз:
Біріншіден, Қазақстан Республикасының ХҚЕС – на көшуіне байланысты шаруашылық келешекте өз қызметкерлерін, әсіресе бухгалтерлерді ХҚЕС мен ХБЕС жөніндегі дайындық курстарына бағыттағаны жөн. Себебі, қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары мен ХБЕС барабар ұғымдар болғанымен, олардың көптеген айырмашылықтары бар.
Екіншіден, шаруашылықтың қаржылық эксперт мамандарын жұмысқа алғаны жөн. Себебі, бұл мамандардың жұмысының шаруашылық қызметіне әсері зор. Олар кәсіпорынның негізгі қорларының, тауарлы – материалдық қорларының, сатып алушылар мен жеткізушілермен есеп айырысу мәселелерін талдай келе, кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы мәліметтер береді. Ал осы мәліметтер шаруашылық басшыларына дұрыс шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Дұрыс шешімдер қабылдап, өз қызметін жетілдіруі кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Үшіншіден, шаруашылыққа мемлекеттік тілде білім алған мамандар қажет. Себебі, шаруашылық өз қызметін мемлекттік тілде жүргізбейді, сондықтанда бұл мамандардың шаруашылық қызметіне әсері зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет