Математика, физика, информатика сериясы), №4 (23), 2022



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата05.02.2024
өлшемі0.58 Mb.
#490915
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
№4 ХҚТУ Хабарлары 2022-19-28



Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің хабарлары 
(математика, физика, информатика сериясы), №4 (23), 2022 
 
 
 
19 
ӘОЖ 531.012;
МҒТАР 29.17.41 
https://doi.org/10.47526/2022-4/2524-0080.02
 
 
Е. ДОСЫМОВ
1
, Д. МАХМУДОВ
2
 
1
PhD, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университетінің аға оқытушысы 
 (Қазақстан, Түркістан қ.), e-mail: dossymov.elmurat@ayu.edu.kz 
2
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің магистранты 
(Қазақстан, Түркістан қ.), e-mail: Dastan240797@mail.ru 

СТАТИСТИКАЛЫҚ ФИЗИКАНЫҢ АКСИОМАТИЯЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІНІҢ 
НЕГІЗГІЛІГІН ТАЛДАУ 
Аңдатпа. Бұл мақалада ғылыми еңбектер мен зерттеулерді талдай келе, бүгінгі күні, 
заман талабына сәйкес жоғары оқу орындарында статистикалық физиканы оқытудың 
әдістемелік ерекшеліктері, білім алушылардың қызығушылығын қалыптастыратын оқу іс-
әрекеттерін ұйымдастыру әдістері мен тәсілдері әлі де болса шешімін табу қажеттігіне көз 
жеткіздік.
Жоғары оқу орындарында статистикалық физиканың мүмкіндіктерін жоғары дәреже 
жүзеге асыру үшін оны оқу пәні ретінде оқытудың мақсаты, әдістері мен мазмұны білім 
алушының арнайы пәндерден алған білімі мен біліктігіне сәйкес пәнаралық байланыста 
болуы тиіс. Сондықтан, жоғары білім беру ұйымдарында статистикалық физиканы кәсіби 
бағытта оқытудың әдістемелік жүйесін құруда арнайы пәндермен пәнаралық байланысын 
жүзеге асыра отырып, көрнекілік интуитивті негіздері мен практикалық бағыттылығын 
дамытуға, 
білім 
алушының 
болашақ 
мамандығымен 
байланысқан 
ұғымдарды, 
тұжырымдарды және есептерді ойлау тәсілдерімен қабылдауға мүмкіндіктер жасау маңызды 
мәнге ие болып табылады.
Осылайша, жоғары оқу орындарында статистикалық физиканы кәсіби бағытта 
оқытудың қажеттілігімен және оның тәжірибеде қанағаттанғысыз шешім табуындағы 
қарама-қайшылық, зерттеу тақырыбының өзектілігіне себеп болды. Болашақ кәсіби 
мамандарды даярлау үшін статистикалық физика курсының мазмұнын таңдауда білім 
алушылардың болашақ кәсіби қызметіне қажетті әдістемелік біліктерін қалыптастыруға 
бағыттап жасау керек. Жоғарыда айтылғандардың барлығы зерттеу тақырыбын 
«Статистикалық физика курсын оқытуда иновациялық әдіс тәсілдерді қолдану арқылы 
студенттердің қызығушылығын қалыптастыру» деп таңдауымызға және оның көкейкестілігін 
айқындауға негіз болды. Жұмыстың мақсаты: Сабақтың әртүрлі кезеңдерінде оқытуды 
басқару жүйесін жетілдіру, оқуға деген ынтасын күшейту, білім мен тәрбие сапасын арттыру, 
статистикалық физика пәні бойынша студенттердің дайындық деңгейін арттыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет