Оқытушы туралы мәлімет дәріс және тәжірибелік/семинар/зертханалық сабақтарды



Pdf көрінісі
бет1/8
Дата15.11.2023
өлшемі1.23 Mb.
#483301
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6   7   8
Академ жазба СиллабусІ



 
 
 
 
 
 
 


 
Оқытушы туралы мәлімет (дәріс және тәжірибелік/семинар/зертханалық сабақтарды 
жүргізуші оқытушы)
 
Дәріс жүргізуші: Ниязова Ғайша Мұхамбетқызы , ф.ғ.к., доцент
Ұялы тел.: WhatsApp +7 (775)-582-3971; e-mail: bereke55@mail.ru 
Тәжірибелік сабақтарды жүргізуші: Ниязова Ғайша Мұхамбетқызы , ф.ғ.к., доцент
Курстың академиялық көрсетілімі:  
 «Академиялық жазба» пәні академиялық жазылым және оқылым негіздерін қазақ тілінде 
баяндауға үйретеді. Қазақстанда реферат пен курстық жұмыстарды, диплом жұмыстарын жазу 
жөнінде ұсыныстар беретін көптеген еңбектерді кездестіруге болады, алайда ғылыми мәтіндерді 
қалай құрастыруға үйрететін еңбектер жоқтың қасы. Мектеп те, жоғары оқу орны да өз бетінше 
зерттеу жұмыстарын жазуды үйретпейді: мектепте академиялық жазылым дағдыларын дамыту 
жұмыстары жүргізілмейді, ал жоғары оқу орнында мәтіндердің сауаттылығына жауап беретін 
мамандар жоқ. «Сауаттылық» ұғымын орфография мен пунктуация ережелерін білу деп 
ұғынатындар көп немесе оны «тіл мәдениеті» ұғымымен алмастыру жиі кездеседі.
Оқу құралында ғылыми-зерттеу мәтіндерін құрудың академиялық сауаттылық талаптарына 
қойылатын отандық, әлемдік стандарттарға сүйене отырып, ғылыми жанрдың түрлерін 
мазмұндық, құрылымдық, техникалық тұрғыдан ресімдеудің ережелері беріледі.
Курстың мақсаты – студенттің гуманитарлық таным техникасы мен оның жекелеген 
тәсілдеріне негізделген жалпы ережелер мен әдістерді, академиялық кәсіби оқылымды, 
академиялық жазылым мен ауызша таныстырылым дағдыларын меңгерту.
Курстың міндеттері: 
 Академиялық жазылым мен оқылым дағдыларын дамыту (ғылыми-кәсіби мәтіндердің тілі 
мен құрылымын зерттеу, конспектілеу, рефераттар, пікірлер, тезистер жазу, ғылыми талдау 
нәтижелерімен таныстыру, ғылыми-кәсіби мәтіндерді оқу, ғылыми мәтіннің стилін меңгеру, 
зерттеу жұмысының жоспарын құру, тақырып таңдау, жұмыстың құрылымын дұрыс құру); 
сілтеме мен дәйектемелерді дұрыс қолдану, теориялық әдебиетпен, анықтамалықпен жұмыс 
істеуді үйрету, зерттеу нысанын талдау мен әдісін таңдай білуге үйрету, студенттердің сөздік 
қорын академиялық лексикада қолданылатын ғылыми-кәсіби ортаға тән тілдік оралымдармен 
байыту; ғылыми-кәсіби пікірталастарға түсу дағдыларын дамыту және кәсіби бағдарланған 
жобаларды таныстыру; өз ойын ауызша дәлелдеп айтуға үйрету, студенттің танымы мен тіл 
мәдениетінің деңгейін көтеру, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет