Әдістемелік нұсқау. Мұнда оқу процесіндегі технологияларға арналған 25
тест тапсырмасы берілген. Тапсырмалар дәріс сабақтары барысында ӛткен
тақырыптарға негізделе отырып, жасалған. Әр сұраққа 5 жауап нұсқалары
берілген. Соның ішінде тек бір ғана дұрыс жауап бар.
Әдебиет: [1].
№6 Дамыта оқыту технологиясы.
Тапсырма.
1. Дамыта оқыту – бұл:
A) жоғары қиындық деңгейінде оқыту
B) оқу әрекеті мен ойлау қисынының жылдамдығын дамыту
C) баланың дара қабілеттерін ашу
D) балаға жеке ізгілікті қарым-қатынас
E) материалды блокпен топтау
2. «Дамуы алда жүретін оқыту түрі ғана ең жақсы оқыту бола алады, тек
дұрыс ұйымдастырылған оқыту ғана ақыл-ойды дамыта алады» сӛз
жолдарының авторы кім?
A) Л.С. Выготский
B) Л.В. Занков
C) Д.В. Эльконин
D) В.В. Давыдов
E) И.С. Якиманская
3. Дамыта оқытудың теориялық негізін алғаш қалаған кім?
A) Л.С. Выготский
B) Ж.А. Қараев
C) Б.А. Тұрғынбаева
D) Н.П. Гузик
E) В.Ф. Шаталов
4. Дамыта оқыту жүйесіне ӛз қолтаңбасын қалдырған қазақстандық ғалым
кім?
A) Б.А. Тұрғынбаева
B) К.Ж. Бұзаубақова
C) Қ. Нағымжанова
D) Қ.А. Сарбасова
E) Ж.А. Қараев
5. Дамыта оқытудың басты мақсаты:
A) тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуына жағдай жасау
B) тұлғаның интеллектуалды дамуына жағдай жасау
C) тұлғаның ой-ӛрісінің кеңеюіне жағдай жасау
D) тұлғаның ӛзін-ӛзі дамытуына жағдай жасау
E) тұлғаның ӛзін-ӛзі тануы
6. Дамыта оқытудың ерекшелігі:
A) барлық жауап дұрыс
B) оқушы бақылайды, салыстырады
C) оқушы топтастырады, жүйелейді
D) оқушы қорытынды жасайды, заңдарды анықтайды
E) оқушы іс-әрекеті түрлендіруші сипатқа ие
7. Дамыта оқытудағы оқушының іс-әрекетінің ерекшелігі:
A) барлық жауап дұрыс
B) тапсырманың шығармашылық сипаты
C) тапсырманың зерттеушілік сипаты
D) оқушының танымдық қызығушылығын арттыру
E) оқушы іс-әрекетін ұдайы ынталандыру
8. Деңгейлеп оқыту технологиясының негізін қалаушы:
A) Ж.А. Қараев
B) В.Ф. Шаталов
C) М.М. Жанпейісова
D) С.Н. Лысенкова
E) В.П. Беспалько
9. В.П. Беспалько білімді меңгерудің 4 түрін анықтайды: үйретушілік,
алгоритмдік, эвристикалық, ...
A) шығармашылық
B) зерттеушілік
C) инновациялық
D) оқушылық
E) табыстылық
10. Алгоритмдік деңгей – бұл:
A) оқушының бұрыннан меңгерген білімді ӛздігінен жаңғыртып, қолдана
білуі
B) оқушының бұрын таныс емес білімді ӛздігінен меңгеріп, қолдана алуы
C) жаңа материалды меңгеру деңгейі
D) жаңа материалды қолдану деңгейі
E) білімді ӛздігінен бағалау деңгейі
11. Эвристикалық деңгей – бұл:
A) ӛнімді іс-әрекеттің бірінші деңгейі
B) репродуктивті іс-әрекет деңгейі
C) ӛнімді іс-әрекеттің ең күрделі деңгейі
D) білімді меңгерудің шығармашылық деңгейі
E) білімді меңгерудің зерттеушілік деңгейі
12. Шығармашылық деңгей – бұл:
A) ӛнімді іс-әрекеттің ең күрделі деңгейі
B) ӛнімді іс-әрекеттің бірінші деңгейі
C) ӛнімді іс-әрекеттің соңғы деңгейі
D) репродуктивті іс-әрекет деңгейі
E) ӛнімді іс-әрекеттің табысты деңгейі
13. Б. Блум таксономиясы бойынша, талдау – бұл:
A) ереже, қағида, заңдылықтарды қолдану
B) тұтастыққа қол жеткізу үшін оқушының жаңаша элементтерді қиыстырып,
құрастыра білуі
C) ӛтілген материалды есте сақтау және қайта жаңғырту
D) тұтастықтың бӛліктерін белгілеу, ӛзара байланысын айқындау
E) жаңа материалды есте сақтау, қайта жаңғырту
14. Деңгейлеп оқытудың мақсаты – бұл:
A) әрбір оқушыны ӛзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін
қамтамасыз ету
B) әрбір оқушыны ӛз қабілетіне қарай оқыту
C) әрбір оқушының ӛз қабілетіне қарай оқу материалын меңгеруі
D) оқыту процесінде оқушының даму мүмкіндігін басшылыққа алу
E) әрбір оқушының интеллектуалдық әлеуетінің ӛсуіне жағдай жасау
15. Б. Блум таксономиясы бойынша, топтау – бұл:
A) тұтастыққа қол жеткізу үшін оқушының жаңаша элементтерді
қиыстырып, құрастыра білуі
B) біртұтастың бӛліктерін белгілеу, ӛзара байланысын айқындау
C) ӛтілген материалды есте сақтау және қайта жаңғырту
D) жаңа материалды есте сақтау, қайта жаңғырту
E) материалдың мәнін бағалау, тақырып бойынша зерттеу жүргізу
16. Деңгейлеп оқытуды жүзеге асыру кезіндегі оқушының іс-әрекеті:
A) таңдалған топта ӛзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастырады
B) топтардағы оқыту талаптарының жобасын талқылауға қатысады
C) оқушы ӛз білімінің деңгейін анықтайды
D) оқушы ӛз білімін ӛзі бағалайды
E) диагностика нәтижелері мен ӛз қызығушылықтары негізінде пәнді оқыту
деңгейі таңдалады
17. Модульдік оқытудың ӛзегі – бұл:
A) Оқу модулі
B) Технологиялық процесс
C) Технологиялық жобалау
D) Технологиялық іс-әрекет
E) Технологиялық сызба
18. Әрбір оқушыда оқу кезінде қалыптасуға тиіс жалпы оқу білігі тӛртке
бӛлінеді: ұйымдастырушылық, интеллектуалдық, ақпараттық, ...
A) Коммуникативтік
B) Жалпы
C) Арнайы
D) Инновациялық
E) Зерттеушілік
19. «Модуль» ұғымы нені білдіреді?
A) бір жүйенің ажыратылатын ӛзінше дербес бӛлігі
B) бір жүйенің ажыратылмайтын біртұтас бӛлігі
C) біртұтасты бӛлшектеу
D) бірнеше бӛліктің біртұтастыққа бірігуі
E) жүйенің құрамдас бӛлігі
20. «Модуль» сӛзі грек тілінен аударғанда нені білдіреді?
A) ӛлшем
B) бірлік
C) бӛлік
D) кесінді
E) тармақша
21. Модульдік оқыту технологиясының ерекшеліктері:
A) барлық жауап дұрыс
B) тұлғаның танымдық қабілеттерін дамыту
C) тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамыту
D) белсенді сӛздік қорын дамыту
E) дарынды балалармен тұрақты, жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігін тудыру
22. Модульдік технологияның мазмұны: мақсат қою, оқушының білімділік
деңгейін анықтау, кері байланыс, ...
A) нәтижені бағалау
B) мониторинг жүргізу
C) зерттеу жүргізу
D) диагностикалау
E) педагогикалық процесті басқару
23. Тест құрамындағы тапсырмаларға тӛмендегідей дидактикалық шарттар
қойылады:
A) барлық жауап дұрыс
B) анықтамалар мен түсініктемелерді білуі
C) формулаларды, заңдылықтарды және олардың қолданылуын білуі
D) стандартты жағдайда формула, заңдылықтарды қолдана алуы
E) стандартты емес жағдайда оқушының білім, білік, дағдыны қолдана алуы
24. Оқу-ұйымдастырушылық білік:
A) оқу еңбегінде әр оқушының ӛзін-ӛзі ұйымдастыра алуы
B) материалды топтай алуы, қорытындылай алуы
C) әртүрлі ақпарат кӛздерін пайдалана алуы
D) оқу жұмысы кезінде оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасының
дұрыс қалыптасуы
E) оқу еңбегінде әр оқушының ӛзін-ӛзі басқара алуы
25. Модульдік оқу технологиясы тұлғаның танымдық қабілетін жетілдіреді,
белсенділігін дамытады, қажеттілікті қанағатандырады, ...
A) оқу-танымдық қызығушылықты қалыптастырады
B) оқушының зерттеушілік қабілетін қалыптастырады
C) оқушыны ұдайы ізденушілікке үйретеді
D) оқушыны ӛзін-ӛзі тануға үйретеді
E) оқушыны ӛзін-ӛзі басқаруға үйретеді
Әдістемелік нұсқау. Мұнда дамыта оқыту технологиясына арналған 25 тест
тапсырмасы берілген. Тапсырмалар дәріс сабақтары барысында ӛткен
тақырыптарға негізделе отырып, жасалған. Әр сұраққа 5 жауап нұсқалары
берілген. Соның ішінде тек бір ғана дұрыс жауап бар.
Әдебиет: [1].
№7
Достарыңызбен бөлісу: |