Кесте 1. Педагогикалық технологиялардың түрлері
Ынтымақтастық педагогикасы
Білім беруді
Ізгілендіру
технологиясы
Ойын арқылы оқыту технологиясы
Проблемалық оқыту технологиясы
Модульдік оқыту технологиясы
Дамыта
оқыту
технологиясы
Өздігінен
даму
техноло-гиясы
Тірек сигналдары арқылы оқыту
технологиясы
технологиясы
Түсіндіре басқарып
оза оқыту технологиясы
технологиясы
Деңгейлік саралап
оқыту
технологиясы
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы
Оқытудың компью-терлік
техноло-гиясы
Бағдар-ламалап оқыту
техно-логиясы
7.
«Тұлғалық бағдарлы педагогика», «тұлғалық бағдарлы білім беру», «тұлғалық бағдарлы технологиялар» терминдері педагогикада 80-шы жылдардың аяғында пайда болған.
«Тұлғалық бағдарлы» сөз тіркесі білім беру үрдісінде қолданылуына байланысты біздің педагогикалық сөздікке ағылшынның "person-centered" («тұлға орталықты») және "pupil - centered" («оқушы орталықты») сөздерінің аудармасынан енгізілген. Олар Карл Роджерстің гуманистік педагогикасы және гуманистік психологиясындағы ұғымдардың бірі еді.
Тұлғалық бағдарлы технологиялар дегеніміз педагогикалық ситуацияларда нәтижеге жеткізуде қажет құралмен қамтамасыз ететін, тұлғаны дамытуға бағытталған іс-әрекеттер, операциялар мен шаралардың реттелген жиынтығы.
Бұл авторлар өз зерттеулерінде тұлғалық бағдарлы білім берудің ұстанымдарына сәйкес технологиялардың алты түрін белгілейді: оқытудың диалогты әдістері; ойын технологиялары; тренингті технологиялар; интеграцияланған тұлғалық бағдарлы технологиялар; оқу-кеңістік ортасы; сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиялары.
Осы аталған оқыту технологиялары әртүрлі болғанмен, олардың жалпы бір ұқсастығы бар: практикада олардың барлығы оқытудың сынып-сабақ жүйесінде негізделеді. Бірақ оларды практикада қолдану мынадай факторлармен қиылыспайды: ең жақын даму аймағында оқытуды ұйымдастырумен (тұлғалық бағдарлы білім беруде ең бастысы осы болып табылады); шығармашылық оқыту әдістерімен; оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне оқытудың бағытталуымен.
6.Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары.
№ 1 практикалық сабақ
Тақырып: «Педагогика тарихы» курсының теориялық-методологиялық негіздері.
Практикалық сабақ мазмұны:
1. Педагогика тарихы ғылым ретінде.
2. Педагогика тарихының пәні мен міндеттері.
3. Педагогика тарихының әдіснамалық негізі.
Мақсаты: Педагогика тарихы пәнінің теориялық-әдістемелік негіздері туралы білімдерін бекіту.
№ 2 практикалық сабақ
Тақырып: Ежелгі дәуірдегі мектеп пен тәрбие
Практикалық сабақ мазмұны: -
Ежелгі Шығыс өркениеті жағдайындағы тәрбие мен оқыту
-
Месопотамиядағы мектеп және тәрбие процесі
-
Ежелгі Египеттегі мектеп
-
Ежелгі Қытайдағы мектеп ісі мен педагогикалық ойларының пайда болуы.
Мақсаты: Ежелгі дәуірдегі мектеп пен тәрбие жүйесі туралы білімдерін тексеру, нығайту.
№ 3 практикалық сабақ
Тақырып: Ортағасырдағы педагогикалық ойдың дамуы
Практикалық сабақ мазмұны
1. Педагогикалық ойдың дамуы (В.Кейсарийский, И.Дамаскин, И.Златоуст, Кирилл, Мефодий )
2. Қайта өрлеу дәуіріндегі педагогикалық ой-пікірлер (Т.Мор, Т.Кампанелла, И.Рабле, Х.Вивес, М.Монтень т.б.).
Мақсаты: Ортағасырдағы педагогикалық ойлардың дамуы туралы білімдерін нығайту.
№ 4 практикалық сабақ
Тақырып: Я.А.Каменскийдің педагогикалық теориясы.
Практикалық сабақ мазмұны: -
Я.А.Коменскийдің көзқарастарына жалпы сипаттама
-
Ұлы чех педагогының негізгі педагогикалық идеялары
-
Я.А.Коменскийдің идеяларының мектеп пен педагогиканың дамуындағы маңызы
Мақсаты: Я.А.Каменскийдің педагогикалық теориясы туралы білімдерін тереңдету
№ 5 практикалық сабақ
Тақырып: Джон Локктың педагогикалық көзқарасы және Ж.Ж.Руссоның педагогикалық теориясы
Практикалық сабақ мазмұны: -
Джон Локктың педагогикалық теориясының негізгі ерекшеліктері
-
«Тәрбие жөніндегі ойлар» еңбегінің негізгі идеялары
-
Ағылшын-философ – педагогының дене және адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен құралдары
-
Ж.Ж.Руссоның педагогикалық теориясы
-
Ж.Ж.Руссоның бойынша жас кезеңдері олардың әрқайсысындағы тәрбиенің ерекшеліктері
Мақсаты: Джон Локктың және Ж.Ж.Руссоның педагогикалық теориясы туралы білімдерін тексеру
№ 6 практикалық сабақ
Тақырып: Француз философ-материалистері К.А.Гельвеций және Д.Дидроның педагогикалық идеялары
Достарыңызбен бөлісу: |