ІЗ – ҚЗ – ТӨ – Иг – ӨӨ – М - Ст
Мұнда:
ІЗ – іргетасты зерттеулер;
ҚЗ – қолданбалы зерттеулер;
ТӨ – технологиялық (тәжірибе-конструкторлық) өңдеулер;
Иг – игеру;
ӨӨ – өнеркәсіп өндірісі;
М – маркетинг;
Ст – сату.
Осы үлгі бойынша әзірленген іргетасты идеялар қолданбалы зерттеулерде пайдаланып, ең бірінші инновацияға сонан кейін сатып пайда табуға негіз болады. Аталған үлгі тікелей сызықтық байланыс орнатады: жүзеге асырылатын іргетасты зерттеулер көлемі неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым қолданбалы зерттеулердің көлемі арта түседі және инновация мен ендірілетін озық технологиялар саны да арта түседі. Алайда, ғылым мен техниканың дамуы соғыс өнеркәсібінің әуелетіне байланысты болғандықтан әрқашан мемлекеттің басқару аясында іске асырылады (АҚШ-та да, КСРО-да да), осы қарапайым үлгі жаңа заман жағдайында дамыған елдердің бұдан былайғы азаматтық экономикасында басым орынға ие бола алмайды. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, іргетасты зерттеулердің сатып пайда табуға ауысу нәтижесі тиімсіз болуымен қатар оны орындау мүмкіншілігі де аз болып келеді. Сызықтық үлгінің қарама – қайшылығы мынада: ол зерттеулер мен әзірлеулер, сондай-ақ ҒЗТКЖ, нәтижелерін ілгерілетумен байланысты жайттардың өріс алуына сыртқы ортаның тигізер ықпалын ескермейді және ғылым мен өндіріс арасындағы қарым – қатынастардың күрделі сипатын бейнелей алмайды. Инновациялық үдерістің жаңа күрделірек немесе интербелсенді деп аталатын үлгісін құру қажет.
Басқарылатын сызықтық емес (интербелсенді) үлгісінің сызықтық үлгіден айырмашылығына тотала кетейік:
Интербелсенді үлгі инновациялық үдерістер кезеңдерінің арасында өзара әрекеттесу болады («кері байланыс ілмегі»), сондай-ақ сыртқы орта әсері болады деп түсіндіреді. Осыған лайықты, берілген үлгі аясында бір уақытта жаңа өнімді жобалау, маркетинг және жаңа өнім шығару қатар жүреді;
Жаңа идеялар инновациялық үдерістің барлық сатыларында пайда болып әзірленеді, яғни іргетасты зерттеулер жалғыз бастамашы күш болып саналады;
Зерттеу нәтижелері инновациялық үдерісті әр түрлі пайдаланады;
Басқарымды сызықты емес үлгісі инновациялық үдерістің менеджерлері мен инновациялық өнімді тұтынушылардың рөлін ескереді. Инновация жөніндегі менеджер инновациялық үдерістің әр түрлі сатыларында шешім қабылдап, соны есепке ала отырып өзінің басқару ісін қалыптастырады.
Й. Шумпетер тәсіліне сәйкес инновацияны келесі аспектілердің кем дегенде біреуін қамтитын құбылыс ретінде бейнелеуге болады.
Технологиялық;
Қолданбалы;
Нарықтық сегмнеттеу;
Ұйымдастырушылық.
Бұл аспектілер келесі түрде сипатталады: технологиялық – жаңа техника мен технологиялық үдерісті немесе шикізаттың жаңа түрін пайдалану; қолданбалы – жаңа қасиеттерге ие жаңа тауарлар немесе қызметтер жасау; нарықтық сигменттеу – жаңа сату нарықтарының немесе жаңа тұтыну топтарының пайда болуы; ұйымдастырушылық – кәсіпорынның ұйымдық құрылымындағы өзгерістер немесе менеджменттегі жаңа әдіс – тәсілдері.
Технология. Технология, инновация құрудың негізі ретінде, әр түрлі көзқарас тұрғысынан қарастырылып, сараланады.
Оның келесі негізгі сипаттамаларын ажыратып қарастырайық:
1. Технологиялық құрылыстың кезектесіп алмасып отыруы. Әрбір уақыт сәтінде технология кеңістігі қоғамдық қайта жаңғырту циклін жалпылама қамтитын технологияның ерекше жаңа сапа тудыратын орнықты жиынтығын білдіреді. Оның ішінде өзіндік қағидасы, осы құрылыстағы технологияның жұмыс істеу тәсілі басым болады.
2. Технология инновацияны іске асырудың әмбебап түрі. Қазіргі заман зерттеушілерінің ғылыми – техникалық серпілісі бр жағынан, озық техгологиялар мен өнімдерді тарату бойынша жаңартулардың пайда болу үдерісі, екінші жағынан, озық технологиялар мен өнімдерді тарату үдерісі деген пікірлерге келіседі.
3. Логистикалық («S» тәріздес) қисық сызығы бойынша қозғалу негізінде технологиялар буынының кезектесіп алмасып отыруы. Дамуды ықтимал өзгерістердің күрделі үлгісі ретінде қарау әрбір жеке технологияның дамуын логистикалық «S» тәріздес қисық сызық түрінде жаңа қырынан талқылауға мүмкіндік береді.
Логистикалық «S» тәріздес қисық сызықтың көмегімен диффузия, технология алмастыру үдерістерін қарастыруға болады. Логистикалық қисық сызық бойымен қозғалу қандай да бір базалық параметр немесе кешенді интегралдық көрсеткіш бойынша бағаланатын технология тиімділігінің біртіндеп көтерілуін білдіреді.
Жаңа өнім (қызмет) және жаңа нарықтар. «Инновация алаңында» «қосымша» координатын сипаттай отырып, инновациялық технологияның инновациялық түрдегі өнім өндірумен өзара байланысын айтып өту керек. Ғылыми – техникалық дамуды инновация дамуының заңды және ықтимал үдерісі ретінде қарастыра отырып, оның элементтерін одан әрі бөлшектей келе 2 түрлі субстанцияға келеміз: 1) технологияға – инновацияны жүзеге асырудың шынайы, материалдық ұйымдастыру түрі ретінде және 2) өнімге – осы технологияның нәтижесі ретінде. Басқаша айтқанда, инновациялық даму жаңа технология мен өнімдердің пайда болуы мен таралуымен сипатталады.
Нарықтық экономика жағдайында технология мен өнімдердің біріккен біртұтас даму қажеттіліктің өзгеруін сипаттайтын өнімнің өмір сүру циклінде (ӨӨЦ)көрініс табады. Ол ендіру аясын тұтынушылық салаға ендіруді, өндірістің өсуін, өнімнің жетілуін, қажеттіліктің қанығуын оның төмендеуін қамтиды. Мұндай тәсіл жақын арадағы мақсаттар үшін жобаланған өнімді өндіру және сату қолайлы, бірақ тек әрекет тактикасын ғана анықтайды. Ал даму стратегиясын құру үшін инновациялық үдерістің барлық сатыларында таңдау арқылы жаңартуды басқару қажет.
Қазір инновациялық үдерістерді басқару ісінде тиісті білімі бар жаңа заман менеджерлері – инновациялық менеджерлер айрықша рөл атқаруы тиіс. Отандық ғылымның жинақталған инновация әлеуетін өнеркәсіптік ауқымда іске асыру қабілетсіздігі, ең алдымен, өнертабыстардың коммерциялық әлеуетін іске асыра алатын басқарушылардың жетіспеушілігінен болып отыр. Кәсіби менеджменттің жоқтығынан еліміз ғылыми кадрлар мен теңдесі жоқ, бірегей тәжірибесін жоғалтуда. Елде технологияны коммерциялдау және инновациялық кәсіпорындарды басқару жөніндегі инновациялық менеджер – мамандар даярлаудың кең ауқымды бағдарламасын жасап, оны іске асырудың кезі келді.
Кәсіпорынның инновациялық дамуын басқару үшін, бұл мамандар инновациялық дамудың жалпы заңдылықтарын біліп қана қоймай, соған қоса технологияны тарту және пайдалану, ұлттық жобаларды басқару, бизнес жоспарлау, жаңа өнім мен технологиядан пайда табу маңызын болжау және бағалау мәселелері жөнінде қажетті білімі болуы шарт.
Жаңартуларды ойлап табу және басты шарты – кәсіпорында оған қажетті инновациялық әлеует қажет. Ол әр түрлі ресурстар жиынтығымен сипатталады, соның ішінде:
1. Зияткерлік ресурсы (технологиялық құжаттама, жаңалықты игеру патенттері, лицензиялары мен бизнес – жоспары, кәсіпорынның инновациялық бағдарламасы).
2. Материалдық ресурстар (тәжірибе – аспаптық база, заманауи технологиялық және ақпараттық құрал – жабдық, алаңдар ресурсы).
3. Қаржылық (меншіктік, несиелік, инвестициялық, аймақтық гранттар).
4. Кадрлық (жаңащыл – көшбасшы, инновацияға ынталы персонал, қызметкерлердің ғылыми – зерттеу институттарымен және ЖООмен әріптестік және жеке байланыстары; ғылыми – зерттеу жұмыстары мен тәжірибе конструкторлық жұмыстар жүргізу тәжірибесі, жобаларға жетекшілік ету тәжірибесі).
5. Инфрақұрылымдық ресурстар (меншікті ҒЗТКЖ бөлімшелері, жаңа өнім маркетингі бөлімшесі, патент – құқық бөлімшесі, ақпарат бөлімшесі) және т.б. Аталған ресурстар кәсіпорынның жалпы ресурстық әлеуетінің бір бөлігі және оны ғылыми – техникалық әлеуеті және кадрлық әлеуеті түрінде құрылымдауға болады.
Кәсіпорынның өмір сүру циклінің сатылары және инновацияны қаржыландыру. Қазіргі уаытта сыртқы қаржыландыру көзі болмай тиімді инновациялық компания құру мүмкін емес. Қаржыландыру көздері жиынтығын жұмысты «нөлден» бастаған инновациялық кәсіпорынға өмір сүру циклінің алғашқы кезеңінен бастап есею кезеңіне дейіңгі уаытты ұтымды өтуіне мүмкіндік беретін біртұтас инфрақұрылым деп түсінуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |